Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары. Принтерді орнату және баптау.
Мерзімі: 06.11.2013
Аудитория: 207
Пән: ДЭЕМ және желілердің аппараттық құралдарының кешені
Топтар: ЕТ121
Оқытушы: Зулхадылова Ф.З.
Сабақтың тақырыбы: ІІІ-бөлім. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары. Принтерді орнату және баптау.
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік: Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары туралы білім дағдысын қалыптастыру. Принтер құрылғысының жұмыс істеу принципін меңгерту.
- Дамытушылық: Принтерді орнату жолдарын игеру, принтерді баптауда кездесетін қиындықтарды шеше отырып, студенттердің есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: Студенттерді жан-жақты болуға, іздемпаздықпен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың типі: өткен сабақты пысықтау
Қолданылатын технология: ИКТ-технологиясы
Сабақта қолданылатын оқытудың формалары: топтық
Тақырып бойынша пайдаланылатын түйін сөздер: принтер, фотобарабан, лазерлісәуле,бағыттаушы линза, айналмалы айна,сәуледиодтық, матрицалық, лазерлік.
Көрнекілігі: Компьютерлер, WINDOWS ОЖ, Интерактивті тақта, презентациялар, флипчарттар, бағалау парақтары
Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап,іздену, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Тақырып бойынша оқушылар нені білуі керек:
- принтер түрлерін;
- принтердің спецификалық қасиеттерін;
- принтерді орнату да интерфейс элементтерін;
- принтерді баптауда техникалық қателерді шешу;
Оқушылар істей білуі керек:
- принтерді қосу;
- принтерді орнату;
- принтерді баптау;
Оқушылар нені үйренуі керек:
- Принтер құрылғысын толыққанды пайдалануды;
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Студенттермен амандасу;
- Топты түгендеу;
- Жүргізілетін жұмыс ережесімен таныстыру, сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу;
- Студенттерге бағалау парағы таратылады;
- Студентерді топқа бөліп, сабақтың мақсатына жету үшін келесі кедергілерден өтеміз:
- І кедергі «Үй жұмысы»
- ІІ кедергі «Еске түсір»
- ІІІ кедергі «Ойлан тап»
- ІV кедергі «Практиктарды тексер»
- V кедергі «Кім жылдам»
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, І кедергі «Үй жұмысы»[флипчарт.1]
- Екі топқа берілген тақырыптар бойынша жобаны көру және қорғау;
Презентацияны бағалауға қойылатын талаптар:
- Презентация мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі; (1 ұпай)
- Презентацияны безендірудің өзіндік стилі; (1 ұпай)
- Слайдтар саны; (1 ұпай)
ІІІ Негізгі бөлім
ІІ кедергі «Еске түсір» Флипчартта берілген анықтамаларды құрылғы атауларына сәйкестендіру. [флипчарт.2]
Флипчарт бойынша сұрақтарды шешеміз, сұрақ ағылшын тілінде берілген, аударып жауап береміз. [флипчарт.3]
1.Принтер қандай құрылғы?
2.Қандай басылымды қолайлы басылым дейді?
3.Сия бүріккіш принтердің кемшілігі?
4.Матрицалық принтердің артықшылығы?
ІІІ кедергі «Ойлан тап» [флипчарт.4]
Флипчартта берілген сызба-схеманы талдаймыз
ІV кедергі «Практиктарды тексер» [флипчарт.5]
Топтар аталған тақырып бойынша практикалық жұмыс орындайды.
V кедергі «Кім жылдам» [флипчарт.6]
Тест жұмысын орындау арқылы білімді жүйелейміз.
1.Бірінші матрицалық принтердің бастиектерінде неше ине болды?
А. Он
Б. Тоғыз
С. Сегіз
Д. Алты
Е. Бес
2.Сия бүріккіш принтер матрицалық принтермен салыстырғанда немен ерекшеленеді?
А. Құрлысы және басушы бастиегімен
Б. Құрылыс және түтіктерімен
С. Ерекшелігі жоқ
Д. Микробөлшектерімен
Е. Құрылысы және сия түтіктері
3.Лазерлі принтердің ең маңызды бөлігі?
А. Жарықтандыратын фотобарабан
Б. Құрылыс және түтіктерімен
С. Айналмалы фотобарабан
Д. Лазерлік сәуле
Е. Айналмалы айна
4.Сәуледиодтық принтердің лазерлік принтерден айырмашылығы?
А. Айналмалы айна технологиясы
Б. Полиграфиялық макет технологиясы
С. Диодтық сәуле технологиясы қолданылады
Д. Микробөлшек технологиясы қолданылады
Е. Бір лазер емес, бірнеше жарық диодтары бар сызғыш қолданылады
Сабақты бекіту.
Студенттер білімін бағалау:
Сабақ соңында әр оқушы өзінің білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай өз білімдерін бағалайды. Оны бағалау мониторнигі арқылы іске асырылады.
Рефлексия.
- Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
- Қиын және жеңіл тұстары болды ма?
- Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
- Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
- Ұсыныстарыңыз бар ма?
Сабақты қортындылау.
- Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Не үйрендік?
- Келешекте не үйренгіміз келеді?
Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау. Терминдерді қайталау.