Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі

Сабақтың тақырыбы:  Абай Құнанбайұлының

«Қыс» өлеңі

 

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көрінісінің суреттелуі.

Тапсырмалар, ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ- жауап, көрнекілікті қолдану

Көрнекілігі: тірек сызба, суреттер, ақынның шығармалары,флипчарт, сетпен жүмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру
  3. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Кіріспеде мұғалім  Абай Құнанбайұлының шығармаларын бұрын оқымаса да, атын естімеген оқушының жоқ екендігіне тоқталып, ақын аталары туралы, Абайлың балалық шағы туралы қысқаша айта келіп, 5 сыныпта оқылатын өлеңдері туралы ескертеді.

  1. Жаңа сабақ:
  2. Оқулықпен жұмыс

а/ Абай туралы мәтінде түсініп  оқу

ә/ сұрақтарға жауап беру:

  • Абай қай жерде туған
  • Абайдың шын аты кім?
  • Абай қандай білім алған?
  • Қандай орыс классиктерінің шығармаларын оқыған?
  • Мәдениет пен білімге арналған қандай өлеңдері бар?
  • Абай кімдердің шығармаларын аударған?
  • Крыловтан қандай мысалдарды аударған?
  • Абай қай жылы қайтыс болды?

           б/  сөздік жұмысын ұйымдастыру:


тау баурайы— подножие горы

ынта – приложение

медресе – высшее духовное учебное заведение в доревалюционном Казахстане и Средней Азии

мәдениет— культура

мысал- басня

әуес болу, еліктеу— увлекаться

сауат ашу— учиться грамоте

арнайы алдыру— специально посылал привозить

нәрімен сусындау— впитать

 

 

 

 

 

Сөздердің мәтінде қолданылу аясын көрсету.

            в/ жұппен жұмыс: берілген мәтін бойынша тірек сызба құрастыру. Сызба бойынша бір- біріне «Абай туралы мен не білемін?» тақырыбына сұхбаттасу.

  1. «Қыс» өлеңімен жұмыс
  2. Өлеңді мәнерлеп оқу
  3. Сөздік жұмысы


Ак киімді— в белой одежде

Ақ сақалды- белобородый

Үсті- басы— внешность

Түсі суық— грозный вид

Басын сіліксе— когдамотает головой

Үй шайқалды— дом закачался

Домбығу- распухнуть

Шидем— домотканный шерстяной халат

Сырт айналу— отвернуться

Денелі- здоровый

Соқыр- мылқау- слепой- немой

Ақ қырау- белый иней

Бұлттай қасы – брови, как тучи

Долдану- злиться

Әуес көру— любопытствовать

Үсік шалу— замерзнуть

Тон— шуба

 

  1. Топпен жұмыс ұйымдастыру.

1 топ – «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен келесі тапсырманы орындау:

қандай?

/сөз/

сөз тіркесісөйлем

 

2 топ  Қыс мезгілінің суреттелуін оқи отырып, көз алдыларына келген суретті салып көрсету.

3 топ- «Сөз сыры» айдарымен берілген сөздер қатарын толықтыру

  1. Әдебиет теориясынан алғашқы түсінік беру. Кейіптеу туралы /орыс әдебиетінен алған білімдеріне сүйенуге болады/.

Өлеңнен кейіптеуге мысалдар теріп жазу.

  1. Сабақты бекіту
  2. Абай өлеңіндегі қыс қандай?
  3. Хрестоматияда берілген шығарманы орыс тіліндегі аудармасымен салыстыру.
  4. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға сұрақ:

  • Абайдың балалық шағын қалай елестетесіндер?
  • Бала Абай қандай болған деп ойлайсындар?
  • Ойларынды, пікірлерінді ортаға салыңдар.
  1. Оқушы білімін бағалау:
Оқушының ата- жөніСұрақтарға жауап беруЖұппен жұмысТоппен жұмысҚорытынды баға

 

  1. Рефлексия кезеңі

а/ Кесте толыту.

Мен
Бұрын Абай туралы не білетін едім?Бүгінгі сабақта нені білдім?болашақта не білгім келеді?

 

ә/ Абайдан қандай үлгі алдым?

  1. Үйге тапсырма:
  2. Абай туралы баяндай білу
  3. Қыс туралы жұмбақтар біліп келу
  4. Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау.