Мәтінді кесте түрінде безендіру
Тақырып: Мәтінді кесте түрінде безендіру
Мақсат: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде ұйымдастыру туралы білімдерін қалыптастыру. Кесте құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды мәтінді кесте түрінде безендіру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың мәтіндік процессорлармен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ — жауап
Құрал-жабдықтар компьютер — 8, бейнепроектор – 1, жұмыс дәптері, ActiveStudio программасы, ActivePen, ActiveBoard
Пайдаланылған әдебиеттер 1) Н.Т.Ермеков, Информатика, 10 сынып, оқулық, ҚГБ
2) Н.Т Ермеков, Информатика 10-11 класс, Базалық курс
3) Е. Халықова “Информатика оқыту әдістемесі”
4)“Информатика негіздері” журналдары
5) Б. Бөрібаев «Информатика пәнінен 30 сабақ »
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі(2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру(3-5 мин).
Сұрақтар:
- Мәтінді форматтау әрекеттері?
- Тізім түрлері?
- Тізім жасау қалай жүзеге асырылады?
- Қаріп терезесінде қандай өзгертулер жүргізуге болады?
- Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
- Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин):
Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.
Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады.
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
- Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау
- Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету
- ОК батырмасын басу
Кестені қолмен де дайындауға болады – бұл тәсіл әдетте күрделі кестелерді дайындау үшін пайдаланылады. Кестені дайындау үшін Кесте (Таблица) менюінің Кестенің суретін салу (Нарисовать таблицу) командасын орындау керек.
Кестені тез безендіру үшін кестені безендіру мәнері таңдалатын таңдауға арналған терезені шақыратын Кестенің автоформаты (Автоформат таблицы) командасын пайдалануға болады (7 сурет).
«Кестелер мен шекаралар» аспаптар тақтасы
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и границы) аспаптар тақтасында кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар (8 сурет).
Сергіту жаттығулары (2 мин)
Кестелермен немесе оның бөліктерімен қандайда бір әрекетті орындамастан бұрын оны ерекшелеп алу қажет.
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и Границы) тақтасы батырмаларының міндеті:
- Кестені құру (Создать таблицу) – кестенің немесе оның элементтерін (жолын, бағанын, ұяшығын) дайындауға арналған
- Өшіргіш (Ластик) – кесте шекарасының сызықтарын жояды
- Сызықтар типі (Тип линии) – кесте шекарасының типін тағайындайды
- Сызықтың қалыңдығы (Толщина линии) – кесте шекарасының қалыңдығын тағайындайды
- Шекараның түсі (Цвет границ) — кесте шекарасының түсін тағайындайды
- Шекара менюі (Меню Границы) – таңдалынған шекараларды ерекшелейді
- Кестені кірістіру менюі (Меню Вставить таблицу) — жаңа кестені немесе оның элементтерін кірістіреді
- Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) –ерекшеленгендерді бір ұяшыққа біріктіреді
- Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) – ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі
- Теңестіру (Выравнивание) – ұяшықтардың ішінде мәтінді теңестіруді тағайындайды
- Жолдарды теңестіру (Выравнивание строк) – жолдарды биіктігі бойынша теңестіреді
- Бағандарды теңестіру (Выравнивание столбцов) – бағандарды ені бойынша теңестіреді
- Автоформат – Кестелерді безендіру мәнерін тағайындайды
- Мәтіннің бағыты (Направление текста) – ұяшықтағы мәтіннің бағытын өзгертеді
- Сұрыптау (Сортировка) и — ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді өсуі және кемуі бойынша сұрыптайды
- Автоқосынды (Автосумма) – ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді қосындылайды.
5) Жаңа тақырыпты бекіту(10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
- Кесте дегеніміз не?
- Кесте мен шекара тақтасы батырмаларының міндеті?
- Кестені құру әрекеттері?
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға мәтіндік процессорларда тізім құру туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма Кесте құру.