Әнші ақындар шығармашылығы
Мукушева Лаура Мадияровна
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
ШҚО Шемонаиха қаласы
№5 жалпы орта білім беретін мектеп
10 сынып
Пән: қазақ әдебиеті
Тақырып: Әнші ақындар шығармашылығы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
- Білімділік- өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін толықтыра отырып,ақындар туралы ойларын нақтылау.
- Дамытушылық: Әр түрлі стратегиялар бойынша ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру,білімдерін кеңейту.
- Тәрбиелілік: Оқушының өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға,шығармадағы кейіпкерлер бейнесі арқылы адамгершілікке,мейірімділікке,т.б. тәрбиелеу.
Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер: 10 сыныптың Қазақ әдебиеті және хрестоматия оқулықтары.
Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ
Сабақтың жүргізілу әдісі: сұрақ-жауап, талдау,іздену, мағынаны тану,түсіндіру,
Көрнекті құралдар: мультимедиялық слайд, үлестірмелі карточкалар,сызба-нұсқалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
1-тапсырма.Хронологиялық кесте толтыру.Мақсаты- оқушылардың ізденімпаздығын,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
2-тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдеріне талдау жасау.Мақсаты- оқушылардың шешендік өнерін,ой ұшқырлығын анықтау.
3-тапсырма.Ақан сері Қорамсаұлының «Жақсы мен жаман» өлеңін оқып,мазмұнын ашу, ұнаған шумақтарына сатылай кешенді талдау жасау.Негізгі мақсаты-теориялық ұғымдарды,ережелерді,шығармашылық зерттеулерді,қазақ тілінің сөз байлығын терең игеріп,сөздің ішкі мағынасы мен қолданыс ерекшеліктерін, ана тілінің құдіретін таныту.
4-тапсырма.Берілген өлең шумағын толықтыру.Мақсаты -оқушылардың ойлау қабілеттерін,дарындылықтарын жетілдіру.
5-тапсырма.Тест-интервью бойынша жұмыс.Мақсаты оқушылардың шығармашылық ізденістерін,еркіндігін, сөйлеу мәнері мен тілін жетілдіру.
6-тапсырма. Әнші-ақындар әндерінен үзінді орындау.Мақсаты оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту,өнерді құрметтеу,талант иелерін тани білуге баулу.
7-тапсырма. Сабақты қорытындылау.
10 сұрақтық тест жұмысы.
Мақсаты
оқушылардың оқулықтағы тақырып бойынша білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру: қорытынды сабақ бойынша оқыған ақындар туралы қандай көркем фильмдер немесе қойылымдар бар екенін ізеп жазып келесіңдер.Сонымен қатар ақындарды сомдаған актерлардың аты-жөнін жазып келу.
Бағалау.