Экологиялық факторлар және тірі ағзалар

Экологиялық факторлар және тірі ағзалар

Баймаханов Мейрамбек Абилбекович химия – биология пәні мұғалімі

Сабақ тақырыбы:  Экологиялық факторлар және тірі ағзалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың ойында абиоздық, биотикалық және антропогендік факторлардың ағзаға қалай әсер ететінін нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Қоршаған ортаны сақтауда экологиялық факторлар  туралы

білімдерін тереңдете отырып ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды құрбы – құрдастар арасында дисскусия жүргізу және олардың маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақ әдістері: сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тренинг, тақырыпты ашу мақсатында «миға шабуыл», мағынаны тану үшін «Карусель» стратегиясын пайдалану, бағалау парақшалары

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, таратпалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Құрметті «Балдаурен» оқушылары. Бүгін сіздерге биология пәнінен сабақ беретін Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп – гимназиясының биология пәні мұғалімі Баймаханов Мейрамбек Абилбекович. Баршаңызды сабақ бастамастан бұрын өткен ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға шығармашылық табыс тілей отырып сабағымызды бастайық. Олай болатын болса баршамыз ортаға шығайық, шаттық шеңберін құрамыз. Осы шаттық шеңберінде мен сіздерге сурет қиындыларын таратып беремін. Сол қиындыларға қарап отырып сіздер басқа оқушылардікі мен салыстыра отырып қиындылардан бүтін сурет құрастыруларыңыз қажет.  Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың қолдарына сурет қиындыларын тарату. Сол қиындылардан тұтас сурет құрастыру арқылы топқа бірігу./2 мин/

Қызығушылығын оятуСлайд1,2

  1. Әр топ құрастырған суреттеріне қарап бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын табу керек. Сабақтың тақырыбы келіп шыққаннан кейін топтарға қосымша 1 – 2 минут жұп болып бүгінгі сабағымыздың мақсатын келтіріп шығаруға уақыт беріледі.
  2. ІІ. Мағынаны тану
  3. Карусель стратегиясы.

Оқушыларға оқуға 5 минут беріледі. Топ тақырыпты 4 ке немесе 5 ке бөліп оқуларына болады. 4 топқа әртүрлі проблемалық сұрақтар жазып беремін.  Бірінші топ сұрақтарға жауап беріп, сағаттың жүретін бағыты бойынша жазып келесі топқа береді, ал екінші топ ол берілген жауапты қайталамау керек. Екінші топ жауаптарын жазып үшінші топқа береді.

Қойылатын сұрақтар:

1 – топ. Экологиялық фактор дегеніміз не? Минимум заңы

2 – топ. Абиотикалық фактор дегеніміз не? Төзімділік заңы

3 – топ. Биотикалық фактор дегеніміз не? Оптимум заңы

4 – топ. Антропогендік фактор дегеніміз не? Эврибионттар

Топ құрамынан топ басшысы немесе топ мүшелері тақтаға шығып өз жазғандарын қорғайды.

  1. Галерея

Оқушылар карусельді болған соң, өз жұмыстарын тақтаға іліп қояды. Әрбір оқушы нақты және дұрыс жауапқа өз дауыстарын (стикер арқылы) береді. Осы жолмен топтың қалай жұмыс істегендері бағаланады.

  1. Сергіту сәті
  2. Ой қорытынды

4 топқа тапсырма беріледі. 1,2,3 топқа экологиялық факторларды үш бағанға ажыратып жазу. 4 топқа тақырыпқа байланысты оқиға беріледі соны сахналық көрініс ретінде көрсету.

1,2,3 топ тапсырмалары.

Орта факторларын үш бағанға бөліп жазыңдар: орман өрті, қоянды қуалау, қар жауды, атмосфераны улау, таңқурайды аюдың жеуі, аптап ыстық, кәріз суының өзенге ағуы, өсімдіктердің тозаңдануы, жаңбыр.

Дарынды талантты балаларға арналған тапсырмалар.

