WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Информатика 7 — сынып
Сабақтың тақырыбы: WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, алғырлыққа, батылдыққа, адамгаршілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: WORD PAD мәтіндік редакторында мәтін теруді, мәтін үзінділерімен жасалатын әрекеттерді жасай білулерін, сурет кірістіру командаларын және т.б. мүмкіндіктерін жасай білуін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ДК,слайдтар,үлестірмелі карточкалар,постерге қажетті құралдар.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі көрнекілікті.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
ІІ.Оқушыларды топқа бөлу: Топ аттары: «Мәзір», «Құралдар», «Жұмыс аймағы».
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. Бұл тапсырмада әр топқа Word Pad редакторы туралы сұрақтар беріледі.
І топқа: Word Pad редакторы қандай редактор?
Word Pad редакторын қалай іске қосамыз?
Редактордың терезе элементтерін атаңдар.
ІІ топқа: Word Pad редакторында қандай құралдар бар?
Экранда неше меңзер болады?
Word Pad та құжат құру жолдары қандай?
ІІІ топқа: Мәтінді пішімдеу деген не?
Құжатты ашу және сақтау қалай жүреді?
Баспаға беру командасы қандай?
(Оқушылар кітапқа қарап отырып, жауабын қағазға жазу арқылы жауап береді.
2-тапсырма: Топ аттарын постермен қорғау. Сол қорғаулары бойынша байланыстырып, тақырыпты ашу. І топ «Мәзір» — Перизат.
ІІ топ «Құралдар» — Таңнұр.
ІІІ топ «Жұмыс аймағы» — Салтанат.
Бұл тапсырмалар бойынша әр топ өз аттарын қорғап шықты.
Жарайды оқушылар,сіздердің айтуларыңыз бойынша нені анықтадық. Яғни Word Pad мәтіндік редакторының терезе элементі «Мәзір» жолында біз ондағы меню командаларымен және құрал саймандар тақтасымен, жұмыс аймағында өзімізге қажетті әрекеттерді орындай аламыз. Сонымен осыдан біздің бүгінгі тақырыбымыз келіп шығады. Тақырып: Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.Бұл тақырыптың мақсаты, яғни меню жолындағы меню командаларымен,құралдар тақтасымен жұмыс істей отырып,редактордың мүмкіндіктерін игеру.
Word Pad редакторының қандай қосымша мүмкіндіктері бар,соны қарастырайық. Word Pad мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру мүмкіндігі бар. Ол үшін тышқанның көмегімен апару және көшіру әдістерін немесе меню командалары арқылы көшіруді және жылжытуды қолдануға болады. Сол сияқты мәтінге күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, мәтінді ауыстыруға, Word Pad құжатына суреттерді кірістіруге болады.
Олай болса экранға назар аударайық.
3-тапсырма: ДК мен жұмыс. Тапсырма: 7,9 мамыр мерекесіне орай шығарма жазу.
4-тапсырма: Командалар сыры. (Жаңа сабақты пысықтауға,диалогтық оқыту)
І топқа: Правка → Копировать (Түзету→Көшіру)
Правка → Вставить (Түзету→Кірістіру)
ІІ топқа: Дата и время (Күн мен уақыт)
Правка → Найти (Түзету→Іздеу)
ІІІ топқа: Правка→Заменить (Түзету→Ауыстыру)
Файл → Выход (Файл→Шығу)
Сергіту: Жаттығу жасау.
Рефлексия: Оқушылар сабақтың өтуі туралы өз ойларын постерге білдіреді.
Бағалау: Әр топта бір оқушы топтағы оқушының жасаған әрекеттеріне қарай бағалау парағындағы әр тапсырманың тұсындағы ұпайлардың қажеттісін белгілеп отырады.Соңында ұпай сандарын қосып, алған ұпайларына қарай оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: Блокнот және Калькулятор бағдарламасына дайындалып келу.