Браузерлермен жұмыс Ғаламтор қызметі.
Өндірістік оқыту сабағының жоспары
Бағдарлама тақырыбы: №9 Браузерлермен жұмыс.
Сабақтың тақырыбы:№3 Ғаламтор қызметі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушылардың ғаламтордың қызметі туралы білімдерін жүйелеу. Өткен тақырыптардыбекіту, қайталау. Ғаламтор туралы түсініктерін кеңейту. Ғаламтордың мүмкіндіктерін және түрлерін меңгеру, тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Дамытушылық:Ақпараттық іздестіру порталдарымен жұмыс. Интернетте ақпаратты дұрыс іздеуді, қолдануды тәжірибеде пайдалану дағдыларын бекіту.Логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыстануын дамыту. Өзін – өзі бақылау, бағалауға үйрету.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Cабақтың әдісі: Оқытудағы белсенділік және интенсивтік
Материалды-техникалық жабдық: презентацияслайдтарынқолдану, электрондық оқулық, компьютер, нұсқау парақтары, тапсырмалар.
Пән аралық байланыс: информатика, тарих, физика, экономика.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
КІРІСПЕ БӨЛІМ
І.Ұйымдастыру бөлімі: 3-5 мин
1.Амандасу.
- Сабаққа қатысуын тексеру.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
-СабағымыздыН.Ә.Назарбаевтың «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиісдеген сөзімен бастайық.
— Бүгінгі Сабағымыз қызықты және сендердің осы өмірде қажетті болады деп ойлаймын.
Сабақтың жоспары:
- Ой салу… /Нұршат, Меруерт, Гүлсара, Жасұлан, Айман/
- «Х және О» ойыны
- Білген сайын келеді біле бергің
- Іздеген жетер мұратқа
- Ой қозғау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын қайталау ретінде, «Х және О» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.
- Модем дегеніміз не? (Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.)
- Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)
- Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
- Интернетке қосылу үшін не қажет? (Дербес компьютер, Модем, Телефон жүйесінің желісі кодтық байланыс, Интернет жүйесінің номерін білу қажет.)
- Компьютерлік желі дегеніміз не? (Ресурстарды (принтер, дискі, коммуникациялық құрылғы) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі)
- Браузер түрлерін ата? (Internet Explorer , опера, мазила, хром, )
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- WWW дегеніміз не? (World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІІ. «Білгім келеді!»
Қателеспесем Осы жерде отырған бәріміз Ғаламторды пайдаланамыз. Не үшін, қандай мақсатта пайдаланамыз?
Ғаламтор қызметтеріне не жатады:
Интернет байланыс.
Қазіргі замандағы интернет байланыс түрлері – Skype, Mail.Агент, Chat, ICQ, Fasebook, Tvitter. Интернет видеотелефон байланысы. Адам арасындағы байланыс.
Интернет теледидар
Интернет арқылы бүкіл әлемдік теле арналарды онлайн режименде көруге болады. Мысал ретін мен сіздерге Қазақстан ұлттық теле арнасын онлайн қосып берейін.
Интернет радио
Интернет арқылы бүкіл әлемдік радио желісін онлайн режименде тыңдауға балады. болады. Мысал ретін мен сіздерге Радио FM онлайн қосып берейін.
Іздеу жүйелері
Интернет жүйесінде мәлеметтерді іздеуге арналған арнайы программалар бар. Көбінесе іздеу қызметтерін көлемді мәлеметтерді сақтай алатын серверлік компьютерде қуатты іздеу компаниялар жүргізіледі. Іздеу қызметі тегін атқарылады, дегенмен оны ұйымдастыру бизнестің ең пайдалы түріне жатады. Бірнеше жыл шінде ——- іздеу жүйелерінің ұйымдастыру жобаларының бюджеті 10-15 долларлы көлемді қамтыды, ал олардың қазіргі бағасы -15 миллионнан кем түспейді.
Электрондық пошта
E-mail – интернет арқылы хат-хабарлама жазып, өзара байланысатын электрондық пошта. Оны пайдалануүшінинтернеткеқосулы компьютер, арнайы браузер немесепоштаклиентібағдарламасыболсажеткілікті.
Электрондық пошта тиімділігі:
Хаты кез-келген уақытта оқуға болады;
Хаты кез-келгенуақыттажіберугеболады;
Хаттың тез бару мүмкіндігі ;
Электрондық поштаны құрған кезде:
«Бұл қызықты!!!»
— Бүкіләлемдік ғаламторға қанша жыл?/Торғын/
1980 жылы ағылшын физигі Тим Бернес-Ли Женевадағы Европалық CERN лабораториясына бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі қызметінің кеңесшісі ретінде бар болғаны жарты жыл жұмыс істеді. Ол өзін жақсы жағынан көрсеткенімен лабораторияның толыққанды қызметкері ретінде тек 1984 жылы қабылданған. Дәл осы уақытта ол ғылыми зерттеулердің нәтижесі мен кейбір мәселелерді шешуге кірісті.