  1. Соңында ой қорытынды ретінде оқушыларға «Жер жаннаты – Бурабайға» тілек айту.
  2. Үй тапсырмасы: Мазмұндау. Хабарлама жазу «Стенобионттар, эвриобионттар». Фактор сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көңілсіз оқиға

Автор: Жаздың салқын желі денеден өтіп сүйекті тесетін  бір күнінде кішкентай кірпі,  көкек және  құмырсқа кездесіпті.

Құмырсқа: «Мәссаған мынадайда ауа – райы болады екен! Шелектеп жауып тұр. 5 минутқа илеуімнен шығып едім, мәссаған барлық соқпақтар сумен толып қалды, үйге баратын ешқандай мүмкіндік болмай тұрғанын қарашы».

Көкек: Егер тек қана бүгін болса ғой осындай ауа –райы. Осымен үшінші күн емес пе осындай болып тұрғаны. Жаңбырдың кесірінен барлық тірі жан індеріне тығылып қалған, айналамызда тірі жәндік көрінбейді. Мұндай ауа-райында тамақ табуда қиын! Тағы осындай бір күн болса, мен аштан өлемін точно!

Құмырсқа: Тезірек осы жаңбыр тоқтаса екен, мен өзімнің құрғақ және жылы илеуіме қарай жүгірер едім.

Көкек: Иә, мағанда бір панаға барып қауырсындарымды кептіріп алуым керек.

Кірпі: Не болды соншама «ызғар, тоңдым, аш болдым» деп зарлай бересіңдер. Өмірде барлығы болады. Ауа – райының қолайсыз болуы зарлау үшін себеп емес. Бұл әлі ештеңе емес.Кішкене шыдаңдар ауа – райы шайдай ашылады.

Құмырсқа: Осыдан басқа жаман ауа – райы болады ма? Осының өзі мені біраз жерге алып барды!

Көкек: Мен тамақты өте жақсы көремін, аштықтан жаман, мен үшін ештеңе жоқ!

Кірпі: Ой сендер де біреуің аш болдым, біреуің тоңдым деп басты қатырдыңдар. Біле білсеңіздер, мен сендерден де ауыр күндерді басымнан кешірдім. Ниче шыдап жүрмін.

Көкек: Ал, сізге не болды қанекей айтып беріңіз?

Құмырсқа: Иә,иә айтыңыз қандай пәле сіздің басыңызға үйріліп жүрген, мүмкін көмектесіп жіберерміз қолымыздан келсе. Біз сіздің досыңыз емеспіз бе!

Кірпі: Ренжітті мені! Ренжіп қалдым! Даже өмір сүргім келмей кетті! Өмір сүру үшін орманда өзімнің ежевский жұмыстарыммен жүрген едім. Соқпақ арқылы саңырауқұлақ теріп келе жатқан адамдарды құлағым шалып қалды. Келе жатып екеуара әңгімелесіп келеді:  «че то орманда саңырауқұлақтар азайып кеткен бе? Таң атпай жүріп келеміз ештеңе де тапқан жоқпыз, жүрген жерлерімізден бұрын әп-сәтте бір себет саңырауқұлақ жинап алушы едік, ал бүгін ештеңе де жоқ. Саңырауқұлақтардың бәрі қайда кеткен осы». Осы кезде мен қурап қалған жапырақтарды қозғағанымда олардың көзіне түсіп қалдым. «міне саңырауқұлақ қайда кетті десем мынау жиіркенішті кірпі жеп койған екен ғой» — екінші саңырауқұлақ теруші маған таяғымен дүрсе қоя берді. Осы жерде мен тез таса жерге тығылып әрең дегенде қашып құтылдым. Сонымен осы сөздер менің жаныма батқаны сондай, енді осы орманға қайта келместей болдым.

