Анықтама

Сабақтың тақырыбы:: Анықтама

Мақсаты:                  

Білімділік:.  Оқушыларға анықтама жазудың негізгі мәтіні , мақсатын,                                      жазылу үлгісімен таныстыру.

Дамытушылық:алған білімін жаттығулар арқылы дамыту

Тәрбиелік:Іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:: Оқулық, үлгі, компьютер, презентация

 

Сабақтың барысы

      

І.Ұйымдастыру

ІІ.Өткен сабақты қайталау

  1. Резолюция дегеніміз не ?
  2. Резюме жазудағы мақсатыңыз не ?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Анықтама
  2. Құжат мәтіні
  3. Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет
  4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет
  5. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы.

 

 

 

 

Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. Жеке адамдарға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы т.б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, мекеме басшысының қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.

 

Анықтамаға тиісті деректемелер:ұйымның аталуы, құжаттың аталуы, күні, индексі,шыққан жері, тақырыпша, мәтін , қол қою, мөр.

 

Анықтаманың үлгісі.

 

АНЫҚТАМА № 1

 

Осы анықтама « Егіндібұлақ ауылының №17 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесінің Авто1-12 тобының  оқушысы Ержанов Елдостың осы лицейде оқитынын растау үшін берілді.

 

Анықтама  2012 жылдың қыркүйек айына дейін жарамды.

 

 

№ 17 кәсіптік лицей директоры                      қолы                             Темиржанов Б.Т.

Мөр орны

 

15.05.2012.

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМА № 3

 

Осы анықтама Жандосова Айжан Саулетқызының 2011-2012 жылдары «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс істегенін растау үшін берілді.

 

Анықтама  талап етілу орнына көрсету үшін берілген.

 

«№30 орта мектеп» ММ директоры                        қолы                        Таңатаров М.А.

Мөр орны

 

15.09.2006.

АНЫҚТАМА

Асқаров Нұртас Жарасұлына Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында тұратыны және жанұясында 5 адам бар екені туралы берілді:

1.Асқарова Гүлжан — әйелі, 1974 ж

  1. Асқарова Жансая – қызы, 1996 ж

3.Асқар  Нұрдәулет – ұлы, 2000 ж

4.Асқар  Бақдәулет – ұлы, 2004 ж

Анықтама талап еткен жерге тапсыру үшін берілді.

 

 

 

Кәсіпорынның атауы                                Әлеуметтік қамсыздандырудың

Кәсіпорынның мекен-жайы                      аудандық бөліміне

Тел.                                                             ұсынуүшін

Факс.                                                         _______________ қаласы

АНЫҚТАМА

00.00.0.                          №

Леонова Оксана Анатольевна____________________ кәсіпорынының маркетинг

(кәсіпорынның атауы)

бөлімінде_______________________ жалақымен экономист болып қызмет істейді.

(санмен және жазбаша)

Директор                       қолы                     аты-жөні

Бас бухгалтер               қолы                     аты-жөні

М.О.

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның атауы                                                            Директорға

АНЫҚТАМА                                                                           ——————

00.00.00               №___

г._________

Жиһаз және жабдықтар сатып алу туралы

200__ жылдың_____ тоқсанында кеңсе жиһазы мен жабдықтарын жаңалау туралы жоспарға

сәйкес төмендегі жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды:

Комплектінің түрі      Саны (дана)             Құны (теңге)            Қоятын орны

Анықтама___________________________ негізінде жасалды.

Бас бухгалтер    қолы              аты-жені

№________ іске

Орындаушының қолы 00.00.00

 

 

ІҮ .Практикалық  тапсырма:

  1. Анықтаманың үлгісін компьютерде жаз.

2.Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыздар.

  • Анықтама  Лаура Касымованың лицейде оқитыны туралы   әлеументтік қамсыздандыру бөліміне  тапсыруға керек.
  • Анықтама Жандос Оспановтың лицейде оқитыны туралы әскери комиссариатқа керек.
  • Анықтама осы мекемеде жұмыс істейтіні туралы Сабитов Калымжанға керек.
  1. Қатесін түзетіңіз.

Осы анықтама лицей оқушысы Түкітаева Дианаға берілді. Түкітаева Диана шын мәнінде «Іс жүргізуші және мұрағаттанушы» тобында 1 курста оқиды. Анықтама № 17 кәсіптік лицей берілді.

 

Оқу ісінің меңгерушісі                             А.К. Молдакашева

 

Ү.Жаңа сабақты  пысықтау.

  1. Анықтама құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
  2. Анықтаманың негізгі мәтіні не ?

3.Анықтамалар кімге беріледі?

4.Не үшін беріледі?

5.Қайда тапсыру үшін беріледі?

6.Анықтама кімнің атынан беріледі?

 

ҮІ.Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма :  Анықтама оқып келу. Бірнеше жағдаяттар жазып келу.