«Білгірлер тапқырлар» атты білім сайысы
«Білгірлер тапқырлар» атты білім сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика және математика, физика
пәндерінен алған білімдерін жинақтау, олардың білімге деген
құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін
тереңдету, интелллектуалдық қабілетін дамыту.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!
“Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын”, – деп бүгінгі “ Білгірлір тапқырлар” атты білім сайысымызға қош келдіңіздер!
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың оқушылары. Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде!-демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
Бүгінгі біздің сайысымызға 10 «А» ,10 «Ә» ,11 «А» сынып оқушылары қатысып отыр. Бүгінгі біздің
сайысымыз 5- бөлімнен тұрады:
1-бөлім Таныстыру
2-бөлім «Мақал-сөз мәйегі»
3-бөлім «Қас-қағым сәт»
4-бөлім Бәрін білгім келеді
5-бөлім Пікір талас
Білімі деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-дей отырып, «Таныстыру» бөлімін бастайыз.Оқушылар өздерін топтарын таныстырады .
Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,- дей отырып,ойнымыздың «Мақал-сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі,осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет 10 ұпайдан есептеледі.
1.Жігітті комппьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2.Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құалады)
3.Вирустан қорыққан,Интернетке шықпас
(Шегірткеден қорыққан,егін екпес)
4.Компьютердің жұмысы,иесіне мәлім (Аттың сыры,иесіне мәлім )
5.Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды (Досы күштіні-жау алмайды)
6.Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
7.Компьютерде екі колонка,дауысы жер жарады
(Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады)
8.Компьютер жаны процессорда (Балық жаны суда)
9.Веб- дизайыншының өз еркі,сайтты қалай жасаса
(Қазаншының өз еркі ,құлағын қайдан шығарса)
10.Білмесең «анықтамадан сұра » (Білмесең білмегеннен сұра )
11.Бір ядролы процессор жақсы,2 ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан,екі ақыл артық)
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып,ойынымыздың «Қас-қағым сәт» бөліміне де келіп жеттік Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 15 ұпайдан есептеледі.
1.Принтердің неше түрі бар ? (3 түрі бар)
2.Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
3.Ақпаратты шығару құрылғысы? (Принтер)
4.Екі қабырғасы тең үшбұрыш(тең бүйірлі үшбұрыш)
5.Компьютер жанындағы өсімдік? (Кактус)
6.Екі санның қатынасының теңдігі (пропорция)
7.Дыбыс шығару құрылғысы? (Колонкалар)
8.Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)
- Дүниежүзілік компьютерлік желі. (Интернет)
10.Қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
- «Компьютердің миы» деп нені атайды? (Прецессор)
12.Ең үлкен хорда (диаметр)
13.Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
14.Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)
15.Ауа мен сұйықтық ретсіз қозғалыс (Броундық қозғалыс)
16.Алғашқы есептеу құралы (есепшот)
- Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама? (Температура)
18..Интернетке қосушы құрал? (модем)
19.Қандай металдардың жылу өткізгіштің үлкен? (Мыс пен күміс)
20.Компьютердің маман (программист)
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты солЕңбектену жалықпау»-дей отырып,ойнымыздың «Бәрін білгім келеді» бөлімін –де әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беру қажет.Әр бір сұрақа дұрыс жауап берілсе 10,20,30,40, ұпай беріледі
Информатика
10.Адам ақпаратпен не істейді?
( Ақпаратты сақтайды,таратады,өңдейді)
20.Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды?
(ХХ ғ. І-жартысы)
30Алгоритм қасиеттерінің неше түрі бар (5 түрі бар)
40.Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969 жылы)
Математика
- Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзеулер (Айқас)
20.30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? (Гипотенузаның жартысына тең)
30.Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді (Жер өлшеу)
40.Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («Әл-жебр» деген араб сөзінен шыққан)
Физика
10.Сүйықтық бетінде жүретін булану? (Кебу)
20.А.Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші? (Тауық)
30.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (Электр тоғы)
40.Бойынан жарық таралатын сызық (Сәуле)
Ғалымдар
10.Компьютердің атасы(Чарльз Бэббидж)
20.Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым? (Аристотель)
- Координаттар жүйесін ең алғаш кім енгізген? (Декарт)
- Математика, дәрігер,ақын,музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өоенді
Жеңістің мынау шыңына,-деп келесі Пікір- талас.Тақырыбы:Компьютердің пайдасы және оның зияны.Әр топ өздерінің ойларын ортаға салады.
Жетпесіңе жеткізген
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс!-деп,әділқазылар алқасына сөз береміз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?-деп алғыс білдіреміз.Қош сау болыңыздар!