8 сынып оқулығының мазмұнының информатика ғылымын игерудегі маңыздылығы

Тақырыбы: 8 сынып оқулығының мазмұнының информатика ғылымын игерудегі маңыздылығы

Мақсаты:

  1. 1-2 тоқсанда өткен тақырыптар бойынша білім деңгейлерін тексеру.
  2. Әр тақырып бойынша білімдерін дамыту.
  3. Информатикада кездесетін терминдерді өз аттарымен атап ұйрету.

Түрі: конференция сабағы.

 

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. (видео ролик)

— Құрметті қонақтар, ұстаздар, бүгінгі конференциямызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі конференциямыз тікелей эфирде өтпек. Бұл конференцияға барлық әлем ғалымдары, түгел өмірін информатикаға арнаған білгір, зиялылар жиналып отыр және конференцияның өтілу барысын тікелей эфирде өз мектептерінде көптеген оқушылар қауымы көруде.

Конференциямыздың тақырыбы «8 сынып оқулығының мазмұнының Информатика ғылымын игерудегі  маңыздылығы» деп аталады.

Құрметті қауым! Бүгінгі таңда көптеген мектеп оқушыларында информатика сабағына деген көз қарасы дұрыс қалыптаспаған. Оқушылардың түсінуі бойынша информатика пәні тек компьютерлік ойындарды ойнап, интернете «однокласники», «агент», «контакты» сияқты  социалдық   желілерде отырып қөңіл құйлерін көтеру деп есептейді. Бүгінгі күнгі біздің конференциямыздың негізгі мақсаты оқушылар қауымына мектеп информатикасының негізгі мақсатын түсіндіру.  Мысал ретінде 8 сынып оқулығының мазмұны талданады.

 

— Олай болса, құрметті қауым, мен, Хасенова Гүлжанар Белгібайқызы бүгінгі конференцияның жүргізушісі болам. Алдарыңызда жатқан 8 сынып оқулығы туралы не айталасыздар? Бұл сұраққа Информатика пәнінің кандидаты, мектеп информатика курсының бағдарламасының авторы, «Өрлеу» жаңа инновациалар орталығының информатика кафедрасының меңгерушісі Рақымжанова Қарашаш Сейлханқызы  беріледі.

 

— Бұл оқулықтың авторлары Шевчук Елена Владимировна және Наталья Станиславовна Кольева, шыққан жылы 2012 жыл, үшінші басылым. Оқулық жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбында «Информатика» курсын оқып – үйренуге арналған. Оқулықтың мазмұны информатика пәні бойынша мемлекеттік оқыту стандартына сәйкес.

Оқулықта информатиканың негізгі сұрақтары, компьютердің құрылысы және олардың программалық қамтамасыз ету қарастырылған. Сонымен қатар, әр салада жұмыс технологиясын меңгеру мен оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар берілген. Бұл оқулық жаңа талаптарға сай.

 

— Рахмет, Қарашаш Сейілханқызы!

Бұл оқулықтың І тарауы «Ақпарат және информатика» деп аталады. Бұл тақырыпты мектеп курсында оқытудың пайдасы неде? Ш. Уалиханов атындағы университеттің информатика және ЕТ кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Аманжол Мұратұлына беріледі.

 

1-ші тарау. (Аманжол)

Оқулықтың бұл тарауында ең алдымен  «Информатика» термині қайдан пайда болғандығы туралы жазылған. «Информатика» терминінің 60-шы жылдары «Кибернетика» және «Автоматика»   сөздерінен пайда болған. Оқулықтың бұл тарауында 8 сынып оқушылары Информатика пәнінің негізгі терминдерімен танысады.  Олар:  ақпараттық процесстер, ақпаратты беру, сақтау, өңдеу ұғымдары  Бұл ұғымдардың бәрі ақпараттық технолоргияларға жатады. Өзін «ақпаратты мәдениеттімін»  деп есептейтін оқушы бұл ұғымдарды түсініп білуге міндетті.

Ақпараттық процесстер деп адамдардың арасындағы қарым – қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процесстерін айтады.

Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.

Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әртүрлі электронды тасымалдаушыларда сақтауға болады.

Ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлердіруді айтады.