Көкек: Дұрыс сіздікі, сізге бекер кінә тағыпты. Иә сені жазықсыздан жазықсыз  жазаласа осыдан ауыр зат жоқ. Бұл саңырауқұлақ тергіштер бәріміздің басымызға біткен пәле болды өзі. Кірпілердің бунақденелілер мен қоректенуі бәріне белгілі шығар деп ойлаймын. Енді анда – санда тышқанды, бақаны жеуі мүмкін, ал саңырауқұлақты тек қана ертегілерде және мультфильмдерде жеуі мүмкін. Кірпілердің кесірінен орманда саңырауқұлақтар азайды  деген адамдар оттапты.

Меніде ренжітеді кейде. Бізді тек қана жұмыртқаларын басқа ұяға тастағанда ғана естеріне алады. Міне қандай жаман аналар. Ал көбінесе мейірімді қамқор өздерінің ұясын салып балаларын қоректендіретін көкектерді естеріне де алмайды. 130 түр көкектердің тек қана 50 түрі ғана өз жұмыртқаларын басқа ұяларға салады. Тағыда көкекті естеріне алатындары ол менің жағымсыз өлеңімді естігенде ғана. Естіп алып тыныш отырмай қуып кеткен сұрақтар қояды: «Көкек, көкек мен қанша жасаймын? Как будто мен білетіндей! Менің өлеңім мүлдем басқа нәрсеге арналған»

Менің көңіліме келетіні адамдардың мен туралы жаман ойлайтыны. Ал мен қанша жақсылықтар жасаймын даже естеріне де алмайды. Әр түрлі паразит құрттарды, көбелектерді бір жылдың ішінде канша миллионын жеймін. Кірпі, сен дұрыс айтасың, адамдар бізді дұрыс айыптаған жоқ. Может кетеміз адам бармайтын жерге. Сен қалай ойлайсың құмырсқа?

Құмырсқа: білмеймін сіздерге қандай кеңес берерімді. Бірақ сіздер өз тауқыметтеріңізбен бөлістіңіздер ендеше менің де өз айтарым бар. Мені жаңбырлы ауа – райы илеуімнен көшеге қарай шығуыма мәжбүр етті. Илеуімнің бір жерін жөндеуге құрылыс материалы қажет болды.

Енді менің тағдыр тауқыметімді тыңдаңыздар. Жаңбыр алдында орманға шамамен 10 жастағы бала кірді. Қалай орманға кірісімен солай бұзақылық жасай бастады. Мухомор көрсе болды таяғы мен ұрады, алдында шыбық жатса оны сындырып тастайды. Орманда шулауға болмайтынын білмеген сияқты, бір қаңылтыр қалбырының бос құтысын тауып соны тепсін келіп.

Бұл әлі басы, әрі қарай ең сорақысы басталды. Қурап тұрған еменнің қасына қураған бұталарды жинап қалтасынан сіріңке ала бастағанда, біздер орман құмырсқалары  мен масалар жиналып әрең дегенде тоқтаттық. Егер ол өртегенде орман өртеніп кетер еді. Мен айқасып жүргенде илеуіміздің бір шеті қирап қалды.

Сондықтан мен орманнан кетпеймін. Мен осында туып өстім, менің достарым бәрі осында. Орманды қорғаймын осындай бұзақылардан, егер біз кетіп қалсақ орманымызды кім қорғап калады. Сіздер қалай ойласаңыздар да, солай ойлаңыздар мен осында қаламын.

Автор: құмырсқаның әңгімесін тыңдап көкек пен кірпі ұзақ ойланып қалды. Біздің достарымыз ойланып тұрғанда жаңбырда тоқтады, бұлттардың арасынан көптен күткен күнімізде шықты. Достарымыздың көңілдері көтеріліп қоя берді.

Көкек: біз орманды тастап басқа еш жерге кетпейміз! Орман -біздің ортақ үйіміз, біз оны қорғап, сақтап қаламыз!

Кірпі: Рахмет саған құмырсқа! Сен арамыздағы ең ақылды және батыл екенсің! Сен кішкентай болсаң да батыр екенсің!