Болдырмау командасы. Мәтіні бар суреттер салу

Тақырыбы: Болдырмау командасы. Мәтіні бар суреттер салу

Редакторда практикалық жұмыс.

Білімділік:

  • Компьютерлік технологияны қолдана отырып, оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлауын және өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында өзіндік ойын жеткізуге үйрету, білім-білік дағдыларын жетілдіру;
  • Оқушыларға Paint редактормен жұмыс жасағанда Болдырмау командаларын пайдаланып, суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға жұмыстың тез әрі оңай жолын іздеуге, қолайлы тәсілдерді қолдана білуге, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
  • Білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.

 

Дамытушылық:

  • Заман талабына сай жалпы ғылымилық және жалпы интеллектуалдық дағды мен біліктіліктерін қалыптастыру;
  • Ақыл-ой іс-әрекеттерін, есте сақтау, талдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту.

 

Тәрбиелік:

  • Қазіргі бағдарламалық жасауларды өмірде қолдана білуге үйрету.
  • Оқушылардың ақпараттық мәдениетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  • Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың міндеттері:

 

— Өздігімен жұмыс жасауды ұйымдастыру;

— Қазіргі қолданбалы бағдарламалар арқылы оқушылардың дағдыларын жетілдіру және қалыптастыру;

— Жеке тұлғаның дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениеттілікке  тәрбиелеу;

— Логикалық ойлауын және дүниетанымын кеңейту.

 

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

 Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы , топпен және жеке жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Paint графикалық редакторы бойынша жасалған флипчарт, слайд, таратпа тапсырмалар, тест тапсырмалары, проектор мен компьютер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру және сабаққа кіріспе /3мин/

Жаңа тақырып меңгеру /30мин/

Үйге тапсырма беру /2 мин/

Қорытындылау /7 мин/

Бағалау /3 мин/

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы: Өткен сабақта Paint графикалық редакторында құю, бүріккіш құралдарымен сурет салып үйренген болатынбыз. Соған байланысты қазір біз компьютерде  жұмыс үстелінде 002-004 суретін Paint графикалық редакторы арқылы ашып, суретті бояймыз, яғни практикалық жұмыс жасаймыз.

Тапсырма: Бүріккіш, құю құралдарын қолданып мына суреттің ішін үлгідегідей етіп боя.  Суретке «Құттықтаймын!!!» деген сөзді жазып қой.

 

 

 

 

 

 

Қараңдаршы, сендер суретті бояғанда неге бүкіл сурет боялып кетті? Қателескен әрекеттерді өшіргішпен өшіріп, тұйық сызықтарды салғанша бірсыпыра уақытты қажет етеді. Қалай ойлайсыңдар осындай әрекеттерді қалай орындауға болады, уақытты үнемдеу үшін қандай команда болу керек деп ойлайсыңдар? Ж: /Осы әрекетті Болдырмау, әрекеттерді орындатпау /

  1. Мәтінді сендер суретте қандай құралдар арқылы жаздыңдар?
  2. Мәтінді жазу сызық құралын, карындаш, қылқалам, қисық сызық құралын пайдаланғанда әріптерің қалай шықты? Қандай құралмен жұмыс істегенді қажет етеді? Ж:/А — мәтін теру құралы/
  3. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Ж: Болдырмау командасы. Мәтіні бар суреттер салу.

  1. Бүгінгі сабағымызда не үйренуіміз, нені білуіміз керек? Осыдан сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

 

 

С/Т: Редактор командалары. Болдырмау командасы. Мәтіні бар суреттер салу

С/М: Paint редактормен жұмыс жасағанда Болдырмау командаларын пайдаланып, суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға жұмыстың тез әрі оңай жолын іздеуге, қолайлы тәсілдерді қолдана білуге, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

Жаңа тақырыпты меңгеруге мәтінмен жұмыс беріледі.

Оқулықтарыңда 122-бетті ашып мәтінмен жұмыс жасаймыз: 3 топқа бөлініп мына тапсырмаларды орындаймыз да тақтада қорғаймыз.

Мәтінмен жұмыс:

  • Орындатпау командасы
  • Команданы қайталау
  • Мәтіні бар суретті салу

1 топ

 

 

 

 

Орындатпау командасы

 

 

 

 

2 топ

 

 

 

 

Қайталау командасы

 

 

 

 

 

 

3 топ

 

 

 

Мәтіні бар суретті салу

 

 

 

 

 

 

Болдырмау командасы.

Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмай жатса, оған бола қиналып қажеті жоқ. Соңғы үш әрекетті әрқашан да болдырмауға болады. Ол үшін Орындатпау /Отменить/ Правка-Отменить командасын пайдаланыңдар Ал Правка-Отменить командасын орындау соңғы әрекетті орындатпайды. Ал оның алдындағы әрекетті болдырмау үшін осы команданы тағы да бір рет қайталау қажет.

Егер бір әрекетті қателесіп алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда Правка-Повторить командасын орындап, алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Осы әрекетті үш рет қатар жасауға болады.

 

Мәтіні бар суреттерді салу.

Салған суреттеріңе мәтін қосуға болады. Ол үшін:

  1. Надпись құралын таңдаңдар.
  2. Мауспен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салыңдар.Сонда жақтау ішінде кірістіру меңзері пайда болады.
  3. Пернетақтадан қажет мәтінді енгізіңдер.
  4. Егер шрифт өлшемін өзгерту керек болса, немесе оларды курсив, қарайтылған жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал-саймандар тақтасы қолданылады.
  5. Мәтінді енгізіп, өзгертіп болғасын мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.

Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда Вид-Панель атрибутов текста командасын орындау арқылы құрал-саймандар тақтасын шығаруға болады.

 

Қайталау командасы.

Егер сендер бір әрекетті қателесіп болдырмай алып тастаған болсаңдар, немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка-Повторить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады.Оны да үш рет қайталауға болады.

 

Ендеше осы команданы пайдаланып көрейік. Осы құралды, команданы пайдаланып жаңағы суретімізді  аяқтайық.

/Не үйренгендерін айту/ Қолайлы, қолайсыз жақтарын айту.

Орындатпау командасына тапсырма: /флипчарттан

Мысық қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет салады. Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Срет дайын болар кезде, Мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа сурет салғанға Мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?

Соңғы әрекетті қалай орындатпауға болады?

3 топ жауап береді:

Ж: Правка-Отменить командасын орындау керек.

Кеңес бергендеріңе Мысық өте риза болды. Оның қуанғаны сонша, әрекетті бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр. Сенің көмегіңді күтеді.

Орындатпаған (жойылған) әрекетті қалай кері қайтаруға болыды?

 

1 топ жауап береді:

Ж: Правка – Вернуть командасын орындау керек.

 

Деңгейлік тапсырма беру:

Практикалық жұмыс. 2 деңгей

Берілген суретті салып, Ауыл планы деген атпен сақтап қой.

 

 

 

 

 


3 деңгей: Тест тапсырмасын орындау.

 

  1. PAINT редакторында қанша құрал пайдалануға болады?

а) 24

б) 10

в) 16

г) 20

  1. Тұйық контурды бояу үшін қандай құралды пайдалану керек?

а) қарындаш

б) құю

в) түс таңдау

г) барлығы дұрыс

  1. Алдыңғы (жасалған) әрекетті қайталау үшін қандай команданы орындаймыз?

а) правка – вставить

б) правка – копировать

в) правка – отменить

г) правка – повторить

  1. Қате жасалған соңғы әрекетті өшіру үшін қандай команданы орындаймыз?

а) правка – отменить

б) правка – копировать

в) правка – повторить

г) дұрысы жоқ

5.Мәтіні бар сурет салу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

а) қисық

б) көпбұрыш

в) төртбұрыш

г) А батырмасы

  1. Правка – Повторить командасының қызметі?

а) алдыңғы әрекетті қайталау

б) үзіндіні жылжыту

в) сурет салу

г) дұрысы жоқ

 

Жауабы:

1-в        4-а

2-б        5-г

3-г          6-а

 

 

 

6-а                   12-а

Критерийлері:          «5»- 6

«4»- 4

«3»- 3

 

 

Үйге тапсырма: 122 беттегі 4.3-тақырыпты оқып келу.

Бағалау:

 

 

 

 

 

Аты-жөніТоппен жұмыс №1 тапсырманы аяқтау  Мысық пен итСурет салу

2денгей

ТестҚорытынды баға
 123456
Амангелді Мәриә
Ахмеова Аққу
Аубакиров Әкежан
Аманжолов Сұлтанбек
Байрон Мәрес
Досымхан Әділхан
Есхожин Дияр
Есхожин Данияр
Жунусбаева Күмісай
Кәбір Санжар
Құмар Наргиз
Тендік Малика
Төлеубай Анель

 

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар