Тірек-қимыл жүйесі (қаңқа бөлімдері) бойынша қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Тірек-қимыл жүйесі (қаңқа бөлімдері) бойынша қайталау»

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО (Блум).

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, таратпа қағаздар, стикер, постер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа даярлау
  • Сергіту сәті (менің ұстанымым)
  • Топқа бөлу (стикер: «Денсаулық», «Жігер», «Сенім», «Сезім»)

«Тірек-қимыл жүйесі бойынша қайталау» тақырыбын талдау мақсатында

Блум таксономиясын қолдану

КезеңСабақ бөлімдерінің мақсатыМұғалім әрекетіОқушы әрекетіЖұмыстың түрі

 

НәтижесіБағалау формасы
БілуТірек-қимыл жүйесінің маңыздылы-ғы бойынша мағлұмат беруТопқа бөліп, сұрақтар қою арқылы оқушыға ой салуБерілген тапсырма бойынша мәселені шешуге әрекет жасау, қорғауТоптық жұмысЫнтасы оянады, ойын білгенін айтуға үйренедіТоптық және жеке бағалау
ТүсінуТаратпа тапсырмасы бойынша ойландыруТаратпа  қағазын таратуБерілген тапсырма бойынша зерделеу, талқылауЖеке жұмыс

 

Оқушы-ның ой ұшқыр-лығын көруЖеке бағалау
ҚолдануҚаңқа бөлімдерін түсіндіру, құрылысы анықтау арқылы ой-өрісін дамыту. Байқампаз-дылыққа тәрбиелеуПроблема шешуге жетекші тапсырма арқылы жетелеуҚұндылы-ғын, бөлімдерін атап шығуТоптық және жеке жұмыс

 

Өз-өзіне сенімділігін көру

 

Топтық және жеке жұмыс

 

 

ТалдауНегізгі ойды анықтау, өзінің мақсатына жету бағытында-ғы жағдайлар-ды көрсетуПроблема шешуге жетекші тапсырма арқылы жетелеуПікірін айтады, талқылай-дыЖеке  жұмыс

 

 

Проблеманы өз дәрежесінде шешеді, өзгені тыңдау білу дағдысы қалыпта-садыТоптық және жеке бағалау
ЖинақтауҚорытынды жасауға машықтан-дыруОқушы-лардың ойын жинақтап түйін тию әрекетін жасайдыӨз мүмкіндік-терін көрсетуге тырысадыЖеке және топтық

жұмыс

 

Өз ойын еркін айтуға үйренеді, жүйелей-діТоптық және жеке бағалау
Рөлдік ойынмен байланыс-тыру арқылы көрсетуРөлдік ойынды ұйымдас-тыруРөлге еніп көрсетуТоптық жұмыс

 

 

Көшбас-шылығын талант-тылығын байқау, өз-өзіне сенімділігін көру

 

Топтық бағалау

 

Ситуация беру арқылы оқушыларды пікір алмасуға, талдауға итермелейдіСитуация-лық жағдай туғызады, нұсқау бередіҰсыныл-ған ситуация жан-жақты қарас-тырып талдауТоптық жұмыс

 

 

Топтық жұмыста пікір алмасуға

Жаттыға-ды

Топтық бағалау

 

БағалауТақырыптың өмірде маңыздылы-ғын, құндылығын айқындауОқушылардың іс-әрекет-терін қадағалауҚұндылы-ғын айқындай-дыТоптық жұмыс

 

Әр топ өз жұмысы-ның нәтиже-сін көре біледі

 

Топтық және жеке бағалау

Тапсырмалары:

І. Білу:

Мақсаты: оқушылардың өз менің, өзінің жеке тұлғасының мәнін, қадірін түсіне білуге баулу. Мен ұстанымын қалыптастыру

Жігер деген – МЕН!

Сенім деген – МЕН!

Күш деген- МЕН!

Сезім деген- МЕН!

Жастық шақ деген- МЕН!

Махаббат деген- МЕН!

Денсаулық деген- МЕН!

Ақыл деген- МЕН!

Дарын деген- МЕН!

Бар ғажайып деген- МЕН!

Бар байлық деген- МЕН!

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!

Әр топқа «Тірек-қимыл жүйесінің маңызы» тапсырма бойынша постер арқылы қорғау беріледі.

IІ. Түсіну: Жеке жұмыс: семантикалық карта

(«+»  , «-» белгісін қою арқылы)

(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

СүйектерБассүйекҚол қаңқасыАяқ қаңқасы
Бұғана+
Шыбық (садақ) сүйек+
Шүйде сүйегі+
Ортан жілік+
Шынтақ сүйегі+
Ми сауыты+
Жауырын+
Асықты жілік+
Тоқпан жілік+
Толарсақ сүйектері+
Білезік сүйектері+
Жақ сүйектері+
Башпай сүйектері+
Саусақ сүйектері+

 

IІI. Қолдану: Қаңқа бөлімдерін атап көрсет (слайд)

  1. Талдау.

Жеке  жұмыс: сәйкестендіру тесті

 

 

Топтық жұмыс: сызықтық тест

  1. Жинақтау:

1 топ

«Рөлдік ойын» Тақырыбы:Сіңірлер созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Рөлдегілер: Дәрігер, мұғалім, оқушы, ата-ана

2 топ

Ситуациялық сұраққа жауап беру.

-Бір оқушы сүйек күрделі тірі мүше деп дәлелдеді, ал екінші  біреуі мұны теріске шығарды.Олардың қайсысы дұрыс және неліктен ?

-Оқушының орынан тұрғызып қойса,ол ұзақ уақыт қозғалыссыз тұра алмайды. Салмағын екі аяғына  кезек салып қисаяды. Неліктен, оны қалай түсіндіруге болады?

3 топ

Сұрақтар

  1. Омыртқаның қисаюын болдырмаудың қандай жолдары бар?
  2. Буын шыққанда қандай көмек көрсетіледі?
  3. Жалпақтабандылықтың алдын алудың қандай жолы бар?

4 топ

Сұрақтар

  1. «Белсенді демалыс» дегенді қалай түсінесің?
  2. Сүйектің мықтылығы мен жеңілдігі неліктен? (неге байланысты)
  3. Тұрақты жаттығу мен дене шынықтырудың бұлшық ет пен қаңқаны дамытуға пайдасы қандай?

Үйге: қаңқа ауруларына  байланысты реферат жазу

 

  1. Бағалау: бағалау критерийлері бойынша (бағалаушы тағайындалып, бағалай жұмысын жүргізеді)

Жеке бағалау

 

Оқушы аты-жөні 1-тапсырма

Тақырыпша бойынша қорғау

2-тапсырма

Семантикалық карта

3-тапсырма

Қаңқа бөлімдерін атау

4-тапсырма

Сәйкестендіру тесті

5-тапсырма

Сызықтық тест

6-тапсырма

Топтық  сұрақтар

Ұпай саны

 

1

 

                 «5»                «4»               «3»               «2»
    32- 40  балл       2131   балл      10- 20 балл      0-9 балл

 

Топтық бағалау

Топ атыӨзара жұмыс істей алуыТапсырмалардың орындалуыТоптың бірлігіҰпай саны
1Денсаулық
2Жігер
3Сенім
4Сезім

1 мен 5 балл аралығында

Кері байланыс:

Не ұнады? Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?