Бумалармен және файлдармен орындалатын негізгі операциялар

Сабақтың тақырыбы:   Бумалармен және файлдармен орындалатын негізгі операциялар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бумалармен және файлдармен орындалатын                      көшіру, өшіру, атын өзгерту және орнын ауыстыру сияқты                      негізгі операциялармен таныстырып, сол операцияларды                      практика жүзінде орындауға үйрету.

Дамытушылық: дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін                       белсендендіру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке                     баулу.

Сабақтың түрі:   аралас сабақ.

Көрнекілік:  компьютер, мультимедиялық проектор, үлестірмелі

карточкалар.

Сабақтың жүргізілу барысы:

І.   Ұйымдастыру бөлімі /3 мин./

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау / 15 мин./

ІІІ. Тапсырмамен жұмыс жасау. /30 мин./

ІV. Сабақты бекіту/5 мин./

  1. Үйге тапсырма /2 мин./
  2. Сабақты қортындылау./5 мин./

 

І.  Ұйымдастыру бөлімі /3 мин./

 

Кабинет даярлығы, тазалығы; оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу. Бүгінгі сабақтың жүргізілу барысымен таныстырып, оқушыларды сабаққа ынталандыру.

 

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты қорытындылауға байланыты сұрақтар.

  1. Файлдық жүйені басқару деген нені білдіреді?
  2. Файлдық жүйені басқаруға мүмкіндік беретін объектілер қандай объектілер? Атап, қысқаша анықтамасын бер. Оларды іске қалай қосамыз? (Екі компьютерде бір оқушы «Мой компьютер», екіншісі «Проводник» бумаларлын ашады). Бір көргенде айырмашылығы қандай?
  3. «Мой компьютер» терезесіне сипаттама беру, мұндағы объектілермен жұмыс істеу үшін терезенің қандай элементтерін пайдаланамыз?
  4. «Проводник» терезесіне сипаттама беру, мұндағы объектілермен жұмыс істеу үшін терезенің қандай элементтерін пайдаланамыз?

Сонымен, біз файлдық жүйені басқаруға мүмкіндік беретін объектілермен таныстық. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшеліктерін білдік.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты — «Мой компьютер» немесе «Проводник», осы екі объектінің біреуінде файлдармен және папкалармен орындалатын негізгі операцияларды – оларды құру, көшіру, өшіру, өшірілген файлдарды қалпына келтіру, олардың орнын ауыстыру, аттарын өзгерту сияқты амалдарды орындауға үйрену.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, қатаң түрде мынаны ескертемін! Бағдарламамен жұмас жасағанда өте абай болу керек: себебі егер ол жойылып кетсе немесе орны ауысып, аты өзгерсе, сіздер оны қайта құра алмайсыздар немесе ол бағдарлама жұмыс жасамай қалады. Сондықтан әбден үйреніп, дағдыланғанша, тек мұғалімнің нұсқауымен ғана жұмыс жасауға тиіссіздер.

Әр оқушының алдына лабораториялық-практикалық жұмыстың мазмұны таратылады. әдістемелік құрал – схемалардың көмегімен әрбір орындалатын операция қысқаша түсіндіріліп, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен алдарындағы жұмыс мазмұнына қарап отырып, тапсырманы орындайды.

Тапсырма мазмұны төмендегідей.

 

ІІІ. Тапсырмамен жұмыс жасау.

 

  1. Жаңа бума құру

1.1. Жүйелік менюдің көмегімен:

  • Мой компьютер немесе Проводник бімасынан С: бумасын ашыңдар (С: бумасынан жаңа бума ашу керек).
  • Файл→Создать→Папка командаларын орындаңдар.
  • Терезеде аты әлі жазылмаған жаңа бума пайда болады, Колледж деп жаңа ат енгізіңдер.
  • Enter пернесін басыңдар.
  • Колледж бумасын ашыңдар және оның ішінен Группа бумасын құрыңдар.
  • Группа бумасын ашып, оның бос екеніне көз жеткізіңдер.
  • Ашылған терезелердің бәрін жабыңдар.

1.2. Жанама менюдің көмегімен құру.

  • Тышқан көрсеткішін С: бумасы терезесінің бос аймағына әкеліп, жанама менюді шақырыңдар.
  • Создать→Папка командасын орындаңдар.

 

 

 

 

 

  1. Файлды, буманы көшіру

2.1. Жүйелік меню және жанама меню командаларының көмегімен:

  • Мои документы бумасын ашыңдар және doc1 файлын белгілеңдер.
  • Жүйелік менюден Правка→Копировать немесе жанама менюден Копировать командасын орындаңдар.
  • Өздерің құрған Колледж бумасының ішінде орналасқан Группа бумасын ашыңдар.
  • Осы бума терезесінің жүйелік менюінен Правка→Вставить немесе жанама менюден Вставить командасын орындаңдар.
  • Жаңағы өздерің көшірген doc1 файлының әртүрлі бумаларда екі көшірмесі бар екеніне көз жеткізіңдер.

2.2. Тышқанның көмегімен тасу арқылы.

  • Колледж және Мои документы бумаларын ашып, экранда екеуі де бірдей көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
  • Мои документы бумасынан doc2 файлын табыңдар және Ctrl пернесін басып тұрып, оны Группа бумасына көшіріңдер.
  • Бірінші тышқан батырмасын, сосын Ctrl пернесін босатыңдар.
  1. Файлдардың, бумалардың орындарын ауыстыру

3.1. Жүйелік меню және жанама меню командаларының көмегімен:

  • Колледж бумасында орналасқан Группа бумасын ашыңдар.
  • Группа бумасындағы өзіміз көшірген файлды белгілеңдер.
  • Жүйелік менюден Правка→Вырезать немесе жанама менюден Вырезать командасын орындаңдар.
  • Қиып алынған объектіні орналастыру үшін, Колледж бумасына ауысыңдар.
  • Колледж бумасының терезесінде жүйелік менюінен Правка→Вставить немесе жанама менюден Вставить командасын орындаңдар.
  • Группа бумасындағы doc2 файлының Колледж бумасына орын ауыстырғанына көз жеткізіңдер.

Бумалардың орындарын ауыстыру осылай жүргізіледі.

3.2. Тышқанның көмегімен тасу арқылы.

  • Колледж бумасын және оның ішінде орналасқан Группа бумасын ашып, экранда екеуі де бірдей көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
  • Группа бумасынан doc2 файлын табыңдар және Shift пернесін басып тұрып, оны Колледж бумасына апарып орналастырыңдар.
  • Бірінші тышқан батырмасын, сосын Shift пернесін босатыңдар.
  • Группа бумасындағы doc2 файлының Колледж бумасына орын ауыстырғанына көз жеткізіңіздер.
  1. Файлдың және буманың атын өзгерту
    • Колледж бумасындағы doc2 файлын белгілеңдер.
    • Жүйелік менюден Файл→Переименовать немесе жанама менюден Переименовать командасын орындаңдар.
    • Студент деп жаңа ат енгізіңдер.
    • Enter пернесін басыңдар немесе терезенің бос аймағында тышқан батырмасын басыңдар.

 

  1. Файлдарды және бумаларды өшіру
  • Колледж бумасындағы өшірілуге тиісті Студент файлын белгілеңдер.
  • Жүйелік менюден Правка→Удалить немесе жанама менюден Удалить командасын орындаңдар. Delete пернесін де басуға болады.
  • Файлды Себетке жөнелту жөніндегі сауалға тиісті жауап беріңдер.
  • Студент файлының Колледж бумасынан өшірілгеніне көз жеткізіңдер.
  1. Өшірілген объектілерді қайта қалпына келтіру және

біржолата жою

Себетті ашыңдар және Студент файлын тауып, белгілеңдер. Қажет болса, ФайлВосстановить командасымен қайтарып алуға болады. Ал қажет болмаса, ФайлОчистить корзину немесе удалит командалары арқылы біржолата өшіруге болады.

Себет (Корзина) – біз өшірген объектілер бірден жойылмай, уақытша себетке барып түседі.Егер сіз байқаусызда өшірген объект болса, онда оны қайтарып алуға болады. Ал мүлдем қажет емес объектіні біржола жоюға болады.

 

ІV. Сабақты бекіту

1.Жаңа бума құру

2.Файлды, буманы көшіру

3.Файлдардың, бумалардың орындарын ауыстыру

4.Файлдың және буманың атын өзгерту

5.Файлдарды және бумаларды өшіру

6.Өшірілген объектілерді қайта қалпына келтіру және біржолата жою операциялары.

 

  1. Үйге тапсырма

VІ. Сабақты қортындылау.

 

Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша, сабақ үстінде орындаған тапсырмаларын және бекіту сұрақтарына берген жауаптарын ескеріп білімін бағалау.

 

 

 

 

Аты –жөні

 

 

 

 

Үй тапсырмасы1 тапсырма2 тапсырма3 тапсырма4 тапсырма5 тапсырма6 тапсырмаҚорытынды баға
1Андрейқызы Г.55555555
2Беккалиева А.44545454
3Бисенбайқызы А.55555555
4Габдуллин А.34344333
5Гайсин Ж.44445544
6Ихсанов М.34433343
7Куспаева А.44444444
8Сағатова Г.44454444
9Умирзакова А.55555555