Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.
Күні: 13.02.2014ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;
Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету;
Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.
Зымыран сұрақтар:
- Ғабит Мүсірепов кім?
- Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?
- Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
- Әйтілес кім?
- Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
- Әйтілес қандай әңгіме айтты?
- Бала би Жалпақ батырға не деді?
8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?
- Сауға деген не?
- Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?
ІІІ. Жаңа сабақ: Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.
Шығарманың құрылысы:
Басталуы | 1. Әңгіме қалай басталады?
|
Байланысуы | 2. Әңгіме қалай байланысады?
|
Шиеленісуі | 3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталады?
|
Шарықтау шегі | 4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?
|
Шешімі | 5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?
|
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.
Мәтінмен жұмыс:
І топ | 1. Портрет дегеніміз не? 2. Ананың портретін тауып оқы
|
ІІ топ | 1. Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру
|
ІІІ топ | 1. Диалог дегеніміз не? 2. Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу
|
Әңгімедегі теңеу, эпитет, дисфемизм, көнерген сөздерді табу.
І топ | Әңгімедегі теңеуді табу. Тұрақты тіркесті табу.
|
ІІ топ | Әңгімеден эпитетті табу. Географиялық атауларды ата.
|
ІІІ топ | Дисфемизм, көнерген сөздерді табу. Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.
|
Венн диаграммасы
Аңыздағы ана Ұқсастығы Бүгінгі ана
«Әдебиет үйірмесі»
І топ | Ана туралы мақал – мәтелдер жазу. |
ІІ топ | «Бес жолды өлең» стратегиясы. |
ІІІ топ | «Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау) .
|
Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.
Жүректен – жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.
Үйге тапсырма: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана — жүрек» тақырыбына шығарма жазу.