Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі ролі. Қантты диабет. Бүйрек үсті бездері, гипофиз, қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі ролі
Тақырыбы: Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі ролі. Қантты диабет. Бүйрек үсті бездері, гипофиз, қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі ролі.
Мақсаты:Ұйқы безі туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:-Ұйқы және жыныс бездерінің функцияларын ажырата білуге үйрету;
-Қантты диабет және ішкі секреция бездерінің жыныстық жетілуді реттеуде алатын орны жайлы түсінік беру;
-Топтарда өзара бағалауға тәрбиелеу;
Қолданылған модульдер:Оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, талантты және дарынды оқушыларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:«Шаңырақ» шаттық шеңбері, Топтастыру әдісі, «Бір қадам артқа», Ой қозғау, Диалогтік оқыту, «INSERT» картасы.
Формативті бағалау оның ішінде бағалау кестесі, мадақтау.
Уақыты | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
5 минут Кіріспе бөлімі | Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері «Шаңырақ».
Топқа бөлу. | -Оқушылармен амандасады. -« Шаңырақ» шатық шеңберін құрып, тақтадағы өлеңді оқиды. Оқушыларға түрлі 1-ден 4-ке дейін анау арқылы біріктіріп, 4 топқа бөледі. -Бағалау парақшасын таратады. -Топ басшыларын сайлайды. | Амандасады; -дөңгеленіп, қол ұстасып тұрады, өлеңді бірге оқиды; -Сабаққа даяр екендіктерін көрсетеді. — Оқушылардың назарын сабаққа аударады. — әр оқушы өз саны бойынша бір топқа бірігіп, 4 топқа бөлінеді; Топтық ережемен танысады; | Формативті бағалау -Тамаша; -Бәрекелді; -Өте жақсы. | Бағалау парақшалары
Топтық ереже |
5 минут «Бір қадам артқа» | Үй тапсырмасын сұрау Мақсаты: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру. | 10 сұрақтан тұратын тест -Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест таратып береді; 1. Ішкі секреция бездеріне жатады А. Гипофиз, эпифиз Ә. Тер, жас, сүт бездері Б. Жыныс бездері, ұйқы безі 2. Гипофиздің массасы А. 15-20 г Ә. 0,5-0,7 г Б. 0,20-0,25 г 3. Аралас бездерге жатады А. Гипофиз, эпифиз Ә. Тер, жас, сүт бездері Б. Жыныс бездері, ұйқы безі 4. Инсулин гармонын бөлетін без А. Гипофиз Ә. Қалқанша без Б. ұйқы безі 5. Микседема ауруы туындайды, егер: А. Қалқанша бездің гармоны аз бөлінсе Ә. Қалқанша бездің гармоны көп бөлінсе Б. Йод жетіспесе 6. Кеуде қуысында орналасқан без А. Ұйқы безі Ә. Жыныс безі Б. Айырша (тимус) безі 7. Өсу гармонын бөлетін без А. Гипофиз Ә. Қалқанша без Б. ұйқы безі 8. Бүйрек үсті безі бөлетін гармон А. Инсулин Ә. Адреналин Б. Эстероген 9. Мида орналасқан бездер А. Гипофиз, эпифиз Ә. Тер, жас, сүт бездері Б. Жыныс бездері, ұйқы безі 10. Жамбас қуысында орналасқан бездер А. Ұйқы безі Ә. Жыныс безі Б. Айырша без
| -Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
Бағалау 9-10 балл — “5” 7-8 балл – “4” 1-6 балл – “3” 1-3 балл – “2” Бағалау парағына үй тапсырмасы бойынша топ басшысы тест қорытындысын қояды | Формативті бағалау -Тамаша; -Бәрекелді; -Өте жақсы — | -Таратпа қағаздар; -Бағалау парақшасы. Интербелсенді тақта |
Тұсаукесер 3 минут | «Ой қозғау» Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. «Диалогтік оқыту/ БЖӘ, түрткі сұрақтар, қайта бағыттау» Мақсаты:ойды дамытып, жинақтау. | -Адам ағзасында бездер қандай топтарға бөлінеді? -Қандай бездердің түрлерін білесіңдер? -Аралас бездерге қандай бездер жатады? -Бүйрекүсті безі қандай гормон бөледі? -Ұйқы безі қандай гормон бөледі? — Қантты диабет туралы және ауруының пайда болу себебін естігендерің бар ма? | Оқушылар жауап береді. -Сырқы, ішкі, аралас бездер; -ұйқы безі, жыныс безі, қалқанша безі, қалқанша маңы безіт.б; -ұйқы безі және жыныс безі; -адреналин гормонын бөледі; -инсулин гормонын бөледі. | Мадақтау арқылы ынталандыру. -Бүгін сен сұрақтарға өте жақсы жауап бердің! -Өте жақсы! -Керемет! -Бәрекелді! | «POWER POINT» таныстырылымы |
Негізгі бөлім 20 минут | Мәтінмен жұмыс.
| Жекелей оқу, Жұппен талдау, Топпен талдау, Постерге түсіру | Жекелей оқиды, Жұптасып талдайды, Топпен талдайды, Постерге түсіреді | Мадақтау. -Өте тамаша; -Бәрекелді; -Керемет. | Постер Маркер
|
Қорытынды бөлім 3 минут | «INSERT»картасымен жұмыс Мақсаты: оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрету. | -слайдтық көрсетілім; -интербелсенді тақтадан ұйқы безі туралы видео көрсетеді. | -слайдты көре отырып, «INSERT»картасымен жұмыс жасайды; V + ? V-білемін; + -мен үшін жаңалық; ?-сұрақ тудырады
| Интербелсенді тақта, Слайд маркер, стикерлер | |
Үйге тапсырма Бағалау 2 минут | §12. «Ұйқы безі және жыныс бездеріне» Венн диаграммасын сызу. | Үйге тапсырма- береді. -Топ басшыларынан бағалап беруін сұрайды. | Топ басшылары топ мүшелерін бағалап береді. | Топ басшылар мен мұғалім оқушыларды бағалайды.
| Бағалау парағы. |
Сергіту сәті 5 минут | «Көңілді күн» Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Оқушылардың шаршағанын басу, би арқылы бойларын сергіту. | Оқушылар белсенділік танытып, бойлары сергиді. | Мадақтау. -Өте тамаша; -Бәрекелді; -Керемет. | Интербелсенді тақта
|
Биология пән мұғалімі: Садибекова Л.К.
- Ішкі секреция бездеріне жатады
А. Гипофиз, эпифиз
Ә. Тер, жас, сүт бездері
Б. Жыныс бездері, ұйқы безі
- Гипофиздің массасы
А. 15-20 г
Ә. 0,5-0,7 г
Б. 0,20-0,25 г
- Аралас бездерге жатады
А. Гипофиз, эпифиз
Ә. Тер, жас, сүт бездері
Б. Жыныс бездері, ұйқы безі
- Инсулин гармонын бөлетін без
А. Гипофиз
Ә. Қалқанша без
Б. ұйқы безі
- Микседема ауруы туындайды, егер:
А. Қалқанша бездің гармоны аз бөлінсе
Ә. Қалқанша бездің гармоны көп бөлінсе
Б. Йод жетіспесе
- Кеуде қуысында орналасқан без
А. Ұйқы безі
Ә. Жыныс безі
Б. Айырша (тимус) безі
- Өсу гармонын бөлетін без
А. Гипофиз
Ә. Қалқанша без
Б. ұйқы безі
- Бүйрек үсті безі бөлетін гармон
А. Инсулин
Ә. Адреналин
Б. Эстероген
- Мида орналасқан бездер
А. Гипофиз, эпифиз
Ә. Тер, жас, сүт бездері
Б. Жыныс бездері, ұйқы безі
- Жамбас қуысында орналасқан бездер
А. Ұйқы безі
Ә. Жыныс безі
Б. Айырша (тимус) без
Бездер | Қызметі | Жыныстық жетілуді реттеудегі ролі |
Гипофиз | ||
Қалқанша безі | ||
Бүйрекүсті бездері | ||
Жыныс бездері |
1.Омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездеріні ішіндегі ең ірісі:
А.Айырша без; В.Бүйрекүсті безі; С.Ұйқы безі;Д.Жыныс безі; Е.Қалқанша безі.
2.Ересек адамдағы қалқанша безінің салмағы:
А.30-60 гр; В.30-50гр; С.30-40гр;Д.30-20гр;Е.30-10гр.
3.Қалқанша безден бөлінетін грмондар жетіспесе адам қандай ауруға ұшырайды:
А.Микседема;В.Базедов ауруы;С.Эндемиялық зоб;д.Кретинизм; Е.Акромегалия.
-тапсырманың орындалуын қадағалайды;
-жауап парағына бағаларын түсіртеді.
INSERT»картасы — V + ?
V-білемін; | + — мен үшін жаңалық; | ?- сұрақ тудырады |