А. Байтұрсынұлы «Ақын ініме».

 

АСТАНА ГУМАНИТАРЛЫҚ   КОЛЛЕДЖІ

4 ПКЯЛ тобыны4 студенті

Барлыбаева Гульшахат Расуловна

 

 

 

 

Сыныбы: 7а.

Пәні: қазақ әдебиеті.

Тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Ақын ініме».

Сабақтың мақсаты: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке баули отырып, көрсеқызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, кесте, сатылай

кешенді талдау, әріптер сөйлейді, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме?! Отырыңыздар! Сабақта кім жоқ? Үй жұмысына не берілді?

II Үй тапсырмасын сұрау:

Ойын.

А. Құнанбайұлы «Жиырма тоғызыншы сөз».

1) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды».

2) «Жарлы болсаң, арлы болма».

3) «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»

4) «Атың шықпаса, жер өрте».

5) «Қалауын тапса, қар жанады».

6) Абайдың неше қара сөзі бар?

— «Абай – қазақтың бас ақыны» деген мақаланы кім жазған?

— Дұрыс. Ахмет Байтұрсынұлы жазған. Міне, бүгінгі өтетін сабағымыз Ахмет жайлы болмақ.

III Жаңа сабақ:

Болған уақыт Басты оқиғалар
1873 жыл

28 қаңтар

Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген
1886-1891 жылдарыТорғай қаласындағы екі сыныптық мектепте Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды
1907 жылыАқтөбе, Қостанай, Қарқаралыда екі сыныптық училищеде бала оқытады
1920 жылНасихат жұмысын жүргізгені үшін Семей абақтысына 8 ай бойы қамалады
1926-1928 жылдары«Қырық мысал» және «Маса» өлеңдер жинағы шығады
1921 жылҚазақстан кеңестерінің І съезінде Қазақстан Үкіметіне мүше болып сайланады
1937 жыл

8 қазан

Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми әдеби коммиссияның төрағалығына тағайындалады.

Қара тізімге ілініп тұтқынға алынады.

Азапты қуғын-сүргіннен оралады.

Қайта ұсталып 8 желтоқсанда ату жазасына ілінеді.

 

«Ақын ініме» өлеңін оқу. Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған. Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.

IV Бекіту:

Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

1.Авторы – А.Байтұрсынов.  Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер.

2.Тақырыбы— атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

3.Жанр түрі— поэзия (өлең) .

4.Идеясы- Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді.

5.Шумақ— 8 шумақты

6.Тармақ- 30 тармақты

7.Бунақ— 3 бунақты

8.Буын саны — 11 буынды.

9.Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) .

  1. Әдеби-теориялық ұғымдар.

Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай.

Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт.

Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып.

Ирония- кекесін, келемеждеу.

Нашардың көбірек же хақын , інім.

Айғырсып момындарға ақыр, інім.

Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.

10.1. Фигура-айшықтау.

Арнау- жазушының көбіне –көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.

Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М. Дулатұлына арналған.

  1. Түсіндірме сөздік

Милләт-араб сөзі,  халық,  ұлт.

Аплотон,  Платон – ертедегі  грек оқымыстысы.

Правосы-құқы.

  1. Тәрбиелік мәні . Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.

V Қорытынды:

А-

Х-

М-

Е-

Т-

         Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап  тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.

                                                                            Ахмет Байтұрсынұлы

  • Ахметтің туыстары жайлы, отбасысы жайлы не білесіздер?Бұл сұраққа жауапты үйде іздестіріп келіңіздер.

 

VІ Үй жұмысы:

 

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығы (жанұясы жайлы).
  • Өлеңді жаттау.
  • Ақынға хат.

 

VІІ  Бағалау: