Информатикадан 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы СТО арқылы

Информатикадан 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы СТО арқылы

Сыныбы:  

Күні:

Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Паскаль тілінде есептер шығара отырып, есепті кезең бойынша шығару, құрамы күрделі операторларды тиімді пайдалану, бір – бірінің пікіріне құретпен қарау.

Күтілетін нәтиже:

  • Паскаль тіліндегі есептің қойылымын ашып көрсете алады;
  • Шартты операторларға есептер шығару;

Не арқылы бағаланады:

  • Сызба арқылы есепті құрай алады;
  • Есепте шартты операторларды қолдана алады;

I.Қызығушылықты ояту

II.Мағынаны тану.

1 – есеп.

Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер   олардың екеуі бір-біріне тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, «бәрі тең» деп жазу керек.

Шешуі:

program esep1;

var a,b,c:integer;

begin

writeln(’үш сан енгіз’);

read(a,b,c);

if (a<>b) and (b<>c) and (a<>c) then writeln(‘жоқ’)

else if (a=b) and (b=c) and (a=c) then writeln(‘бәрі тең’)

else writeln(‘екеуі тең’);

end.

2 – есеп.

Екі үшбұрыш  қабырғалары a, b, c және d, e, f  берілген. Қайсы үшбұрыштың ауданы үлкен екенін анықтау  қажет.

Шешуі:

program esep2;

var a,b,c,d,e,f,p1,p2,S1,S2:real;

begin

writeln(’1-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);

readln(a,b,c);

writeln(’2-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);

readln(d,e,f);

p1:=(a+b+c)/2;

p2:=(d+e+f)/2;

S1:=sqrt(p1*(p1-a)*(p1-b)*(p1-c));

S2:= sqrt(p2*(p2-d)*(p2-e)*(p2-f));

if S1>S2 then writeln(‘үлкені 1-үшбұрыш, ауданы =’, S1:8:2)

else writeln(‘үлкені 2-үшбұрыш, ауданы =’, S2:8:2)

end.

 

III.Ой толғаныс.

Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөніПаскаль тіліндегі есеп

(1 балл)

1 – есеп

(2 балл)

2 – есеп

(2 балл)

Қорытынды баға
1
2
3
4
5