Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары
Сабақтың тақырыбы: Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар (су, ауа,жылу), жемістер
мен тұқымдардың таралу жолдары туралы ұғым, білім
қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сезімін қалыптастыру, табиғатты
сүюге, аялауға тәрбиелеу, тұқымдарды жемістерді ажырата
білу.
Дамытушылығы: Өздігінен іздену, қосымша материалды пайдалану
өсімдікке бақылау жүргізе білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: ізденіс, кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Т.Ғалиевтің «Жүйелі оқыту әдісінің» элементтері,
тәжірибе, ой-өрбіту, проблемалық ситуация, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды көрсетілім, гүлшоғырлардың кеппе
шөптері, тұқымдар, жемістер топтамасы, шыны ыдыстар, су,
зертханалық құралдар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, білімдері тексерілді.
1- топқа
Қос жарнақты тұқымның құрылысы |
Кілтті сөздер:
1.Қабығы 2.Екі жарнағы 3.Ұрығы а) алғашқы сабақша
б) алғашқы тамырша
в) бүршікше
2-топқа
Дара жарнақты тұқымның құрылысы |
Кілтті сөздер:
1.Қабығы 2.Бір жарнақ 3.Эндосперм 4.Ұрық а) алғашқы сабақша
б) алғашқы тамырша
в) бүршікше
Жұмбақ-сурет. Суреттегі қай өсімдіктің тұқымы екендігін айыра отырып,
құрылысын белгілеу.
|
| |||||||||||
Қандай тұқым?_______________________ 1._________________________________ 2._________________________________ 3._________________________________ 4.___________________________________ 5._________________________________
| Қандай тұқым?_______________________ 1.________________________________ 2.________________________________ 3.________________________________ 4.________________________________ 5.________________________________ 6.________________________________ |
,
Үрмебұршақ, бидай өсімдіктерінің тұқымдарының құрылысын оқушы тауып, интерактивті тақтада жазып, түсініктер берді.
III.Жаңа сабақты түсіндіру: Тұқымның өнуі үшін қажетті жағдайлар су, ауа, жылу
су |
жылу |
ауа |
- Су- тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөрітуіне қажет. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына байланысты.
- Жылу- тұқымның өнуі үшін қажет.
- Ауа-өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтеді.
- Тұқымның өнуі үшін қажет жағдайларды тәжірибе жүзінде анықтау.
1.Тәжірибе. Ыдыстың түбіне еш нәрсе төсемей, кез-келген тұқымның 10-15 талын салып, құрғақтай қалдырамыз.
2.Тәжірибе. Ыдыстың түбіне мақта төсеп сумен дымқылдап, тұқым салып, бетін әйнекпен жабамыз.
3.Тәжірибе. Ыдыстың жартысына дейін су құйып, тұқымдарды саламыз. Үш ыдысты да жылы жерге орналастырамыз.
4.Тәжірибе. Дымқылдап мақта төсеп, үстіне тұқымды салып, тоңазытқышқа қоямыз.
Нәтиже: «Ой қорыту». Нені білдік? Бір аптадан соң тексергенде №1 ыдыста еш өзгеріс жоқ, Құрғақ тұқымдар өнбейді. №2 ыдыста тұқым қабығы жарылып, өне бастаған, барлық жағдай жеткілікті. №3 ыдыста тұқымдар ісінген, бірақ бұзыла бастайды. Ауа жетіспегендіктен. №4 ыдыстағы тұқымдар өнбеген, жылу жетіспегендіктен.
та
салқын |
H2O
|
H2O |
№1 №2 №3 №4
- Тұқымның өнуі дегеніміз — ұрықтан өскіннің дамуы. Ең алдымен ұрықтың
алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен
еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Тамырдан соң
бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады.
Қосжарнақты тұқымнан өскіннің пайда болуы.
- Жылу тұқымның өнуі үшін қажет. Әр түрлі өсімдіктердің тұқымдарын
белгілі температурада себу керек.
- Жемістер мен тұқымдардың таралу жолы.
Су арқылы |
Жел арқылы |
Өздігінен таралу |
Жануарлар арқылы |
бунақдене |
жел |
жел |
өздігінен |
өздігінен |
жел |
жел |
жануар |
IV.Жаңа сабақты бекіту: «Ойын-жұмбақ» жеміс теру.
Оқушылар себетке салынған жеміс-жидектердің суреттерін, муляждарын алып шығады. Оның арғы бетінде сұрақтар мен жұмбақтар бар. Соған жауап берді.
- Сұрақтар:
- Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар қандай?
- Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары қандай?
- Тұқымның өнуіне неліктен ауа қажет?
- Жұмбақтар:
- Бек тұрған, белін буып тек тұрған (Баубидай)
- Бауыздасаң қан орнына су ағар (Қарбыз)
- Көк лағым көгенде тұрып семірген. (Қарбыз)
- Пішіні бар домалақ, көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы шығады екен қоғалап.
Бес ай уақыт өткенде, қаптап алдым құмалақ. (Картоп)
«Кім шапшаң». Суретке қарап отырып, өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының топтарын, тұқым санын, таралу жолдарын түсіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың тұқымдарды, жемістерді, олардың түрлерін ажырата білу, өсімдіктерді тани білу, танымдық қызығуын арттыру.
- «Ойлан, тап» Әріптерді қолданып, өсімдіктердің атын құрау, тұқымын айырып жемістерін ажырату, кестені толтыру.
к, б, а, ұ, р, т, о, п, ш, қ, ы, з
Өсімдік аты | Тұқымы | Жемісі | Түрі |
Картоп | қос жарнақты | шырынды | Жидек |
Бұршақ | /-/-/-/-/-/ | құрғақ | бұршаққап |
Тары | дара жарнақты | құрғақ | дәнек |
Арпа | /-/-/-/-/-/ | құрғақ | дәнек |
Қарбыз | қос жарнақты | шырынды | жидек тәрізді |
Қорытынды: Сонымен балалар бүгін біз «Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары» тақырыбын өттік. Осы тақырып барысында біз білмейтін көптеген мағлұматтар алдық. Табиғатта өсімдіктердің түрлері өте көп, олар саналуан, бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
V.Бағалау:
- Үйге тапсырма: §28, 5-кесте