1989 жылы алға қойған мақсатына жетіп, 1990 жылдың күзінде CERN қызметкерлері Тимнің жазуы бойынша алғашқы рет «веб-сервер», «веб-броузерді» пайдалануға қол жеткізді. «WWW» – «WORLD WIDE WEB» (Бүкіләлемдік ғаламтор) европалық жобаның тиімділігі өз нәтижесін береді. Ал 1991 жылдың жазында бұл жобаны америкалық «INTERNEТ» жобасы басшылыққа алған, бүгінде бүкіләлемдік ғаламтормен біз күнделікті пайдаланамыз.
— Байланыс қызметін қанша адам пайдалануда? /Ораз/
Мұның қанша екенін ешкім дәл айта алмайтынын дұрыс түсіне білуіміз керек. Себебі, пайдаланушылар саны әрбір секунд сайын өзгеріп тұрады.
2009 жылдың 31 наурызына дейін желіні пайдаланушылардың саны 1,6 миллиард шамасына жеткен.
— Интернетті кім басқарады? /Айман/
Ешкім емес. Себебі, интернетте орталық жоқ, ол бүтін нәрсе емес, оның желілік ресурстарының толық тізімі белгісіз. Сондықтан да ешкім басқара алмайды. Сонымен қатар, интернетте жұмыс істеу үшін қажет жабдықталу мен бағдарламалық қамтамасыз етудің басшылары кездесіп қалады. Сондықтан да интернет тегін емес. Коммерциялық желілер ұлттық корпорацияларды басқарып, интернетте жұмыс істеуді ұлттық негізде қамтамасыз етіп, неғұрлым ұсақ жергілікті желілерді байланыстырады.
1982 жылы желіде қолданылатын Интернеттің барлық ақпараттық құжаттарына ресми иеленуге құқы бар халықаралық кәсіби коммерциялық емес ұйым құрылды. Оның мақсаты – интернетті дамыту, тиімділігін қамтамасыз ету болды. Ол ISOC (Интернет қоғамы) деп аталды және оған 20 мыңдай жеке тұлғалар және әлемдегі 180 елдің 100-ден астам ұйымы кірді.
— Интернет ядролық соғыс үшін жасалды ма? /Қымбат/
Әрине, басында бұлай емес еді. Алғашқы кезде желі коммуникациясының негізгі идеясы – ғалымдар мен ғылымның басқа да қызметкерлерін ақпарат алмастыру үшін байланыстыру еді. Алайда, тиімді байланыс әскерилерді де қызықтырмауы мүмкін емес еді. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл жұмысты қаржыландырғанда, әрине, жұмыс нәтижеге бағыттала бастады. Алғашқы ARPANET компьютерлік желісі Американың төрт ғылыми мекемесінің басын біріктіреді. Аталуы да алғашқы әріптерінен алынған ARPA (Advanced Research Projects Agency) және де бұл АҚШ Қорғаныс министрлігінің агенствосы болып қала бермек. Бірақ, АҚШ-ның Қорғаныс министрлігі де, Ресейдің Қорғаныс министрлігі де бүгінде интернетті пайдаланбайды. Олардың жеке желісі бар, әрі интернет бейбіт өмірдегі құпия деңгейікті қамтамасыз ете алмайды.
— Континеттер арасындағы байланыс қандай? /Шолпан/
Бұл мақсатта су асты коммуникациялық кабель жұмыс жасайды. 1851 жылы инженер Брет Ла-Манш арқылы Англияны Европа континетімен телеграфтық жүйеде байланыстыратын алғашқы су асты кабелін жүргізді. Бұл гуттаперчидің (су астында ток жүргізетін сым) пайда болуы нәтижесінде мүмкін болды. Су асты кабелімен жіберілген алғашқы телеграмма 1856 жылы АҚШ-ның президенті Джеймс Бьюкененнің Англияның патшайымы Викторияны құттықтауы еді. Бұл байланыс қымбат еді, техникалық жағынан жабдықталуы да аяқталмаған. Сонда да 1866 жылы телеграф жүйесі тұрақты жұмыс істей бастады. Ақпарат жеткізу жылдамдығы минутына бар болғаны 17 сөз. Қазіргі заманғы су асты кабелдері шыныталшықты технологияларды пайдаланады. Мұндай кабель алғаш рет 1988 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда мұндай кабельдер су асты және Әлемдік мұхиттың түбімен Антарктидадан басқа барлық континеттерді байланыстырады. Шамамен әрбір 100км сайын EDFA-күшейткіші орнатылады. Ол оптикалық сигналдың қуатын қалпына келтіреді. Интернетте суасты коммуникациялық кабельдердің тізімі бар. Шынайы өмірде бұл кабельдер өте сезімтал. Мысалы, жер сілкіну, кеме зәкірлері, тіпті кез келген адам қасақана зақым келтіруі мүмкін. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде контрабандиттер әдейі келіп, кабельдерді қиып кетіп отырған. Сонымен бірге кейбіреулер оның құрамындағы мысын металлолом үшін өткізіп жіберетін. Кабельдің бір километрі 10 тоннаға дейін жетсе, ал диаметрі – 69мм.
Қосымша тапсырмалар беріледі./нұсқау парақтары/
№1 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Қостанай облысының тарихы» туралы мәлімет ізде.
№2 тапсырма – www.googlе.kz іздеу порталына кіріп, «Болашақтағы компьютерлер» туралы суреттер ізде.
№3 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Табиғат жұмбақтары» туралы мақала ізде.
№4 тапсырма –Арқалықтың бүгінгі ауа райының болжауын табу.
- Сергіту сәті /6 мин/ Райхан, Асылхан, Меруерт
- «Іздеген жетер мұратқа» (Слайд17-18)
Тапсырма №1
- Қазақстан Рeспубликасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз.
- В.Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
- «сноуборд» сөзініңтүсіндірмесінтауыпбеpіңіз
Тасырма №2
- Республикалық «Қазақстан мектебі» газeтініңсерверінтауыпкөрсетіңіз
- ҚазақстанРеспубликасының «Құрмeт» орденініңсуретінтауыпкөрсетіңіз.
- «матрица» сөзініңтүсіндірмеcінтауыпберіңіз
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
VІ.Бағалау. «Ой қозғау»Электронды тест тапсырмасы/15 мин/.
VIІ. Үй жұмысы. «Браузерлер» тақырыбына мәліметтер жинау.
VІІІ.Оқушылардың оқу орындарын жинауы.
Өндірісте оқыту шебері:Бекеева Д.Х.
Нұсқаулық карта
Ø Қазақстан Рeспубликасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз. Ø В.Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз Ø «джабог» сөзініңтүсіндірмесінтауыпбеpіңіз
| |
Білуі керек | Ø Браузерді қалай ашатынын Ø Адресті дұрыс енгізуді Ø Іздеу жұмысын дұрыс жүргізуді |
Берілетін уақыт | Ø 10 минут |
Жұмысты бағалау талаптары | Ø Браузерді ашу тәсілдері; Ø Адресті енгізу; Ø Іздеу жұмысын дұрыс жүргізуін; Ø Тапқан ақпаратты басқа бетке аша білу; Ø Ақпаратты толық табу; Ø Суреттерін аша білу |
Жұмысты орындау тәсілі | Ø Opera браузерін табу; Ø Браузерді ашу; Ø Браузерде адрресін жазу; Ø Іздеу бетіне табу керек мәліметті енгізу; Ø Табылған тізімнен дұрыс ақпаратты ашу; Ø Шыққан нәтижені мұғалімге мәлімдеу. |
Қажетті құрылғылар | Ø АЖ Windows XP, Windows7; Ø Бүкіләлемдік ғаламтор; Ø Браузер бағдарламалары; |
Нұсқаулық карта
Тапсырма 2 |
Ø Республикалық «Жасалаш» газeтініңсерверінтауыпкөрсетіңіз Ø ҚазақстанРеспубликасының «Құрмeт» орденініңсуретінтауыпкөрсетіңіз. Ø «кабошoн» сөзініңтүсіндірмеcінтауыпберіңіз
|
Білуі керек | Ø Браузерді қалай ашатынын Ø Адресті дұрыс енгізуді Ø Іздеу жұмысын дұрыс жүргізуді |
Берілетін уақыт | Ø 10 минут |
Жұмысты бағалау талаптары | Ø Браузерді ашу тәсілдері; Ø Адресті енгізу; Ø Іздеу жұмысын дұрыс жүргізуін; Ø Тапқан ақпаратты басқа бетке аша білу; Ø Ақпаратты толық табу; Ø Суреттерін аша білу |
Жұмысты орындау тәсілі | Ø Opera браузерін табу; Ø Браузерді ашу; Ø Браузерде адрресін жазу; Ø Іздеу бетіне табу керек мәліметті енгізу; Ø Табылған тізімнен дұрыс ақпаратты ашу; Ø Шыққан нәтижені мұғалімге мәлімдеу. |
Қажетті құрылғылар | Ø АЖ Windows XP, Windows7; Ø Бүкіләлемдік ғаламтор; Ø Браузер бағдарламалары; |