Ақсақ құлан, Жошы хан

Атырау облысы

Исатай ауданы

Тұщықұдық селосы

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі

Машаева Жұмагүл Насиғоллақызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сыныбы:                         5 — сынып

Пәні:                               Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:    Ақсақ құлан, Жошы хан

Білімділік мақсаты:     «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы, Кет-Бұға күйшінің

Жошы өлімін естіртуі, «Ақсақ құлан, Жошы хан»

күйінің шығу тарихы туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау,

өз бетімен ой қорытып, топшылауға баулу

Тәрбиелік мақсаты:  Аңыз әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете

отырып, өнер құдіретін түсінуін, адамгершілік рухта

тәрбиелеу,  тапқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі: Ой қозғау, автор орындығы , әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас,                                                                баяндау.

Пәнаралық байланыс: музыка, кино өнері, бейнелеу, тарих, өзін-өзі тану,   қазақ тілі

Оқыту құралдары: Интерактивті тақта, мультфильм.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой шақыру

«Қазақфильм» киностудиясында Әмен Хайдаровтың басшылығымен түсірілген «Ақсақ құлан» мультфильмінен үзінді көрсету.

Жетелеу сұрақтары:

Бұл мультфилым бізге таныс па?

Не туралы мультфильм?

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Ақсақ құлан,Жошы хан» аңыз әңгімесі

Мағынаны тану: Үнтаспадан «Ақсақ құлан» күйі тыңдалды. Күй арқылы   айтқан жыр оқылады.

«Ақсақ құлан, Жошы хан» әңгімесінің фабуласын айту, әңгімеде тарих парағына шегініс. Тарихи тұлға – Жошы хан 1187 -1227 өмір сүрген. Ол    атақты моңғол билеушісі Шыңғыс (Темучин) ханның үлкен ұлы. Қазақ елінің билеуші ханы болған. Кет-Бұға күйші, найман руынан шыққан жырау.

 

Сөздік жұмысын жүргізу.  

Ашамай – тайға мінетін бала ері.

Әңгі – аталық құлан

Кіреуке – сауыт

Қаһан – хан

Мүрде – қайтыс болған адамның денесі

Наркескен – қылыш

Баһадүр – батыр.

Естірту-Кет –Бұға күйшінің хан ұлының  өлімін естіртуі

Жоқтау-Шыңғыс ханның  ұлын жоқтауы

Қосымша деректер

А.Жұбановтың  « Ғасырлар пернесі», «Қазақ аңыздары»

Тапсырмалар мен сұрақтар

  1. Бұл аңыздағы басты кейіпкерлер кімдер?
  2. Тағы қандай кейіпкерлер аты аталады?
  3. Кет-Бұға күйші әмірші сарайында неге отыр? Ол мұнда нендей жұмыспен келген?
  4. Күйші қаһарлы Шыңғыс ханға сүйікті ұлы Жошының қазасын қалай естіртті?
  5. «Қаралы хабар айтушының жазасы — өлім». Бұл – хан жарлығы.
  6. Кет-Бұға күйшіні ажалдан арашалап қалған қандай құдірет?
  7. Осы әңгімеден нені ұқтық, қандай ой түйдік?

«Ақсақ құлан, Жошы хан» аңыз әңгімесінің композициялық құрылысы

Оқиғаның басталуы – Шыңғыс ханның ұлы Жошының аңға шығуы

Оқиғаның дамуы – Құландарды атқан Жошы

Шиеленісуі – тұлпарының құландарға қосылуы

Шарықтау шегі – Жошының қазасы

Шешімі – Шыңғыс ханға ұлы Жошының қазасын Кет-Бұғаның естіртуі.

«Ақсақ құлан» күйінің шығу  тарихы

Лексика

Мәтіннен  «жас» сөзінің  омонимін табу(көзінен жас ақты,  жас адам)

Мәтіннен  антоним сөзді табу (мейірімді-қатал)

«Шал» сөзінің  синонимдік  қатарын  құру (шал, қария, қарт, ақсақал)

Пікірталас (дебат)

-Негізгі кейіпкерлер кімдер?

-Хан, күйші.

-Қай кейіпкер ұнайды? (Екі топқа бөлініп, өз кейіпкерлері туралы ой айту).

1топ. Шыңғыс ханды таңдайды. Мінездеме береді. (Ол ақылды аңғарымпаз, күйді  түсіне біледі.)

2-топ. Кет-Бұға күйшіні таңдайды.

Қаһарлы ханнан қаймықпай ұлының қазасын, ажалын естіртті. Күйді сөйлете білді.

 

    

Ой толғаныс

Автор орындығы

Егер автор болсаң осы әңгімені қалай аяқтар едің?

Оқушылар жауабы.

— Бүкіл елді билеген хан ақылды болады.

Сондықтан өнерін бағалап, күйшіні хан сарайына алар еді.

-Қаһарлы ханды өнер құдіреті жеңді. Қанша қатыгез болса да, домбыра шанағына қорғасын құймай, райынан қайтар еді.

Автор нені айтқысы келген? Хан қаталдығын айтады.

Өнер құдіретін айтады.

Домбыра шанағындағы ойықтың пайда болуын айтады.

 

 

 

Қорытындылау. ББҮ кестесі бойынша

 

БілемінБілдімҮйренгім келеді
Тарих пәнінен Шыңғыс хан туралы білемін

 

“Ақсақ құлан” күйінің шығу тарихымен таныстым

 

Қазақ күйлерінің шығу тарихын білгім келеді

 

 

Бағалау.

Үй  тапсырмасы:Аңыз әңгіменің желісі бойынша бөлімге бөлу,сурет салу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:              «Ақсақ құлан, Жошы хан» 

                                                       аңыз әңгімесі

 

 

 

 

 

Машаева Жұмагүл Насиғоллақызы

Қазақ тіл  мен әдебиеті  пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұщықұдық – 2012

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Машаева

Жұмагүлдің портфолиосы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құжаттар номенклатурасы

 

 

Р\сМазмұныРеттік номері
 

І.

1

2

3

4

5

6

7

 

 

ІІ.

 

1

2

3

4

5

6

 

7

 

 

 

ІІІ.

 

1

2

3

4

5

 

6

7

 

Құжаттар блогы

Жеке куәлік

Сертификат

Куәлік

Мадақтау қағаздары

Құрмет грамотасы

Алғыс хат

Диплом

 

 

Көрсеткіштер мен пікірлер блогы

 

Мінездеме

Оқушы пікірі

Ата-ана пікірі

Бірлестік жетекшісінің  пікірі

Әріптес пікірі

Тоқсандық, жылдық сапа көрсеткіштері

Сынып оқушыларының ҰБТ көрсеткіші

 

 

Жұмыстар мен жобалар болгы

 

Шығармашылық жұмыстар

Баяндамалар

Тәрбие шаралар

Сабақ үлгілері

Баспасөз бетіне жарияланған материалдар

Ғылыми жоба жұмысы

Тест

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01-01

01-01

01-01

01-01

01-01

01-01

01-01

01-01

 

 

 

 

01-02

01-02

01-02

01-02

01-02

01-02

 

01-02

 

 

 

 

 

01-03

01-03

01-03

01-03

01-03

 

01-03

01-03