Outlook Express бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы: Outlook Express бағдарламасы

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға Outlook Express бағдарламасының жұмыс істеу

принципі мен бағдарламамен жұмыс жасауын меңгерту.

Оқушылардың Outlook Express бағдарламасы бойынша алған

білімдерін қорытындылау.

дамытушылық:

  • Оқушылардың ойлау қызметін дамыту;
  • Оқушылардың танымдық ойлауын дамыту;
  • Оқушылардың өз жұмыстарында өзін — өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
  • Оқушылардың бір-бірінің жауаптарын талдауды дамыту;
  • Оқушылардың уақытқа тәуелді жұмыс атқаруын қалыптастыру;
  • Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
  • Outlook Express бағдарламасын пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру;

тәрбиелілік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке,

өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық

мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

 

Білім мен білік дағдыларына қойылатын талаптар:

Оқушылар білуге тиіс:

  • Интернет ұғымының негізгі түсініктерін;
  • Интернетті пайдалану ережелерін;
  • Уақытты үнемдеуді;
  • Электрондық адрес ұғымын;
  • Электрондық хабар ұғымын;
  • Электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін;

Оқушылар істей алуы тиіс:

  • Дербес компьютерді пайдалануды;
  • Интернетпен жұмыс істеуді;
  • Хабарларды жіберуді және қабылдауды;
  • Хабарларға жауап қайтару мен оны қайта жөнелтуді;
  • Хабарламаларға файлдарды тіркеуді;

 

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ақпараттық, көрнекіліктік, иллюстративтік,

дербес компьютермен жұмыс,

Венн диаграммасы, ассоциация

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, электрондық оқулық,

шаблондар, модем, Интернет желісі, тапсырмалар,

бағалау парағы, тест тапсырмалары

Сабақтың ұйымдастыру формасы: ұжымдық, жеке, практикалық жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: Информатика, ағылшын тілі, орыс тілі,

Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.   2 мин.

 

Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Дербес компьютерді пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін ескерту.

 

INSERT картасы

 

Мен білемін +Мен істей аламын +Мен білгім келеді?

 

 

ІІ. Өткен материалдарды бекіту. 3 мин.

(Информатика + Ағылшын тілі)

Оқушыларға бақылау  сұрақтарын бере отырып өтілген материалдарға шолу жасау.

Берілетін сұрақтар:

 

  1. Outlook Express бағдарламасы не үшін қажет?
  2. Outlook Express бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
  3. Outlook Express бағдарламасының терезе элементтерін атаңыз?
  4. Outlook Express бағдарламасын пайдалану үшін не қажет?
  5. Outlook Express бағдарламасындағы смайлик дегеніміз не?

 

ІІІ. Outlook Express бағдарламасымен жұмыс. 25 мин.

 

  1. Электрондық оқулықтың 12-модулін ашу. (10 мин.)
  2. Модулге жалпы шолу.
  3. Модульдің тақырыптарына шолу.

 

 

 

1-сурет. Outlook Express бағдарламасының терезесі

 

 

2-сурет.                           3-сурет.                             4-сурет.

               Хабарлама құру                 Файл тіркеу                     Бланк қолдану

                       терезесі                            терезесі                              терезесі

 

  1. Тапсырмалар орындау. (Электрондық оқулық) (10 мин.)
  2. Тест. (Электрондық оқулық).(5 мин.)

 

  1. Сөздікпен жұмыс. 5 мин.

 

  1. Электрондық пошта – бұл желі арқылы хабар алмасу жүйесі.
  2. Пошталық сервер – электрондық поштаның жұмысын басқаратын желідегі орталық компьютер, оның сыртқы жадында әрбір тіркелген пошталық жәшік үшін орын беріледі.
  3. Смайлик – көңіл – күй.
  4. Логин – электрондық поштаны пайдаланушының аты
  5. Пароль – пайдаланушының электрондық поштаға кіру құпия кілті
  6. E-mail – пайдаланушының электрондық адресі
  7. Web – пошта – пайдаланушының электрондық поштасы

 

  1. Сабақты қорытындылау. 5 мин.

 

Оқушылар шаблондар көмегімен өздеріне электрондық пошта құрудың үлгісін жасайды.

 

  1. Бағалау. 3 мин.

Бағалау парағы

 

Оқушының аты – жөні ______________________________________

Курсы ______  Тобы   __________

 

Р/сБелсенділігіАқпараттық мәдениетіТапсырмаларТес жұмысыКомпьютерлік сауаттылығыСөздікпен жұмысҚорытынды

 

Рефлексия

 

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы ұнады ма?
  • Сабақтың мақсаты орындалды ма?
  • Өз мақсатыңа жеттің ба?
  • Сабақта қандай жұмыстар атқардың?
  • Сабаққа қалай ат салыстың?|
  • Сабақтың барысында қандай қиындықтар кездесті?
  • Шаршадың ба?

 

( Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл – күйлерін компьютерлік смайликтер бойынша көрсетеді.)

 

VII. Үй тапсырмасы. 2 мин.

 

1 – деңгей. Газет-журналдардың электрондық поштасын жазып келу;

2 – деңгей. Телехабарлардың электрондық поштасын жазып келу;

3 – деңгей.

мен ұнататын телехабарларының электрондық поштасын жазып келуді тапсырамын.