Мысалға, мұғаліммен оқушылардың  арасындағы болатын процесті қарастырайық. Мұғалім сабақ сайын оқушыларға жаңа тақырып түсіндіреді, яғни ақпаратты береді, оқушылар оны қабылдайды, яғни естерінде сақтайды. Қабылданған ақпаратты өздерінің түсінулері бойынша  келесі сабақта қайтадан мұғалімге айтып береді, яғни өңдейді. Егер оқушы ақпаратты беру, сақтау, өңдеу ақпараттық процесс екенін түсінбесе – ол өзін ақпаратты мәдениеттімін деп есептей алмайды!

Ақпараттық процесстер тек адамдар арасында емес техникалық құрылғыларда  да болады. Өмірден мынадай мысал қарастырайық, ұялы телефондарға байланысты себебі олар бүгінгі күнде  әр оқушыда бар. Бір ұялы телефоннан екінші телефонға бейнесуреттерді  жіберу, бұл ақпаратты беру, ол фотосуретке анимация,  рамка қосу ол ақпаратты өңдеу және телефонға өзгертілген суретті сақтау, ол ақпаратты сақтау. Екі техникалық кұрылғылар арасында ақпараттық процестін болғанын түсінбеу ол ақпараттық мәдениетсіздік!

Коғам өмірінде де ақпараттық процесстер болады. Мысалға ….

Накты бір техникалық құрылғыларды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.

Қорытынды: Ақпаратты мәдениетті болу үшін әр оқушы информатиканың негізгі түсініктерін білу керек,  сол себептен 8 сынып оқулығының ең бірінші тарауы информатиканың негізгі түсініктеріне арналған.

 

 

— Рахмет, Сізге Аманжол Мұратұлы! ІІ тарау «Компьютердің арифметикалық негіздері» деп аталады. Бұл тараудың Информатика пәнін меңгерудегі орны қаншалықты екендігі туралы Қазақстандағы Microsoft компаниясының қызметкері Бектасова Арайлым Абатқызына беріледі.

 

2-ші тарау. (Арайлым)

8 сынып оқулығының екінші тарауы «Компьютердің арифметикалық негіздері» деп аталады.

-Құрметті он-лайн режимінде бүгінгі біздің конференциямызға қатысып отырған кауым! Қалай ойлайсыздар, пернетақтадан қандай да бір сөзді тердіңдер, ол мониторда қалайша бейнеленеді?  Ол сыйқыршының сыйқыры емес! Компьютердің жадысында  барлық символдарды 0 және 1 сандары арқылы қабылданып сақталады,  яғни әр символдың коды болады. Ал ол символ әрі қарай өңделуі үшін оны сегіздік және оналтылық санау жүйесіне ауыстыру қажет!

Мысалы: пернетақтадан  А Н А деген сөзді тердіңіздер, ол мониторда қалай бейнеледеді екен?

ASCII кестесінде әр символ екі он алтылық кодтан тұрады.

Еңгізілген әріпASCII коды немесе

он алтылық код

Екілік кодыСегіздік кодыОндық коды
А801000 0000200128
Н8D1000 1101215141
А801000 0000200128

Қорытынды: Компьютер пернетақтадан еңгізген символды қалайша мониторға шығыратынын  түсіну үшін 8 сыныптың оқулығында «Компьютердің арифметикалық негіздері» тақырыбы қарастырылады.

 

— Рахмет! Конференциямыздың басында  бізді тікелей эфирде көптеген қауым көруде, соның ішінде 8 сынып оқушылары да бар, сол себептен осы тақырыпқа тоқталып сандарды бір санау жүйеден екінші санау жүйеге ауыстыру мысалдарын қарастырып өтсек.

            Ортаға Қазақстан Республикасының өқымыстылар қауымының мүшесі  Информатика ғылымының кандидатыУразбаев Ануар Арманұлы  шақырылады.

 

(тақтада есеп шығарылып дәлелденеді)

А:

1.ASCII коды немесе он алтылық коды -80 (ASCII кестесінен тауып корсетеді)

2.8016=?10       8016=8*161+0*160=12810

3.12810=?2

  1. 12810=?8

 

 

-Рахмет! Келесі тарау «Логика негізі және компьютердің логикалық негізі» деп аталады. Бұл тақырыптың Информатика пәнін оқып білудегі қандай пайдасы бар? Сөз кезегі Инженеринг Бастау компаниясының президенті Қанат Ботагоз Қанатқызына. беріледі.

