Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы

Сәтбаев  қаласы әкімдігінің «№16 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

 

 

 

       АШЫҚ   ТӘРБИЕ  САҒАТЫ

 

                                               

                Тақырыбы:  Елін сүйген,  Елі сүйген  Елбасы

                                          (интеллектуалдық  сайыс )

 

 

 

                                       Өткізген: қазақ  тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі

                                                            Хасенова  Замзагул  Кузтаевна

                                                 7Ә  сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Сәтбаев  қаласы, 2013-2014 оқу жылы

 

Сабақтың  тақырыбы :    Елін сүйген,  Елі сүйген Елбасы

Мақсаты:

1.Білімділігі: Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  әлемнің  аса ірі мемлекеттері  мойындаған Президент  екенін  таныту, саяси  сауаттылығын  арттыру;

2.Дамытушылық: Оқушылар  білімін  кеңейту, ой-өрістерін  дамыту, елбасымызға  деген  құрмет  сезімдерін  тереңдету;

3.Тәрбиелігі: Қазақстан Республикасының өркендеуіне  өз үлестерін  қосатын оқушылар  тәрбиелеу.

4.Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, рәміздер.

 

Сабақтың  өту  барысы:

  1. Мұғалімнің кіріспе  сөзі: Мұрагер  ӘО  10 күндігінің  өткізілуіне  байланысты
  2. Слайд көрсету  Қазақстан туралы

3.Сыныпты  2 топқа бөліп отырғызу

Смайликтермен  топтастыру  ( 2 түсті)

 

4.Әр топ  өзінің атын таныстыру, ұрандарын  айту;                                  (флешмод көрсету топпен)

 

Мұғалімнің  сөзі:

Елін   Сүйген, Елі  Сүйген  Елбасы

«1-желтоқсан-Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш Президенті  күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен, заңын қабылдағаны  баршамызға  мәлім.Бұл еліміздің  жаңа  тарихындағы  ерекше күн. Нақтырақ  айтсақ , яғни  1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық  сайлауда  Нұрсұлтан  Назарбаев  Мемлекет   басшысы болып  сайланды.Ғасырлар  бойы  халқымыздың  асыл  арманы  болып  келген  егемен  Қазақстанды  құру  жөніндегі ата-бабаларымыздың  тарихи  аманаты  орындалды. Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстандағы  жарқын  болашаққа  батыл  бастады.

 

 

Олай болса  осыған  байланысты  сұрақтарға  көшейік:

Елбасы  туралы 1000  сұрақ

1.Балалық  шағы:

1.Н.Назарбаевтың  туған  жылы,күні  қашан?

(1940 жылы, 6 шілде)

2.Туған  жері?

(Іле  Алатауының баурайындағы  Үшқоңыр  жері)

3.Елбасының  анасының  аты кім?

(Әлжан)

4.Елбасының  әкесінің  аты кім?

(Әбіш)

5.Елбасының  атын кім  қойған?

(Әжесі  Мырзабала)

6.Нұрсұлтан  Назарбаевтың  әкесі  қай  жерде дүниеге  келген?

(Әбіш  1903  жылы Алатаудың  бөктерінде, Назарбай  бидің  шаңырағында  дүниеге  келген)

7.Анасы  қай  жылы  дүниеге келген?

(Әлжан 1910 жылы  Жамбыл  облысы Қордай  ауданының  Қасық  ауылында  молданың  отбасында  дүниеге  келген)

8.Қай  жерде  оқыды?

(Украинадағы Днепродзержинск  қаласындағы  Днепр  металлургия  комбинаты  жанындағы  кәсіптік-техникалық  училище)

9.Украиндық  досының  аты кім?

(Н.Литошко)

10.Днепродзержинскіде  қанша  жыл  оқыды?

(Бір  жарым  жыл)

11.Училищені  бітіргенде  қандай  куәлікке  ие  болды?

(Домна  пешінің  сегізінші разрядты  екінші  горновойы  куәлігіне  ие  болды)

12.Қазақстан  магниткасы  Қарағанды  металлургия  зауытының  өмірге  келген  күні?

(1960 жылы   3 шілде)

13.Елбасының  бітірген  жоғарғы  оқу  орны?

(Қарағанды  политехникалық  институтының  «Қара  және түсті металл құйма өндірісі  бөліміне» түсіп, 3 жыл оқып,Теміртаудағы  Қарағанды  металлургия  зауыты  жанынан  қайта  құрылған  зауыт-втузға ауыстырылды, инженер-металлург дипломымен  бітіріп  шықты)

 

2.Отбасы  туралы

1.Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  жұбайы?

