«Білім биржасы» зияткерлік ойыны

Шараның аты: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны

Шараның мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зейіндік қабілетін дамыту.

 

Ойынның барысы: Ойынға 8 адам қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.

І-тур. Білім аукционы.

ІІ- тур. Эрудиттер сайысы

ІІІ-тур. Таңдау табыс.

ІҮ. Сыйлықтар аукционы.

 

Шараға қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар

 

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл- ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылар. Ендеше кезек оқушыларда. (әр оқушы өз аты мен ұранымен таныстырады.)

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р- Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр оқушыда 50 эвродан бар. Бұл- бастапқа капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы- 10 эвро. Әр оқушы бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол оқушыға беріледі, ал қате жауап айтылса, онда оқушы өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер оқушы қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда- банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыру дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

 

Аукционға №1 лот – Ежелгі дүние жүзі тарихы пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 10 эвро. Қай акционер  жоғары баға  береді? ….. сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда оқушы өз қорына … эвро қосады.

Сұрағы: Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті- түрі-түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні, нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі неде?

Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты.

 

№2 лот. Аукционға математика пәні қойылады. (сауда жүргізіледі)

Сұрағы: Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?

Жауабы: 15 км/сағ

 

№3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы. (сауда жүргізіледі)

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған Ұлы тұлға – Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Ол  астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар.Ол кісі сол замандағы ірі мәдениет орталығы – Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Оның  көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Бұл Ұлы адам кім?

Жауабы: Архимед.

 

№4 лот. Аукционға орыс тілі пәні қойылады. (сауда жүргізіледі)

Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду: загадка, задача, ребус,игра, шарада

Жауабы: ребус.

 

№5 лот. Күміс қобдиша. (сауда жүргізіледі). Қобдишада не жасырынған?

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар!

Жауабы: тышқан

 

№6 лот. Аукционға қазақ әдебиеті пәні қойылады. (сауда жүргізіледі)

Сұрағы:

-Өзің  білмес ісіңді

Білгендерден сұрап біл.

Өліп жатсаң, наданнан

Қабіріңді жырақ қыл! – деген өсиет сөзді кім айтты және қай шығармадан алынды?

Жауабы: «Жиренше мен Қарашаш сұлу» әңгімесі (шешендік сөзі), Жиреншенің сөзі.

Осымен І тур аяқталды. Қоғары капитал жинаған оқушы …

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр оқушы берілген уақыт – 1 минут. Әрбір дұрыс жауап құны- 10 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті»,- деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар оқушыдан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!

 

 ІІ тур. Эрудиттер сайысы.

1-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? (9-шы)
  3. Геометрияның негізін қалаған  математик. (Евклид)
  4. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  5. Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап. (х)
  6. Медеуге  бара  жатқан  Бауыржанға қарсы  4 адам  кездесті. Әр қайсысының қасында 1 баладан бар.  Медеуге қанша адам бара жатыр?  (Бауржан)

2-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстанның Республика күні? (25 қазан)
  2. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.(диаметр)
  3. 640 саны 5-ке бөліне ме?(ия)
  4. 1 километрде неше метр? (1000 метр)
  5. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады?(өзара кері)
  6. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы(принтер)

3-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. ҚР-да қанша облыс бар? (16)
  2. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? (Жер)
  3. Женский, мужской, средний. Это? (род)
  4. 8 кг  алмадан  тосап қайнату үшін оған оған 4 кг қант қосады. 24кг алмадан  тосап қайнату үшін оған қанша кг қант қосу керек?                   (12 кг)
  5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек(дұрыс)
  6. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді(радиус)

4-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. Әріпті  өрнектің алдындағы  сандық көбейткіш қалай аталады? (Коэффициент)
  2. Күшіне сенген бір мықты, жығып алып  сегізді барайын қайда дегізді? (шексіздік)
    1. 25 пайыз жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен қалай аталады?                                                                                                     ¼;  0,25;
    2. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде   барлығы неше мысық отыр. (4 мысық)
    3. 1 сағатта неше минут бар?(60 минут)
    4. Барлық қабырғалары  тең төртбұрыш. Шаршы

5-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. Санның жүзден бір бөлігі. Процент
  2. Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.
  3. Метрде қанша сантиметр.Жүз
  4. Ең кіші жай сан. 2
  5. Тік бұрыштың шамасы . 900
  6. «Юлиан күнтізбесін» кім жасады? (Юлий Цезарь)

6-оқушыға арналған сұрақтар:

  1. Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік
  2. Математика патшасы. Арифметика
  3. 7 мен 8-дің  арасына қандай таңба қойғанда, 7-ден  үлкен, 8-ден кіші сан шығады. 7,8
  4. Диаметрдің жартысы. Радиус
  5. Ақпарат сөзі қандай тілден аударылған? (латын)
  6. Ұя салмайтын құс? (көкек)

Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», — деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

 

ІІІ тур «Таңдау – табыс» деп аталады. Әр оқушы ұсынылған пәндерден біреуін тағдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 50 евро. Таңдауды капиталы аз оқушы таңдайды.

ІІІтур. Таңдау – табыс. Қазақ тілі.

Екі буынды екі сөздің бірінен- бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай      сөздер? Жауабы: үкі, екі

 Орыс тілі

Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?

Жауабы: 4 буквы, 3 звука

Математика

Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

Жауабы: 120*1//3=40,120-40=80 см

Қазақстан тарихы.

Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

Жауабы: Қожа ахмет Йасауи, Түркістан қаласы

Логика.

  1. Жанар қағазға  86 теңгені жазып, өзінің жолдасына  айтты. Ешқандай жазу жазбай  осы қолындағы қағазды 12-ге арттыруды өтінді. Ол қалай?

                                                                                                  (86-98)

Енді оқушылардың жауаптарын тыңдайық. Эксперттерден оқушылар жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

 

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақшар қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? (100-ге дейін)

 

№1 лот.

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап)

 

№2 лот

Он екі парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.(дәптер)

 

 №3

Ол – оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)

 

 №4 лот.

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенмен тұмсығынан өледі. (қалам)

 

 

№5 лот.

Күн-күн сайын жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық.(күнтізбе)

№6 лот.

Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(қаламсап)

№7 лот.

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

№8 лот

Бірге барып сыныпқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады. (күнделік)

 

 

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыз.

Қатысқандарыңызға рахмет!