Интернет – бүкіләлемдік анықтама
Сабақтың тақырыбы: Интернет – бүкіләлемдік анықтама
Класы: 9 класс
Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету
А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру
Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Көрнекілік: компьютер, кітап-журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Сабаққа даярлығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Модель және модельдеу
- Модельдеу түрлері
- Модельдеу кезеңдері
ІІІ. Жаңа сабақ
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады.
Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. Интернеттегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы.
Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.
Келесі қадам – ЖИГСО немесе отбасылық әдіспен оқушыларға мәтіндер таратылады. Екі топқа бөлемін. Ортаға текст тасталып, оқушылар талқылайды. Кейін орындарына отырып, тексттен оқығанын кестеге толтырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Қорытындылай келе ассоциацияға мәтіннен оқыған жаңа терминдер мен ұғымдарды жазады.
Бес жолдық өлең
- Интернет
- қызықты, ақпаратты
- мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады
- Интернет – компьютерден құралған
- Ақпараттық өріс
Венн диаграммасы: Электронды пошта мен кәдімгі поштаны салыстыру
Келесі кезек оқушылардың білімін жүйелеу үшін кубик лақтырып, сұрақтарға жауап аламын.
- Компьютерлік желі неше түрге бөлінеді?
- Желімен байланыс жасау түрлері
- Интернет дегеніміз не?
- WWW абревиатурасы
- Электрондық почта неге қажет?
- Электрондық адресті құрғанда қандай символдарды қолданамыз?
Сабақты бекіту үшін ІІ нұсқа, 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Берілетін уақыт – 7 мин.
Сабақты қорытындылау:
Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі.
Үйге тапсырма: ҰБТ-ға байланысты ақпараттар жинап келу, 8.1, 8.2-тақырып
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау