Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны
8сынып биология пәні
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны.
Сабақтың мақсаты:
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ типі : аралас
Құрал –жабдықтар: Интерактив тақтасы, презентация
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1-ші тапсырма :
Санмен тізбеленген белгілердің қай буынаяқтыларға тән екенін кестеге толтырыңдар:
Шаянтәріздестер | Өрмекшітәріздестер |
1.Зәршығару жүйесі –жасыл бездер
2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады
3.Жүретін 8 аяғы бар
4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары
5.Тыныс алу мүшесі-желбезек
6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік
7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән
8.Хитинде нәруыз көбірек болады
9.Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді
10.Көздері қарапайым құрылысты
11.Циклоп,дафния,таңқышаян
12.Кене, құршаян,бүйі
2-ші тапсырма : Сәйкестігін тап:
Мамықкене
| Мөлшері 0,2-1,0 мм ,өрмек бездері болады
| |
Қышыма кене
| Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады
| |
Алма кенесі
| Мал шаруашылығына зиян келтіреді
| |
Тайгалық кене
| Азық-түлік қорын бүлдіреді
| |
Қамба кенесі
| 7-9 рет ұрпақ береді;алма,алхорыны зақымдайды
| |
Нәзікбас кене
| әкаяқ ауруын туғызады
| |
Берішкене
| адамда қышыма ауруын туғызады
| |
Өрмеккене
| энцефалит ауруын жұқтырады
|
ІІІ Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Жоспары:
- Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы
- Бунақденелілердің даму жолдары
- Бунақденелілердің маңызы
- Зиянды бунақденелілер
ІV Тақырыпты бекіту
Сандық диктант 1 – “ иә” 0- “ жоқ”
1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады
- Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ
- Демтүтік арқылы тыныс алады
- Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.
- Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.
- Имаго-дернәсілдің бір түрі.
- Инелік толық түрленіп дамиды.
- Қанқыз –зиянды жәндік.
- Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер
- Энтомология –бунақденелілерді зерттейді
- Диктант жауаптары:
- 1-1
2-0
3-1
4-0
5-1
6-0
7-0
8-0
9-1
10-1
V қорытынды бөлім
- Сипаттаңыз
- Салыстырыңыз
- Ұсыныс жасаңыз
VІ Үйге тапсырма: § 47; тапсырмалар 1,2 / 223 бет/