Резюме

Сабақ тақырыбы: Резюме.

Сабақтың мақсаты: Резюме құрастыруды практикалық жолмен меңгерту.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Резюме

Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді.

Түйіндеме — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіңдеме сіз туралы толық мәлімет беруі үшін, онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз — өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу.

Жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің 2 жолы бар: хронологиялық және функционалдық.

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрғен жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады.

Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметі жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені басты назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, оңда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1991—1999 жылдар аралыгында Машина жасау заводында экономист, ага экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқардым «.

Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екенідігі түйіндемеде бір сөзбен айтылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.

Сонымен, типтік түйіндеменің құрылымы төмендегідей болады;

1)  құжат аты;

2)  ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері);

3)  ізденушінің мекен-жайы, телефоны;

4)  түйіндеме авторы үміттеніп отырған вакансия;

5)  істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;

6)  қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;

7)  кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.);

8)  ғылыми дәрежесі, марапаттары туралы мәлімет (бұл жөнінде жазу міндетті емес);

9)  үміттенген вакансияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі (бұл бөлім де міндетті емес);

10) қосымша ақпарат (ізденуші қалауынша жазылады);

11) кепІлдеме;

12) түйіндеменің жазылған күні;

13) ізденуші

 

 

 

 

Резюме

Жүнісова Айнұр

Мекен-жайы:   Астана қ.

Кенесары көшесі, 225-үй, 72-пәтер

Үй тел. 36-75-92

Жұмыс тел. 32-43-02

Өзім туралы:

Туған күні, айы, жылы:   01.03.73 ж.

Ұлты:   қазақ

Отбасы жағдайы:   тұрмыста

Білімі:   Астана қаласындағы

көлік және коммуникациялар

инженерлерінің институты, инженер.

Жұмыс тәжірибесі:   Локомотив депосында инженер болып істеді. 1996-1998 ж.

1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін “Қазақстан темір жолы ” ЖАҚ Ұлттық  компаниясында бас маман болып істейді.

Біліктілігі және білімділігі:   қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін,ағылшын  тілі – сөздікпен аударады, компьютерде жұмыс істей алады.

Қосымша мәліметтер:   спортпен шұғылданады, бимен айналысады.

Қызығушылығы:   компьютер