Гүл — өмір көркі

Бекітемін:

Тәрбие –ісінің меңгерушісі:                   А.Ерғалиев.

Биология: Үйірме сабағы 7 «ә» сынып

Үйірме  жетекшісі: Хилауова А.

Сабақтың тақырыбы: “ Гүл — өмір көркі ”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Гүлді өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін, түрлерін, соның ішінде сәндік, бөлме, далалық гүлдердің түрлерін ажырата білуге, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы айту. Оқушыларға өсімдіктер дүниесіндегі ең маңызды бөлігі –  өміріне сән беретін гүлге деген  сезімін оята білу, ұғым беру.

Дамытушылық: Гүлді  өсімдіктер және олардың маңызы туралы білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Гүлдерді өсіре білуге, күтіп-баптауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру

Көрнекілігі: Гүлдерге байланысты нақыл  сөздер: “Гүлдер – біздің досымыз”, “Гүл — өмір сәні”

Сабақтың түрі: Гүлдер әлеміне саяхат

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс,  көрнекілікпен жұмыс.

Сыныпты  4  топқа бөлу: 1- топ:  « Бәйшешек ».   3 – топ: « Райхан »

2-топ:  « Қызғалдақ ».     4 – топ: « Жауқазын »

Сайыс кезеңдері:

І. Ұйымдастыру

ІІ. « Гүл сыйлап, тілек айту » тренинг

ІІІ. Топтар таныстыруы.

ІV. «Үйдің сәні – гүл»  Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек екенін айту.

  1. « Шебердің қолы ортақ » үй тапсырмасы

VІ. « Гүлдер әлемі»  презентация қорғау.

VII. « Сан сұраққа саяхат » қызықты сұрақтар

VIII. «Әсем суреттер» топ жетекшілер сайысы

IX.Қорытынды.

Әділ – қазылар алқасы: Оқу-ісінің меңгерушісі — Бисекенова Сауле, Тәрбие-ісінің меңгерушісі — Ерғалиев Абат. Химия пән мұғалімі Қуаналиева Шолпан. Мектеп психологі —  Гумарова Гүлімжан. Ғайнеден Әселханым – оқушы.

Тренинг  «Гүл сыйлап, тілек айту»

 

ІІІ. Топтар таныстыруы: Топтар өздерін таныстырып өтті.

  • топ: « Бәйшешек »  3 – топ: « Райхан »

2-топ:  « Қызғалдақ »  4 – топ: « Жауқазын »

 

ІV. «Үйдің сәні – гүл»  Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек екенін айту.

Әр топ  бөлме өсімдіктерінің 3 түрін әкеліп, әр гүлдің атауын, шыққан жерін, өсу ерекшеліктерін айттып берді.

1 топ: « Бәйшешек »                                            2 топ: « Жауқазын »

 

3 топ: «Қызғалдақ»                                         4 топ: «Райхан»

 

  1. « Шебердің қолы ортақ » үй тапсырмасы. Топ мүшелері табиғи материалдардан әр түрлі заттар жасап қорғады.

 

VІ. « Гүлдер әлемі»  презентация қорғау. Әр топ гүлдерге байланысты презентация қорғады.

 

VII. « Сан сұраққа саяхат » қызықты сұрақтар. Топтар бір – біріне қызықты сұрақтар қойды.

 

VIII. «Әсем суреттер» топ жетекшілер сайысы. Топ жетекшілері далапты пайдаланып қағазға гүл суреттерін салды.

 

ІХ. Қорытынды. Әділ – қазылар  сайыс қорытындысын айтты. Оқушылар марапатталды.