«Артықша туған азамат» Жамбыл Жабаев.

Сабақтың тақырыбы: «Артықша туған азамат» Жамбыл Жабаев.

Сынып: 8

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

а) мәтінді түсіне оқи отырып, сұрақ — жауап жолымен өз ойларын жеткізе білу;

ә) синоним сөздерді табу, сөз тіркестерін құрастыру;

б) жаңа сөздермен жұмыс.

  1. Дамытушылық:

а) оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорларын молайту;

ә) өлеңнің мазмұнын талдау арқылы тіл дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Өлеңді оқып, оның тәрбиелік мәнін ажыратып, өзін-өзі қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Пайдаланатын уақытМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіЕскерту, қандай материалдар қолданылады
1 минутҰйымдастыру кезеңіЖауап беруСұрақ — жауап
7 минутӨткен тақырыпты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру

 

Сұрақ — жауап

Мәнерлеп оқу

Жамбыл театрының әртісінің әңгімесі

Слайд

Бейнежазба

2 минут Жаңа тақырып

Кіріспе сөз

 Аудирование  құлаққаппен тыңдауКомпьютер
5 минут

 

4 минут

 

 

 

7 минут

Өлеңмен жұмыс:

 

-«мүшел» жастың ерекшелігі туралы түсіндіру;

 

-өлеңнің мәтінін талдау;

 

 

 

Сөздік жұмыс

Сөз тіркесін табу

Тыңдау

 

 

 

Жігіттің қасиеттерін анықтау

 

Оқулық

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

8 минутБес жол өлеңӨлең құрастыруБес жол өлеңнің үлгісі
7 минутМақал — мәтелТест тапсырмаларын орындаутест
4 минутҚорытынды жасау,

бағалау

Үй тапсырмасын беруКөмек-нұсқау жасау

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақты (тақырыпты) игеру.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ — жауап;

миға шабуыл;

түсіндіру;

әңгімелестіру;

жаздыру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер.

Сабақтың эпиграфы: Үш — ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).

Сабақтың барысы:

  1. Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Артықша туған азамат», бұл өлеңнің авторы Жамбыл Жабаев. Өткен сабақта біз «Жамбыл Жабаев – 100 жасаған ақын» деген тақырыпта әңгімелестік. Сондықтан, Жамбыл Жабаев туралы мағлұматтарды еске түсірейік.
  2. Сұрақ — жауап:

а)Жамбыл Жабаев кім? (2, 3 слайд)

ә)Ақын қайда туған? (4 слайд)

б)Жамбыл қандай болып өсті? (5 слайд)

в) Ол нені армандады?(6 слайд)

г)Ақын қандай атақты адамдармен кездесті  (7-9 слайд)

д)Біздің қалада Жамбылдың есімімен қандай мәдени орын аталады? (10 слайд)

е) Жамбыл Жабаев кімнен бата алды, ол Жамбылға кім? (11 слайд)

 

Батаның мәтінін бір бала ауызша жатқа айтады:

Түскен жолың даңғыл өмірің айдын болсын,

Домбыра садақ, өлең оқ орнымен жұмсай біл,

Шыншыл, әділ бол, көптің ойындағысын тап, сөзін сөйле.

Дүшпаныңа әрқашанда батыл бол,

Әрқашанда адал бол, жөн іске қамал бол,

Жаманға — қашық, жақсыға -асық бол.

Таусылмайтын — дәулет, тозбайтын сәулет берсін.

Сөзің асыл, ғұмырың ғасыр болсын,

Береке дарып, бақ қонсын, Әумин»  — деп бата берген екен.

 

  1. Осындай бата алған Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке айтуды өзінің осы ұстазынан үйренген, яғни, осы бата оның өмірлік ұстанымы болған.
  2. Өлеңді тыңдау (құлаққаппен компьютерден тыңдайды)

3.Сөздік жұмысы: жаңа сөздермен мәтіннен сөз тіркесін табу:

жігерлі — волевой, нәсілі — происхождение, кем — неполноценный, қажырлы -сильный, ем — лечебный, дария — большая река, жем — обманутый, приманка, қайыры —  милостыня, подаяние, благодеяние, сел — сель, бел — опора.

  1. Балалар, адам жасында сегіз мүшел болады:

13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97.

«Мүшел» деген сөз орысша «Старинное исчисление возраста по двенадцатилетнему циклу» Для казахов этот возраст считается роковым. Люди в этом возрасте  должны быть осторожными, предостерегаться от различных несчастных случаев; также в этом возрасте они должны совершать  добрые дела, чтобы получать благодарности, благословения.

Балалық мүшел — 13 жас

Жігіттік мүшел — 25, 37 жас

Ағалық мүшел — 49, 61 жас

Аталық мүшел — 73 жас

Кәрілік мүшел — 85, 97 жас (12 слайд)

«Артықша туған азамат» өлеңінің мазмұны жігіттік мүшел туралы. Жігіт 25, 37 жасында қандай болу керек?

Жігіттің жақсы, жаман қасиеттерін өлеңнің мазмұнынан аңықтаңдар:

 

Жақсы     қасиеттері:Жаман қасиеттері:
Жігерлі болуЖем болу.

 

Қажырлы болуБілімсіз болу

 

Бел болуКем болу

 

5.Бес жол өлең құрастыру.

1.Зат есім.

2.Сын есім.

3.Етістік.

4.Төрт сөзден тұратын сөйлем.

5.Синоним. (13 слайд)

1.Жігіт.

2.Жігерлі, қажырлы.

3.Болу керек, тұру керек, туу керек.

4.Жігіт сөзінде тұру керек.

5.Ер.

6.Жігіттің, ер — азаматтың қадір — қасиеті туралы қандай мақал — мәтел білесіңдер?

  1. 1. Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
  2. Ер жігіттің белгісі — әрі мырза, әрі құл.
  3. Батыр туса — ел ырысы,

    Жаңбыр жауса — жер ырысы.

4.Жігітке жеті өнер де аз,

  Жетпіс өнер көп емес.

  1. Ер шекіспей бекіспейді
  2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі
  3. Ер қанаты – ат

IV.Қорытыңды жасау. Бағалау.Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау.  Қорытынды сөз (14 слайд)