Графикалық ақпаратты компьютерде өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты компьютерде өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Экранның нүктелік, пикселдік өлшемдері, растрлық, векторлық, фракталдық графика туралы түсініктер енгізу;
Дамытушылық: Графикалық ақпараттармен орындалатын амалдар, пж арқылы граф.ақпаратты өңдеудің бір түрімен таныстыру;
Тәрбиелік: Эстетикалық тұрғыдан көркем өңдеу дағыдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: АКТ құрылғысы
Түрі: теориялық-практикалық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин)
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Барша адамды құрметтеп
Иілеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ТВ Бинго ойыны арқылы жүргізіледі. Лототронды айналдыру арқылы сұрақтың нөмірі таңдалады.
- Компьюлерлік графиканың түрлерін атаңыз.
- Суреттің қандай кеңейтілулері бар?
- Векторлық графикаға мысал ретінде қай бағдарламаныы алуға болады?
- Графикалық редактор терезесінің элементтерін атаңыз.
Жаңа сабақты практикамен ұштастыру
І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз
ІІ тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз
- Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын /қолшатыр/
- Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. /шырша/
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
- Алақанды уқалау.
- Қолды қысу
- Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
- Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
- Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.
- Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей /ай/
- Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін /жапырақ/
ІІІ тапсырма. Еңбек құралдары мен ыдыстарды екі топқа бөліп жинақтаңыз.
Сабақты бекіту мақсатында ребус шешіледі.у