Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
І. Сабақтың тақырыбы : Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
ІІ. Сабақтың мақсаты :
- 1. Білімділік :Ақан сері поэзиясын оқу арқылы қазақ мәдениетінің, өнерінің қаншалықты дәрежеде болғанын, нұсқаусыз – ақ өз өнерлерін дамытып, таратқанын, театр, мәдениет үйінсіз – ақ көрсете білгенін түсіндіру;
- Дамытушылық : Өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету.
- Тәрбиелік . Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы
Сабақтың типі : Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі : топтық жұмыс, зерттеу,салыстыру,пікір айту
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, өнер
ІІІ. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны :
Біле бер ,қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
Жүсіп Баласағұн
- Өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында топтастыру арқылы серілерге тән ортақ қасиеттерді анықтап алайық.
Өнерл і сұлулықты сүйеді ел еркесі
Сері |
Күйкі тірлікпен
Бесаспап
айналыспайды
сәнді киінеді сұңқар тамақты
әнші ,күйші,сазгер
— ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қандай әнші-
ақындарды білесіңдер ?
-Олардың шығармаларының негізгі тақырыбы не жайында болған?
-Сал мен сері сөздерінің арасында айырмашылық бар ма ?
-Сал- серілік дәстүрдің негізін салушылар кімдер ?
- Сабақтың негізгі бөлімі
Сынып төрт топқа бөлінген,алдын –ала тапсырма берілген. Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
І топ « Ауылым қонған Сырымбет саласына » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )
ІІ топ « Егіліп әндеріне сөзін тыңдап …» ( Ақан әндері ,оның шығу тарихы)
ІІІ топ « Сегіз қырлы, бір сырлы » ( Ақан бойындағы қасиеттер )
ІV топ « Тұсында сері болсын, пері болсын ,
Ұнайды өнерімен Ақан маған » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын-жазушылар )
І топ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі- Ақан сері Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы қазіргі Ақмола облысы ,Қоскөл деген жерде туған. Шын аты- Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп Ақан деп атап кеткен. Ақан білімді, орыс ,татар, шағатай тілдеріне жүйрік. Әншілік шеберлігі жоғары . Онымен қоса жоғары талғам иесі, жүйрік атты, қыран құсты, құмай тазыны ұстап, баптай білген ,саяткер болған.Ақан шығармаларын тану үшін тақырып жағынан 3 топқа бөліп жіктеуге болады.
Жастық .Махаббат. Адами сезімдер | Саятшылық. Атбегілік | Әлеуметтік |
Балқадиша,Сырымбет,Құлагер,Қыз сипаты, Сүйген қалқа, Көңіл тілегі, Достарыма, Жігіт сипаты, Жайықтың ақ түлкісі аралдағы т.б | Мылтық пен мергеншілік, Торыны таң асырып мінген қандай ,Құлагер | Барабар крестьянға тең болмадық, Заман адамы, Заманға қарап |
ІІ топ
Ақан сері – сегіз қырлы , бір сырлы , ұлы талант иесі. Ақанның шығармашылық өнері- тазалықтың,әсемдіктің көрінісі.Ол жай ғана ақын емес,әнші – ақын,өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып,домбырада ойнап, өзі орындаған.
Ақанның « Мақпал», « Ақмарал», « Зағипа », « Балқадиша», « Сырымбет », « Қараторғай», « Маңмаңгер »
, « Нәзік гүл » т.б әндері қазақ арасында кең таралған.
( Осы жерде « Балқадиша », « Сырымбет », « Үш тоты » әндерінің шығу тарихын айтады )
« Балқадиша » әнін тыңдайды.
ІІІ топ
Ақан ел есінде ақын ,әнші ,сазгер ретінде ғана қалған жоқ, ол атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерімен де танымал болған.
Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі – Құлагер еді.
( Осы жерде оның Құлагерді Шөкетай деген кісіден сатып алғанын, оны ерекше баптап , бағып күткенін, С.Жүнісовтың романынан үзінді келтіріп, айтып кетеді )
VІ топ
Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын- жазушылар да аз емес . Мысалы : Сәкен Жүнісовтың « Ақан сері » романы, Ілияс Жансүгіровтың « Құлагер » поэмасы , Ғабит Мүсіреповтың « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасы, Фариза Оңғарсынованың « Ақан сері » өлеңі , Мұратбек Жоламановтың « Құлагер тағдыр » картинасы , « Құлагер » фильмі .
( Әр шығарма жайлы қысқаша түсінік беріледі , « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасынан үзінді- көрініс қойылады )
- Сабақты қорытындылау
Балалар , жаңағы 4 топтың ізденіс жұмыстарын қорытындылап, бір арнаға тоғыстыру мақсатында Ой толғау жазайық . Мына екі тақырыптың біріне жазуға болады :
- Сегіз қырлы , бір сырлы Ақан аға !
- Мен сенің өнеріңе табынамын !
- Айтарым бар
Сендердің ойларыңша , қазіргі таңда нағыз, сері жігіттер қандай болу
керек ?
- Бағалау
- Үйге тапсырма : Ақан өлеңдерін жаттау