Құжатқа сурет кірістіру
Сабақтың тақырыбы: Құжатқа сурет кірістіру
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың мәтіндік редактормен жұмыс жасау білім,біліктерін кеңейту және дағдысын жүйелеу .
- Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану
дағдыларын қалыптастыру, оқушы ойын дамыту.
- Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, ұқыптылыққа,
сауаттылыққа тәрбиелеу,еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: прктикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Пән аралық
байланыс: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, сурет пәні.
Көрнекілігі: компьютер, MS Word программасы, интерактивті тақта,проектор,
слайд, бағалау парағы, тест тапсырмалары, таратпа тапсырма.
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында ауызша сұрақтар қою.
- Қандай программамен жұмыс жасап жатырмыз? ( MS Word пр-сы).
- Программа қандай түрде ашылады? (Құжат түрінде)
- Қолданылу саласы?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин.
Word –тың қандай мүмкіндіктерін білеміз?
Word-ты жіктеу (интерактивті тақтада оқушылар жазып шығады)
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту 10 мин.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын жетелей сұрақ қою.(ой қозғау)
MS Word-та жұмыстың қандай түрлерін жасай аламыз?
(Құжат құрамыз,құжат беттерін өңдейміз,мәтінге формула кірістіру,бетті нөмірлеу,бетті қоршау,бетке колонтитул қоя аламыз,т.б.)
Берілген құжаттың мазмұнына сәйкес сурет кірістіре аламыз ба? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып,жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
Бүгінгі жұмыс тақырыбымыз : «Құжатқа сурет кірістіру» .Экраннан слайд арқылы көрсету.
Оқушыларға сұрақ:
Құжатқа суретті қандай әдістер арқылы кірістіруге болады ?
Суреттерді қою және олардың пішіндерін өзгерту
- Негізгі менюде келесі әрекетті орындаңыз Вставка | Рисунок | Картинки.
2.Сұхбат терезесіндегі колекцияның ішінен картиналарды таңдап маус батармасын басамыз.
Қандай суреттерді кірістіре аламыз?(мәтін мазмұнына байланысты, қалауымызша барлық суреттерді)
Мақсатымыз: Word -тың мүмкіндіктерін пайдаланып, іс жүзінде қолдану.
Міндетіміз: (жетелей сұрақ қоя отырып,міндеттерді айқындау).
- Word редакторы бойынша өткен материалдарды еске түсіру;
- Бұрынғы білімімізді бүгінгі алатын ақпаратпен толықтыру;
Жаңа материалды түсіндіру оқушылармен бірлесе отырып орындалады. (Интерактивті тақтада оқушылардың көрсетуімен).
Сабақтың тақырыбын, құжатқа сурет кірістіру әдістерін және термин сөздерді дәптерге жазамыз.
Вставка-кірістіру
Рисунок-сурет
Картинки-сурет
Положение-орналасуы
Жаңа білімді бекіту. 20 мин.
29 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауымен бәріміз таныспыз.
Word редакторы бойынша алған білімізді пайдаланып осы жолдаудың «Адам –елдің басты байлығы» атты 4-тарауын буклет түрінде өңдейміз.Оқушылардан Жолдау туралы пікірлерін сұрау.
Оқушылар компьютерге отырып, жұмыс үстелінде сақталған Жолдаудың мәтінін іске қосады.
Берілген деңгейлік тапсырмалар бойынша практикалық жұмысты орындау арқылы жаңа білімді бекіту.
І деңгей
1.Жолдау тақырыбын жазу.
шрифт түрі — Times New Roman
түсі – көк, жирный,курсив
мөлшері – 18
2.Жолдаудың бөлімдерін беттерге бөлу
3.Бірінші беттің төменгі жағына «Астана-2010» сөзін енгізу
ІІ деңгей
1.Бөлім тақырыптарын өңдеу:
түсі – көк, жирный,курсив
мөлшері – 14
- 2. Бөлім мәтіндерін өңдеу
3.Бет номерін қою
ІІІ деңгей
1.Мәтін мазмұнына сәйкес суреттер кірістіру
2.Суреттерді әр түрлі әдіспен орналастыру, пішімдеу
- Бетті қоршау (жиектеу)
Жаңа сабақ бойынша теориялық білімді тексеру компьютерлік тест арқылы орындалады.
Тест сұрақтары:
- Формат- Буквица командасы:
1) Белгіленген фрагменттің барлық әріптерін өзгертуге
2) Абзацтық шегіністерді анықтауға
3) Белгіленген фрагменттің бірінші әрпін өзгертуге
- Қаріпті өңдеу қай команда арқылы орындалады?
1)Правка-Шрифт
2) Вставка — Шрифт
3) Формат — шрифт
- 3. Мәтінге кесте кірістіру
1) Таблица-Вставить-Таблица
2) Вставка-таблица
3) Формат — таблица
- Мәтінді бағанға бөлу
1) Вставка-Колонки
2) Формат — Колонки
3) Правка — Колонки
- Бет нөмірін қою
1) Вставка-Номер страницы
2) Формат — Номера страницы
3) Сервис — Номерстраницы
6.Мәтінге сурет кірістіру
1)Правка-Рисунок
2) Формат — Рисунок
3) Вставка — Рисунок
7.Сақталған құжатты қалай ашамыз?
1)Файл-Открыть
2) Правка -Открыть
3) Формат-Сохранить
8.Құжатты қағазға басу
1)Файл-Печать
2) Правка -Печать
3) Формат-Печать
9.Құжат бетіне колонтитул қою
1) Вставка- колонтитул
2) Формат – колонтитул
3) Вид — колонтитул
- 10. Мәтіндік редакторының қызметі?
1) Сурет салуға арналаған
2) Есептеуге арналған
3) Мәтін өңдеуге арналған
Тест компьютерде орындалады, нәтиже компьютерде бағаланады
Қорытындылау. 2 мин.
Бүгінгі күн талабына байланысты барлық салада құжатты компьютерде өңдеу талап етіледі.Бұл мәселені шешуге бізге көмектесетін Word редакторы туралы
оқушылардың жауабымен сабақты қорытындылау.
Бағалау 4 мин.
Бағалау парағы бойынша оқушы бағасын талдау.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ | ||
№ | Тапсырма атауы | Баға |
1 | Ауызша жауап | |
2 | Практикалық жұмыс | |
3 | Тест | |
Қорытынды баға |
Үйге тапсырма: 1 мин. Құжатқа сурет кірістіру.