 

3-ші тарау. (Ботагоз)

Бұл оқулықтың 3-ші тарауы «Логика негіздері» деп аталады. Бұл тараудағы  8 сынып  оқушылары үшін ең маңыздысы оқушылардың пікірлер алгебрасымен танысуы  болып табылады. Олар: Логикалық косу (дизъюнкция), логикалық көбейту (конъюнкция), логикалық теріске шығару (инверсия) түсініктері.

Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады.  Шындық кестесі: пікірлердің екеуіде шын болған жағдайда ғана шын болады, өзге жағдайларда жалған болады.

Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады.  Шындық кестесі: пікірлердің екеуіде жалған болған жағдайда ғана жалған болады, өзге жағдайларда шын болады.

«Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады. Шындық кестесі: А пікірі шын болса А емес –жалған болады және керісінше.

Оларды не үшін білу қажет? Компьютерде көптеген айырып – қосқыштардан тұратын электронды схемалар пайдаланылады. Айырып – қосқыштар тек екі жағдайды қабылдаулары мүмкін, олар: ашық немесе тұйық. Бірінші жағдайда төқ өтеді, яғни шын. Екінші жағдайда өтпейді., яғни жалған. Осындай схемалардың жұмысын алгебра логикасы арқылы ұйымдастырған ыңғайлы. Айырып – қосқыштың жағдайына байланысты шығу сигналдары берілуі немесе берілмеуі мүмкін.

Қорытынды: Компьютердің арифметико – логикалық құрылғыларының жұмыс істеу принципін  түсіну үшін 8 сынып оқулығына осы тақырып еңгізіліп отыр.

 

Осы тарау бойынша толықтыру сөзі Сингапур мемлекетіндегі Жаңа технологияларды зерттеп дамыту  саласының   қызметкері    Жаканова Айгерім Сағындыққызына беріледі.

 

(тақтада мысал шығару — екі оқушы)

 

Мысалдар қарастыру:

Логикалық өрнетің мәнін табу керек, егер А пікірі -шын   В пікірі -жалған  С пікірі  – жалған болса.

  1. А немесе В және С емес

 

-Рахмет! 4 тарау — «Дербес компьютер» деп аталады. Бұл тақырыптың мектеп курсындағы қажеттілігі туралы  СТ-Электроникс компаниясының бас қызметкері Уалдинова Айым Ерланқызы айтып өтсе.

 

 

 

4-ші тарау: (Айым)

8 сынып оқулығының 4-ші тарауы «Дербес компьютер»  деп аталады. Бұл тараудың негізгі мақсаты Оқушыларға компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесу принципін түсіндіру.

Компьютердің  негізгі компоненттері: процессор, жедел жады, сыртқы құрылғылары өзара қалай байланысады екен?

Дербес компьютердің архитектурасының негізіне  магистральды – модульдік принцип жатады, яғни МАГИСТРАЛЬ арқылы байланысады.  Магистраль мәліметтер шинасы, адрес шинасы, басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.

Басқару шинасы басқару сигналдарын,  яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Міне, осылайша процессор, жедел жады, сыртқы құрылғылары өзара әрекеттеседі.

Қорытынды: Күнделікті жұмыс істеп отырған компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесу принципін түсіну, білу  керек.

 

 

Рахмет! 5 тарау «Жүйелік программамен қамтамасыз ету»  деп аталады, ал бұл тараудың қажеттілігі туралы бізге информатика пәнінің кандидаты Сыздықова Әсем Қайдарқызын тыңдайық.

 

5-ші тарау: (Әсем)

Бұл оқулықтың 5-ші тарауы «Жүйелік программамен қамтамасыз ету» деп аталады. Жаңа Айым ханым процессор, жедел жады, сыртқы құрылғылардың  өзара әрекеттесуі туралы айтып кетсе. Оқулықтың бұл тарауында  Адам мен компьютер арасында байланыс қалай іске асырылады? Деген сұраққа жауапты оқушылар осы тарауды оқып ұйрену барысында алады. Компьютердің ең негізгі программасы ол операциялық жүйе.  Операциялық жүйе дегеніміз  компьютердің барлық құрылғыларымен басқаратын программа. Жаңа құрылғыны сатып алып компьютерге қоссаңыз, операциялық жүйе  оны танымайды, ол үшін ол құрылғының арнайы программасын, яғни драйверін орнату керек.  Сонымен Адаммен компьютер арасында байланыс болу үшін екі жүйелік программа қажет, олар операциялық жүйе және драйверлар. Бұл жүйелік программаларсыз компьютерді тек пластмаса мен темір үймегі ретінде қарастыруға болады.

Қорытынды:  Адаммен компьютер арасында байланыс қалай болатынын түсіну үшін жүйелік программаларды білу керек.

 

ДК программалық жабдықтарының арасында  вирустан қорғау программаларының орны зор! Компьютерлік вирустар туралы  Алматы қаласындағы «Өрлеу» орталығының бастығы Салық Оралхан Оралбекұлына беріледі.

 

Компьютерлік вирустан қорғау (Оралхан)

Мен Әсем ханымның сөзін жалғастырғым келеді. Әрине жүйелік программаларсыз компьютер пайдасыз  пластмаса мен темір үймегі. Бірақ, операциялық жүйеден басқа, драйверлардан басқа компьютердің жұмысын ұйымдастыру үшін антивирустық программалардың мағнасы зор. 8 сынып оқулығында компьютерлік вирустар туралы өте жақсы, түсінікті жазылған.

Компьютерлік вирус  ол – өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысына сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:

ФайлдықЖүктейтінМакровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілетін программалық кодалық блоктар. Вирустық код программа жүктелгенде жіберіледі.Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жұйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файылын ашқанда орындалады.

Вирустардан қалайша компьютерді емдеуге немесе вирусты жүқтыртпайтын қандай программалардың түрлері  бар екен?

  1. Детекторлар. Олардың міндеті –вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргші уақытта сирек қолданылады.
  2. Доктор программалары. Олардың қызметі – вирустарды табу ғана емес, оны программадан жою. Ең танымал программаларға: Norton Anti Virus, Doktor Web, Kaspersky antivirus жатады.
  3. Ревизорлар. Олардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін –әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру.

Әрине бұл программалар уақыты өткен сайын жаңартылып отырылуы керек.

Қорытынды: Компьютердегі ақпаратты қорғау үшін компьютерлік вирустар және антивирустық программалар туралы білу қажет.

 

Архаватор программалары да компьютердің программалық жабдықтарына жатады. Архаваторларға байланысты сөз кезегі  Қазақстан Республикасының өқымыстылар қауымының мүшесі  Жасанды интеллекті зерттеу  саласының қызметкері  Теміртасов Медет Қуанышұлы  шақырылады.

 

Файлдарды архивтеу (Медет)

Компьютерде жұмыс істеу барысындағы файлдарды архивтеу программалары да маңызды программалардың бірі болып табылады! Мысалға  менің қолымдағы А4 форматты қағазды менің қалтама сыйдырыңызшы! Әрине оны бүктеу керек, бір емес бірнеше рет. Сонда ғана ол менің қалтама сыйяды. Ал қажет программа флешкамызға сыймай тұрса не істейміз? Дәл жаңағы А4 форматы сияқты оның көлемін кішірейтуге болады, бірақ бүктеп емес  арнайы программалар арқылы, олар архиваторлар деп аталады. Кеңінен таралған  архиваторлар: WinRar және WinZip.

Қорытынды: Файлдың салмағын кішірейту үшін архиватор программаларымен жұмыс істей білуіміз керек.

 

Рахмет! 6 тарау «Компьютерлік графика» бұл тақырып бойынша сөз кезегі Мектеп курсыныдағы информатика пәнінің бағдарламасының авторы, педагогика ғылымының профессоры   Қонқай Әсел Жанайдарқызына  беріледі.

 

6-шы тарау: (Әсел)

Қазіргі уақытта «компьютерлік графика» деген сөз тіркесімен жиі кездесеміз. «Бұл фото сурет компьютерлік графика арқылы жасалынған!»,  «Бұл жарнама компьютерлік графика арқылы жасалынған!», «Бұл журналдың беті компьютерлік графика арқылы жасалынған!»- деп айтып жатады. Компьютерлік графика дегеніміз не?

Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графика 2 өлшемді және үш өлшемді болып бөлінеді. Екі олшемді дегеніміз ол жазыктықтағы сурет болса, үш өлшемді дегеніміз кеңістіктегі суретті айтады.  Екі олшемді сурет шеңбер болса, үш өлшемдісі сфера болады.

Екі өлшемді суреттер растрлық, векторлық және фракталдық болып үшке бөлінеді.

Растырлық графиканың негізіне – пиксель жатады. Растрлық суреттің фрагментін үлкейтсе , сурет бұршақтанады.

Векторлық графиканың негізіне геометриялық примитивтер жатады, онын фрагментін қалай үлкейтсеңде қалпында қалады.

Фракталдық графиканың негізіне математикалық формулалар жатады. Оны көбінесе табиғи құбылыстарды салғанда қолданады.

Бұл тақырыптың 8 сынып оқулығына еңгізгендегі орны қандай? Компьютерлік графиканы білу  өте қызық, графикалық программалар арқылы неше түрлі суреттерді салып өңдеуге болады және мамандық таңдағанда оқушы үшін үлкен роль атқарады.

… күндері Астана қаласында компьютерлік дизайн бойынша «Золотой пиксель» сайыс өтті, сол сайыста Шоқан Уалиханов атындағы университетінің 3 курс студенті гран-при ұтып алды.

Қорытынды: Бұл тақырыптың 8 сынып оқулығына еңгізгендегі орны қандай? Компьютерлік графиканы білу  өте қызық, графикалық программалар арқылы неше түрлі суреттерді салып өңдеуге болады және мамандық таңдағанда оқушы үшін үлкен роль атқарады.

 

-Барлықтарыңызға көп рахмет! Конференциямыздың келесі бөлігіне көшейік.

 

ІІІ. Конференция қорытындысы.

 

  1. Марапаттау сәті. (бағалау)

«8 сынып оқулығының мазмұнының Информатика ғылымын игерудегі  маңыздылығы» конференциясында белсенді қатысып, информатика саласының дамуына еңбегі сіңіргені үшін:… — Мектеп информатика курсының бағдарламасының авторы, «Өрлеу» жаңа инновациалар орталығының информатика кафедрасының меңгерушісі Рақымжанова Қарашаш Сейлханқызына

Ш. Уалиханов атындағы университеттің информатика және ЕТ кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Аманжол Мұратұлына

— Қазақстандағы Microsoft компаниясының қызметкері Бектасова Арайлым Абатқызына

— Жасанды интеллекті зерттеу  саласының қызметкері  Теміртасов Медет Қуанышұлы

— Қазақстан Республикасының өқымыстылар қауымының мүшесі  Информатика ғылымының кандидатыУразбаев Ануар Арманұлы  

-Инженеринг Бастау компаниясының президенті Қанат Ботагоз Қанатқызына

СТ-Электроникс компаниясының бас қызметкері Уалдинова Айым Ерланқызы

Информатика пәнінің кандидаты Сыздықова Әсем Қайдарқызы

Алматы қаласындағы «Өрлеу» орталығының бастығы Салық Оралхан Оралбекұлына

Мектеп курсыныдағы информатика пәнінің бағдарламасының авторы, педагогика ғылымының профессоры   Қонқай Әсел Жанайдарқызына  

— Сингапур мемлекетіндегі Жаңа технологияларды зерттеп дамыту  саласының   қызметкері    Жаканова Айгерім Сағындыққызына

«8 сынып оқулығының мазмұнының информатика ғылымын игерудегі маңыздылығы» атты он –лайн режимінде өткен көнференциясына қатысып, іс – тәжірибесімен бөліскені үшін 5 мың доллар көлемінде ақшалық сыйлық Халық банкісіндегі шоттарыңызға аударылатындығы туралы хабарлаймыз!

 

  1. ХАБАРЛАМА (Үйге тапсырма).

Қазақстан Республикасының оқымыстылар қауымының ақырғы отырысының шешімі бойынша әр аптаның сәрсебі күні сағат 8.30-10.55 дейін WWW.sabak.kz сайтында мектеп информатикасына байланысты тікелей эфирде конференциялар ұйымдастырылып отырылады, келесі конференциямыздың тақырыбы «Microsoft Word –қа мәтінді  еңгізу»  бет 68-72 оқу. Белсенді қатысуларыңызды өтінеміз.

 

-Келесі кездескенше сау болыңыздар!