Дебат-пікірталас ойыны.

Дебат-пікірталас ойыны.

Негізгі мақсаты:оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу.

Негізгі ережелер:құрылымды сақтау,әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.

Карл Поппер форматындағы дебат.

Кейс.

1.Саяси кейс(рр);

2.Құндылық кейс(варо).

Саяси кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ұсынады)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)

4.Мәселе (проблема)

5.Мәселе өзектілігі

6.Себептер (мәселенің себептері,кем дегенде үшеу болу керек)

7.Шешу жолдары (әр себепке шешу жолын ойлап табу)

8.Атқарушы органдар (мәселелерді кім шешетінін айту)

9.Қаржы (мәселені шешуге қажет қаражат)

10.Уақыт (жұмыстың қай аралықта жүргізілетіні)

11.Нәтиже (қорытынды)

ü Мәселені шешуге арналған жоспар құрылады.

 

Ойын барысы:

СпикерУақытСпикердің рөлі
1Жақтаушы 16 минутКоманданы таныстырады. Кейспен  таныстырады.
2Даттаушы3-Жақтаушы13 минутДаттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.
3Даттаушы16 минутӨз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.
4Жақтаушы3-Даттаушы13 минутЖақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.
5Жақтаушы 25 минутДаттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.
6Даттаушы1-Жақтаушы23 минутДаттаушы1-Жақтаушы2-ге сұрақтар қояды.
7Даттаушы 25 минутДаттауды жалғастырады.Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктеме-лерін айтады.
8Жақтаушы1-Даттаушы23 минутЖақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.
9Жақтаушы 35 минутОйын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.
10Даттаушы 35 минутОйын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

 

  • Қосымша 8 минут беріледі.(Дайындыққа,сұрақтар дайындауға )

 

Құндылық кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ақталады деп есептейді)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)

4.Философия ()

5.Аргументтер()

6.Қорытынды.

ü Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт) саяси кейспен ұқсас.

ü Дұрыс-дұрыс емес,ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.

Ескерту:

v Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.

v Позиция ойынға 15 минут қалғанда анықталады

(теңге лақтыру арқылы).

Қызылсая орта мектебінде қазақ тілі семинарында           өткізілетін дебат ойынының тақырыптары:

1.Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі(І ойын),

2.Орыс тілін ресми тіл статусынан алып тастау ақталады ма?.