Махамбет – дауылпаз ақын

№ 101 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Махамбет – дауылпаз ақын

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «А»

Пән мұғалімі: Сыздықова Жанна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 – 2014 оқу жылы

 

   Күні: 19.09.2013                 Сыныбы: 10 «А»

   Сабақтың тақырыбы:  Махамбет – дауылпаз ақын

   Сабақтың мақсаты:

   Білімділік:   Оқушыларды Махамбеттің елін езгіден ерлікке,қараңғылықтан

білімділіктің  биік  шыңына шақырған,ел бірлігін     жырлаған

шығармашылығымен    таныстыру,танып-білуге үйрету;

   Дамытушылық: Оқушылардың жұп,топтық жұмыс барысында іскерлігі  мен

дағдысын  қалыптастыру,патриоттық сезімдерін дамыта  отырып

шешендікке  баулу,ынтасын,ізденушілік белсенділігін   дамыту;

   Тәрбиелік:   Асыл мұраны оқушылар бойына сіңіріп,ұлттық рухта

тәрбиелеу,батырлықты,ерлікті дәріптеу.

Сабақ түрі: ізденіс сабақ

 Әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, Инсерт,ойтолғау, поэзия минуты.

 Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,музыка

 Көрнекілігі: интерактивті  тақта

  Сабақ барысы:

 І.  Ұйымдастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Сабаққа қатысымды тексеру

3.Сыныптың  сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

   Берілген тапсырма:Тарихқа шолу,өмірі туралы мәлімет.Махамбет өлеңдерінің саны,қай жылдары жазылды,жарық көрген жылдары.

 

    І.Видеоролик көрсетіледі (Мен,мен едім, мен едім…)

     Мұндағы «мен» Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «мен» арқылы Махамбеттің ісі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі мен дұшпанға өшпенділігі көрініс береді.

 

ІІ. Көрініс  «Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны»

  • Оқушылар, Махамбет жайлы үйден ізденіп келген мәліметтеріңді ортаға салсаңдар.

(Оқушылар өмірі, тарихы, өлеңдері жайлы әңгімелейді.)

 

  ІІІ.Поэзия минуты («Мұнар күн» өлеңі экраннан тыңдалады.)

Махамбеттің өлеңдерін оқушылар жатқа айтады.

 

—  Махамбетке қалам тартқан ақын-жазушылардың шығармаларымен де танысқан боларсыңдар. Сол жайында не айтар едіңдер?

 

  1. Фариза Оңғарсынова «Алмас қылыш»

     2.М.Шаханов «Нарынқұм трагедиясы»

     3.Ығылман Шөреков «Исатай-Махамбет»

 

       ІV.Ойтолғау жазу (Махамбет «Жұмыр қылыш» күйі тыңдалады)

 

         Махамбеттей дауылпаз ақын, ержүрек батырдың тарихи тұлғасын оқушы жадында қалыптастырып және тәуелсіздікті дәріптеу мақсатында ойымызды  Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдай отырып ортаға салайық.

 

Тақырыптары:

1.Махамбетке арнау

  1. “Махамбет десем ойыма…”

3.Махамбетке хат

 

  1. Инсерт әдісі

 

Не білеміз?Не білдік?Нені білгіміз келеді?

 

  1. Қорытынды

Махамбет  — өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.Өзін есес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған.Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп ылғи ғана «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз, азат қазақ мемлекетінің егемендігі. Олай болса, сабақты Махамбеттің мына өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.

Махамбеттің соңғы сөзі

 

Керуен тірлік бөктерді де бойға азап,

Бұлың-бұлың белдер асып шаршаған

Бұл жалғаннан кетіп жатты қанша адам.

Қазанына қожа болған жай қазақ,

Екеуміз де “Егіз бе?” деп тамсанған.

 

ҮІІ. Бағалау

Оқушылар білімі бағалау парағы арқылы бағаланады

 

 

ҮІІІ.  Үй тапсырмасын беру

«Жалынды ақын Махамбет» тақырыбында шығарма жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    №41 жалпы беретін орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:Махамбет шығармашылығы

                             (2-сағаты)

 

 

 

                                           Өткізген:Төреқұлова Л.Т.

                                                 (қазақ тілі,әдебиеті пәнінің мұғалімі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Ақтөбе-2011