(Сара  Алпысқызы  Назарбаева)

2.Елбасының  балалары?

(Дариға, Динара,Әлия)

3.Елбасының  қанша  немересі, шөбересі  бар?

(7 немересі, 2 шөбересі  бар)

4.Халықаралық  «Бөбек» балалар қайырымдылық  қорының  негізін салушы  және  президенті  кім?

(Сара  Алпысқызы  Назарбаева)

5.Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президенті Қоғамдық  қорының  директоры?

(Назарбаева  Дариға  Нұрсұлтанқызы)

6.Назарбаевтың Білім қорының  жетекшісі?

(Құлыбаева Динара  Нұрсұлтанқызы)

7.Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  хатшысы?

(Назарбаева  Әлия  Нұрсұлтанқызы)

 

3.Билік  рәміздері

1.Қазақстан  Республикасының  Президенті  мемлекеттің  жоғарғы  лауазымды тұлға  ретіндегі  дербес  рәміздері?

(Қазақстан  Президентінің  төсбелгісі,Президент  жалауы )

2.Қазақстан  Президентінің  төсбелгісінде  қандай  жазу  бар?

(«Қазақстан  Президенті» деп  жазылған)

3.Қазақстан  Президентінің  төсбелгісі  қанша  бунақтан  тұрады?                  (20)

 

4.Қазақстан  Республикасының  Президенті  төсбелгіні  қай  кездерде  тағады?

(Ұлықтау  рәсімінде, мемлекеттік  мерекелерде, әскери  парад  өткізу  және  шет мемлекеттердің  ресми  тұлғаларын  қабылдау  кезінде  тағады)

5.Президенттің  тағы  бір рәмізі?

(Президент  байрағы)

6.Президент  байрағы  қайда  орнатылады?

(Мемлекет  басшысының  резиденциясына,Қазақстан  Президентінің  көліктеріне  орнатылады)

7.Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  күні?

(1-желтоқсан)

  1. «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің  ресми  пайдалану  тәртібі  туралы»  жарлық  қашан  бекітілген?

(Қазақстан  Республикасы Орталық  сайлау  комиссиясының  1995 жылғы                          1-желтоқсандағы  қаулысымен  бекітілген)

9.Президентіміздің  лауазымдық  мәртебесі:

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті –Елбасы (Ұлт  көшбасшысы), Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  Бас қолбасшысы, Қазақстан  Республикасы  Қауіпсіздік  Кеңесінің  төрағасы,Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының  төрағасы,Қазақстан  халқы  ассамблеясының  төрағасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық  партиясының  төрағасы, Қазақстан  Республикасы Ұлттық  кеңесінің төрағасы, Қазақстан  Республикасы Президенті  жанындағы  Шетел инвесторлары  кеңесінің  төрағасы, Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Кәсіпкерлер  кеңесінің  төрағасы, Қазақстан Республикасы  Ұлттық  қорын  басқару  жөніндегі  кеңестің төрағасы.Назарбаев  Университеті Жоғары қамқорлық  кеңесінің  төрағасы

4.Президентіміздің еңбектері туралы

1.Н.Назарбаевтың  қандай  кітаптары бар?

(«Ғасырлар  тоғысында», «Тәуелсіздік  белестері», «Қазақстан  жолы», «Ой  бөлістім  халқыммен» т.б)

2.Студенттерге  арналған  оқу орыны  қалай  аталады?

(Назарбаев  Университеті)

3.Елбасымыздың  құрметімен  аталатын  мектептер қалай  аталады?

(Назарбаев  Зияткерлік  мектептері)

4.Қазақстандағы  президент атымен аталған  мұражай?

(Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президенті  мұражайы)

5.Президентіміздің  Білімділерге  арналған  қоры?

(Назарбаевтың  Білім  қоры)

6.Президенттің  студенттерге  арналған  шәкіртақысы қалай аталады?

(Президенттің «Болашақ»халықаралық стипендиясы)

  1. Президентіміздің балалық шағына арналған кино қалай аталады, режиссері кім?

(«Балалық шақтың аспаны», режиссері – Рүстем Әбдірәшев)

  1. Президентіміздің сөзіне жазылған әндер?

(«Үшқоңыр», «Елім менің», «Жерім менің»)

  1. Н.Назарбаев қанша жасында президент болды?

(50 жасында)

  1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт көшбасшысы) атағы қашан берілді?

(Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 – маусымда).

 

  1. Жеңімпаз топты марапаттау.

 

  1. 2 топ ортаға  шығып « Қазақстан» туралы әнді  хормен  айтады.