Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға құс шаруашылығы, үй құстарының арғы тектері, еліміздегі құс шаруашылығы жайында түсінік беру
- Тәрбиелік: Оқушыларды құстарды күтіп – баптауға, ұқыпты, жинақы болуға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Оқушылардың құстар жайындағы түсініктерін молайта отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ҮӘЖ, үлестірмелі тапсырма, жобалау, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, видео ролик, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: физика, математика, дүниетану, жаратылыстану.
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақ
- Сабақты қорытындылап, бағалау
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, керекті материалдарды журналға түсіріп, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық жаттығу
Ой- маржан (ұйымдастыру кезеңі)
Өткен сабақты қайталау, жинақтау.
- Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)
- Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
- Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)
- Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)
- Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)
- Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)
- Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)
- Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)
- Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?
- Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм –колибри)
- Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
- Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альбатрос 75-85күн)
- Үй тапсырмасын сұрау:
- Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген құстар туралы шағын хабарлама дайындаңдар.
- Құстарға қатысты мақал – мәтел, аңыздарды теңеу сөздрді жинап , оларды талдаңдар.
- Жаңа сабақ:
I -деңгей
- Асыранды үй құстарының түрлерін ата.
Үй құстары |
(тауық, күркетауық, үйрек, қаз, мысыр тауығы, жапон бөденесі, көгершін, тауыс, баққунақ).
- Үй құстарының адам үшін маңызы? (жұмыртқасы, ет өнімі, мамық, сәндік бұйымдар үшін).
II -деңгей
1-тапсырма: Қолға үйретілген асыранды құстардың қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен тауып жаз:
Р/с | Түрлері | Отрядтары |
1. | Тауық | |
2. | Үйрек | |
3. | Қаз | |
4. | Күркетауық | |
5. | Көгершін | |
6. | Баққунақ | |
7. | Жапон бөденесі |
2-тапсырма: Асыранды құстардың арғы жабайы тегін тақырып мәтінінен тауып жаз.
А. Тауықтың ______________________________________________________
Ә. Үйректің_______________________________________________________
Б. Қаздың_________________________________________________________
3-тапсырма: Үй тауығының қандай бағытта өсірілетінін және оған қандай тауық тұқымдары жататынын кестеге толтыр:
Р/с | Өсірілетін бағыттары | Тұқымдары |
1. | ||
2. | ||
3. |
4-тапсырма: Сұрақтардың дұрыс жауаптарының астын сызып көрсет:
А. Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай аталады – түр, іріктеме, тұқым, бройлер.
Ә. Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш рет қолға үйретілген асыранды құс: — тауық, күркетауық, қаз, бөдене.
Б. Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс – цесарка, үйрек, тауыс, тауық.
III –деңгей
1-тапсырма: «Ордабасы құс» фабрикасынан бір айлық 100 үндік балапаны көтерме бағадан 1000 теңгеден сатып алынды. Оны 3 ай бағып әрқайшысы 15 килограм тартқанда «Ордабасы құс» фабрикасына килограмын 500 теңгеден қайта өткізілді. Одан түскен табыс қанша болды?
Әрбір үндік балапаны 3 айда 30 килограмм байытылған жем жейді. «Ордабасы құс» фабрикасының өзінде өндірілетін байытылған құрама жемді килосын жеңілдікпен 70 теңгеге әрбір балапанға 3 айға лайықталған жем сатып алынады. Содан шыққан шығынды үндіктен түскен табыстан аламыз және балапан сатып алған шығынды да аламыз. Сонда қанша пайда түсті?
(100*1000)-(100*15*500)-(100*30*70)=750000-100000-210000=440000
2-тапсырма: Базардан 100 қаз балапаны 400 теңгеден сатып алынды. 100 қаз балапанының 6 ай жейтін жемінің шығыны 10000 теңге.
6 айлық қаздың әрбір басын 3500 теңгеге сатылды. Одан түскен табыстан шыққан шығынын аламыз. Сонда қанша пай болды.
(100*3500)-(100*400+10000)=350000-50000=300000
3-тапсырма: Бір қорада 100 жұмырқалағыш бағытындағы жылына 200 жұмыртқа беретін Голландиялық қолтұқымды тауығы бар. Оладың әрқайшысы айына 5 килограмм жем жейді. Жемнің килограмы 60 теңгеден.
Бұл шаруа қожалығы 6 ай бойы 10 сағат 500Вт лампамен жасанды жарық қосады. 6 айда жасанды жарыққа қанша шығын шықты? Жылына бұл шаруа қожалығы қанша пайда табады?
180күн*10сағ*500Вт=900000/1000=900кВтсағ*12тг=10800
(100*200*35)-(100*5*12*60)=700000-360000-10800=329600
Қорытынды: Бағалау.
Биология пәні бойынша 7 сыныптың «Ашық журналы»
Оқушылардың аты-жөні | 1-ші деғгей (5 балл) | 2-ші деңгей (4 балл) | 3-ші деңгей (3 балл) | Сыныпта жиған балы | Үй жұм. балы | Барлық балы | Бағасы | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11
| 12
| |||||
Арыстан Қарлығаш Ерболқызы | ||||||||||||||||
Әбіл Мадина Ерланқызы | ||||||||||||||||
Беркінбай Аружан Ғабитқызы | ||||||||||||||||
Байырханұлы Нұрғанат | ||||||||||||||||
Жайдарханов Нұрдәулет Дайырханұлы | ||||||||||||||||
Нұртай Бекжан Маратұлы | ||||||||||||||||
Пернебай Данияр Қанатұлы | ||||||||||||||||
Рысбек Сақтат Азаматұлы |
Рефлекция:
Үйге тапсырма: