С. Торайғыров « Кедей»

 

 

Күні:

    Сабақ: әдебиет

Сабақтың тақыры: С. Торайғыров « Кедей»

Сабақтың мақсаты: С.Торайғыровтың  «Кедей» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы, өлеңнің мазмұнын ашады. Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдыландырып,  тіл байлықтарын арттырып, сөздік қорын молайту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: топпен жұмыс

Қолданылатын стратегиялар: Венн диаграммасы, 5 жол өлең,  кесте, тірек сызба

                                       Сабақ  барысы:

 

1.Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.

Қара достым жан-жаққа,

Дайынсың ба сабаққа?

Кітап, дәптер, қалам да,

Бәрі-бәрі орнында…

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1,2,3 сандарын қайталату арқылы  топқа  бөлу

I – топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын  сұрау

Сұрақтар:

-Бұл әңгімеде оқиға қандай кезеңде болған?

(Ашаршылық кезеңде болған)

  • Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

(Әкесі Мақтым тамақ әкеле ме деп күтеді)

  • Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

(Жылаған себебі тамағы жоқ, сол кезде ашаршылықтан қатты  қиналды.Жоқшылық жандарына батады, сондықтан жылады)

II – топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

1894 ж Қостанай обл,Таран ауданында дүниеге келген.  Қазақтың көрнекті жазушысы , қазақ әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі, ақын, драматург. 1 жасқа толмай жатып әкесінен, алты ға шығарда  шешесінен  айырылған.  Жетім қалған ол  байларға жалданады.Ауыл молдасынан сауат ашып, хат  таниды.1915 ж « Садақ» қолжазба журналы шықты. Ол 1911-1915 жыл Уфадағы « Ғалия» медресесінде оқыған.  1938 жылы  жалған атмен дүниеден өтті.

III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?

Қазақ халқының аштыққа  душар болуының себебі, бірінші ашаршылық Ресейдегі азаматтық соғыстың кесірінен болса, екінші табиғи апат , қолайсыз ауа райының салдарынан  орын алған ашаршылық. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқының  түгелдей дерлік босып шет елдерге өтіп, жете алмағандары жалда қалып, қаншама қазақ  атамекенінде құрылып қалды.

  1. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Тест сұрақтары:

 

 

1.Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай  кезең суреттелген?

А. соғыс жылдары

Б.  ашаршылық  жылдары

В. жоңғар шапқыншылығы

2.Ашаршылық қай жылдары болған?

А. 1941-1945 жылдары

Б. 1936 жылы

В. 1930-1932 жылдары

3.Жырлағаным –кедейдің жыры,

Сырлағаным-кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір-

Мен дағы сол кедейдің бірі.

Бұл кімнің сөзі?

А. Б.Майлин

Б. Қабанбай батыр

В.  Б.Соқпақбаев

  1. Ой қозғау Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?

-Кедей..

-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?

кедей

 

 

 

 

 

 

 

  1.  Мағынаны тану.

Автор  туралы  мәлімен

 

 

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді оқып,  түсіндіреді.

2.Іштей оқу

Топтық жұмыс.

І топ: 1 шумақты оқиды. Тірек сөздер жазады.  Осы сөздер арқылы  өлеңнің  мазмұнын ашады.

ІІ топ: 2  шумақты оқиды. Тірек сөздер жазып,  өлеңнің мазмұнын айтады.

 

 

ІІІ топ:  2  мәтінде қандай жыл мезгілдері  берілген. Тақырыпта  сәйкестік бар бар?

І шумақ тірек сөздер: күзгі түн, ызғар, құрау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т.б

ІІ шумақта: ұзақ түн, иттен басқа, жаурау,  талай жасқа  т.б

ІІІ топ:І-ші әңгімеде  қыс қатаң  кедей  өмірі

ІІ-ші  әңгімеде күз ызғарлы ,с әйкестік  кедей

  1. Тапсырма: осы өлеңнің түртіп алу стратегиясы бойынша  түсініксіз сөздерді қарындаштарыңмен  түртіп алған сөздерінді  INSERT  стратегиясы  бойынша

толтырыңдар.

V. Білемін— Білмеймін? Үйренгім келеді.

3.Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не

білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.

4.Топтарда  толтырған кестелер арқылы пікір алысу.

5.Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды , ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.

  1. Сергіту сәті.

7.Ой толғаныс.

Әр  топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.

 

I топII топIII топ
Қазіргікездекедейадамдар бар
Қазіркедейадамжоқ.
Аштық,кедейлік болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?

 

 

 

-Әр топтың жауаптары  тыңдалып болғаннан кейін, өзім толықтырамын:

-Иә, балалар қазіргі кезде кедей адамдар бар, жоқ деп айтуға болмайды, неге олай, қазіргі кездегі кедей  адамдар жалқаулықтан, еріншектен, бос  жүруден, жұмыссыздықтан  болады.

8.Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін-келбеті. Мақалмәтелдер  айту

Тауда туған құлынның

Екі көзі таста болар,

Ашаршылықта туған баланың,

Екі көзі аста болар…

  1. Венн диаграммасы.

І топ:  « Күлпаш»  пен « Кедей»  әңгіме мен өлеңін салыстыру.

ІІ топ: Авторларды салыстыру.

ІІІ топ:  5 жолды өлең құрастыру.

 

 

С.Торайғыров

 

 

Ұқсатығы

 

“Күлпаш”

 

 

“Кедей”

ұқсастығы

 

Б.Майлин

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бекіту.Бес жолды өлең

1.Кім?-Кедей

2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,

3.Не істеді?-Қой бақты.

4.Не үшін?- Күнін көру үшін.

5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.

11.Қорытынды.

12.Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады.

13.Үйге тапсырма:   С.Торайғыров  «Кедей» өлеңін жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№19жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:

С. Торайғыров  «Кедей »

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі:                                  Шотыбасова А.А.

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы