Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Сабақтың тақырыбы:   Орта факторлары, оған бейімделу және  тіршілік формалары

Сабақтың білімділік мақсаты:

Оқушылардың экология ғылымының бағыттары, өзекті проблемалары,

экологиялық қағидалар және биосфера біртұтастығы жөнінде алған

білімдерін жинақтауға бейімдеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды шығармашылықпен топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Экологиялық тәрбие беру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   Қорытындылау, жүйелеу.

Сабақтың түрі:   Тренинг

Сабақтың әдісі:   Ой толғау, қорыту.

Көрнекілігі:        Интерактивті тақта слайдтары, коллекция, суреттер

Пәнаралық байланыс:   География, әдебиет

Сабақтың жүрісі:

 

І Ұйымдастыру

 

Өспеген табиғаттың аясында,

табиғат сұлулығын аясын ба?!

Мұзафар Әлімбай

 

Интерактивті оқытуды пайдаланып өткізілетін сабақ тренинг (оқыту,

жаттықтыру) деп аталады.

Танысу

Танысу топты біріктіруге, оған қатынасушыларды оқыту процесіне қамтуға,

өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Тренинг сабағының ұстанымдары

1.Адамдық ұстанымы

Тренингке қатысқан оқушылар шыншыл, ойын нақты айтып көрсетуі керек.

2.Белсенділік ұстанымы

Оқушылар сабаққа түгел қатынасуы керек.

3.Өзін-өзі еркін ұстау ұстанымы

Оқушылардың шығармашылық деңгейге жетіп ой қорытындылауы,

өз білімін іс жүзінде пайдалануы қажет.

 

ІІ Өткен сабақтар бойынша қайталау

 

Сергіту кезеңі

(Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сабаққа жұмылдыру)

 

1.Экология қандай ғылым?

Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы

орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым.

 

2.Экология ғылымының қандай салалары бар?

 

Биоэкология, аутэкология, популяциялық экология, синэкология,

адам экологиясы, әлеуметтік экология, геоэкология, ғаламдық экология, т.б.

 

3.В.И.Вернадскийдің ноосфера тұжырымдамасы:

 

«Болашақта адам баласы Жер бетіндегі барлық өзгерістердің

негізгі факторы болады»

 

4.Экологиялық сауаттылық дегенді қалай түсінесің?

 

Экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді

пайдалануға жол ашу.

 

5.Экологиялық мониторингтің мақсаты неде?

 

Табиғаттағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру және табиғат апаттарына

жол бермеу

 

6.Экожүйе деген не?

 

Жер шарындағы зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп жататын

табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи жерлер

 

7.Тіршілік ортасының түрлерін атаңдар

 

 

 

құрлық-ауа

 

 

су               Тіршілік ортасы              топырақ

 

 

                         организмдердің өзі

 

Әр сұрақтың жауабын  оқушылар айтады, содан соң тақтадағы

жасырулы сөздер ашылады.

 

ІІІ  Жаңа материалды меңгерту

Тірі ағзалар тіршілік ететін орталарда оларға қандай факторлар әсер ететіні

жөнінде білу үшін, келесі тақырыппен танысамыз.

(Тақтадағы тақырып ашылады)

  • 40 Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында орындалатын жұмыстар:

 

Еске түсіру, меңгеру кезеңі

 

1.Мағынаны ашу

Тірек сөздер

а) Орта факторлары

-минимум

-максимум

-оптимум

ә) Төзімділік шегі

б) Шектеуші фактор

в) Экологиялық орын

г) Эпифиттер

ғ) Фанерофиттер

д) Хамефиттер

е) Гемикриптофиттер

ж) Криптофиттер (геофиттер)

з) Терофиттер

(Мәтіннен осы сөздерді тауып, анықтамасын дәптерге жазып, талқылау)

 

2.Кесте толтыру

Экологиялық факторлар

 

АбиотикалықБиотикалықАнтропогендік

 

 

Өзін-өзі тексеру кезеңі

 

Білесің бе?

(Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып алу)

-киік,жұт,түлен,бүркіт,су тасқыны,жалбыз,күн тұтылуы,інжугүл,борсық,

самырсын,мыңжапырақ,қараторғай,сел,өрт,дауыл,жауқазын,көкек,құйын,

шағала,қайшыауыз,қарсақ,құрғақшылық,түйеқұс,жұпартышқан,жер

сілкінісі,түймедағы,боран,көшкін,итсигек,аю,мақта,алабота,кәмшат,бозторғай,

жарқанат,үйрек,темекі,күріш,ілбіс,қалбағай.

 

Экологиялық апаттарӨсімдіктерҚұстарСүтқоректілер
Күн тұтылуы

Жұт

Су тасқыны

Сел

Өрт

Дауыл

Құйын

Жер сілкінісі

Құрғақшылық

Боран

Көшкін

Інжугүл

Жауқазын

Мыңжапырақ

Түймедағы

Жалбыз

Итсигек

Алабота

Самырсын

Мақта

Темекі

Күріш

Бүркіт

Қараторғай

Көкек

Шағала

Қайшыауыз

Түйеқұс

Бозторғай

Үйрек

Қалбағай

Киік

Түлен

Борсық

Қарсақ

Жұпартышқан

Аю

Кәмшат

Жарқанат

Ілбіс

 

 

Шығармашылық тапсырма кезеңі

 

1.Шектеуші факторды табыңдар

-ақ аю үшін…………….(температура)

-бақа үшін………………(ылғал)

-торғай үшін…………..(қорек)

-тоқылдақ үшін……….(орман)

-қарлығаш үшін………(қорек)

-…………….үшін………..

2.160-беттегі 4-сызбанұсқа бойынша факторлар әсерін түсіндіру.

 

Шығармашылық тапсырмаларын өмірде пайдалану кезеңі

 

Ұяшықтардағы ұпай сандарына сәйкес сұрақтарға жауап беру.

1020304050
1020304050

 

10- Биосфера қандай қабат?

10- Қазақтар қандай жануарларды киелі деп есептеген?

20- Биосфераның шекарасын айтып бер

20- Қоршаған ортаны қорғау күні қашан?

30- Географиялық ландшафтыларды зерттеген орыс ғалымын ата

30- Биотикалық факторларға мысал келтір

40- Кене, қандала паразиттің қай түрі

40- Табиғат туралы қандай шығармаларды білесің?

50- Эфемер деген не? Мысал келтір.

50- Мутант деген не? Мутагендерге мысал келтір.

 

ІҮ Қорытынды

 

      максимум

 

оптимум                          төзімділік шегі

 

минимум

 

 

 

 

 

 

 

Шығынсыз                     Өндірістерді                      Жерді

технология                     тиімді                             тиімді

енгізу                        орналастыру                       пайдалану

 

 

 

Қоршаған                                                     Өсімдіктер мен

ортаға                   Экологиялық мәселелер          жануарлар

мемлекеттік                                                   дүниесін

бақылау                                                       сақтау

 

 

Соғысты                                     Экологиялық

болдырмау                                   білім және

тәрбие беру

 

 

 

     

 Экология

 

 

Адам                                                      Қоршаған орта

 

Адам өмірі

 

 

отаншылдық                                                    ар тазалығы

қайырымдылық              Жеке тұлға                       адамгершілік

жан тазалығы                                                   мәдениеттілік

 

 

Адам баласының алдында шешетін үш мәселе бар.Олар:

-әлемде бейбітшілік орнату

-адамның рухани сана-сезімін дамыту

-табиғатты қорғау.

 

Экожүйе  =  табиғи бірлестік  +  табиғи орта жағдайы

(биогеоценоз)      (биоценоз)           (экотоп не биотоп)

Саралау-бағалау кезеңі

Оқушылардың фамилиясының тұсына сабақ барысында жинаған ұпай

сандары жазылады.

Ү  Үйге тапсырма:        § 40, 3,4-тапсырма