Кестеде есептеулер орындау

Сабақтың тақырыбы: Кестеде есептеулер орындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                 Оқушыларға Word редакторында кестелерде есептеулер                     орындау жолдарын үйрету.

Дамытушылық:      Оқушылардың есте сақтау ,қиялдау және ойын жеткізе  білу қабілеттерін дамыту.

        Тәрбиелік:               Оқушыларды білімділікке, тәртіпке, компьютерді жетік меңгеруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    Аралас.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: компьютер, кеспе қағаздар, проектор.

Пәнаралық байланыс: Шет тілі, математика, экономика.

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  2. Сабаққа даярлықтарын бақылау.

3.Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Кеспе қағаздағы тапсырманы орындау арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Апталық шығын кестесі.

 

Апта күніТағамдарӨнеркәсіп тауарларыБасқа шығындар
Дүйсенбі12550120
Сейсенбі25050020
Сәрсенбі30012050
Бейсенбі20068020
Жұма01200
Сенбі1200040
Жексенбі00300

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

 Енді осы үй тапсырмасын пысықтаған кесте арқылы, жаңа сабағымызды бастаймыз. Апталық шығын кестесінде қорытынды деректер – жолдар мен бағандар бойынша қосындылар жоқ. Осындай қосындыны есептеуді де редакторға «жүктеуге» болады. Ол үшін тиісті ұяшықтарға қажетті формулаларды кірістіру керек. Ол үшін соңғы бағанға барып Таблица/Вставить/Столбцы справа командасын орындаймыз. Жаңа бағанға Күн қорытындысы атауын теру керек. Жаңа бағанның бірінші ұяшығына тұрып, Таблица/Формула командасын беріп, пайда болған терезеде SUM(LEFT) формуласын көрсету керек – сол жолдағы сол жақта тұрған сандардың қосындысы. Шығын түрінің қорытындысы жолын кірістіру үшін маус меңзерін кестенің соңғы жолының астына орналастырып, Таблица/Вставить строки командасын беру керек, тура бір жол керек екенін растап және сол жол кестеде пайда болғаннан кейін оған жолдың атауын, ал сол жолдағы ұяшықтардың бәріне SUM (ABOVE) формуласын кірістіру керек – баған бойынша жоғарыдан бастап барлық сандарды қосу. Кестелерде басқа да формулалар қолдануы мүмкін. Мысалға, көбейтінді (PRODUCT), орташа (AVERAGE), ең үлкен немесе ең кіші (MAX не  MIN).

Апталық шығын кестесі.

 

 

Апта күніТағамдарӨнеркәсіп тауарларыБасқа шығындарКүн қорытындысы
Дүйсенбі12550120295
Сейсенбі25050020770
Сәрсенбі30012050470
Бейсенбі20068020900
Жұма01200120
Сенбі12000401240
Жексенбі00300300
Шығындар түрінің қорытындысы 

2075

 

1470

 

550

 

4095

 

 

ІҮ. Өтілген сабақты пысықтау.

1.Сергіту сәті. «Домино» ойыны

Ойын шарты:   Бірнеше сөздер берілген. Осы сөздерден тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру керек.

 

бағандардабұлақпаратмен
берілгенжолдарКестереттеліп

 

 

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.

 

менқұрайдыбағандар
ұяшықЖолдарқиылысып

 

 

Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

 

жаңапернесіменжол 

Tab

боладықосуғакестеге

 

 

Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады

 

2.« Техникалық диктант»

  1. Таблица – Вставить Таблицакомандасының көмегімен ……… құруға болады.

2.Число Столбцов өрісіне қажетті ……… санын енгіземіз.

  1. Число строкөрісіне қажетті……….. санын енгіземіз.

4.Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін …….. пернесін басамыз.

5.Керек емес бағанның барлығын өшіру үшін бағанды белгілеп, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып, ………… командасын орындаймыз.

 

 

«Техникалық диктант»  жауаптары

 

1.Таблица – Вставить Таблица командасының көмегімен КЕСТЕ  құруға болады.

2.Число Столбцов өрісіне қажетті БАҒАН  санын енгіземіз.

3.Число строк өрісіне қажетті КЕСТЕ санын енгіземіз.

4.Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін TAB пернесін басамыз.

5.Керек емес бағанның барлығын өшіру үшін бағанды белгілеп, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып, Удалить Столбцы командасын орындаймыз.

 

 

Ү.      Қорытынды бөлім:

  1. Оқушылардың білімін бағалау.
  2. Үй тапсырмасы: «Кестеде есептеулер орындау» тақырыбына дайындалып келу.

«Информатика-10» Кирнос В.Н.162-163 б.б.