«Абылай хан»

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №22  жалпы білім беру орта мектеп» ММ. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобланов Д.Т.

06.12.2013ж1-сабақ
Сабақтың атауыӘдебиет 7 «Ғ- сынып

«Абылай хан»

СілтемеW.Абылай-хан-Википедия.

W. Абылай-хан-Уикипедия. BUGIN.kz.энциклопедия.

Жалпы мақсаттар1.XVIII ғасырда қазақ халқының басына туған қаралы күн. Елдің елдігін, азаматтың ерлігін көрсететін сын сағаттағы кезең туралы түсінік беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтқа, елге деген махаббатын үлгі ету, түсіндіру.

2. Оқушылардың ой көкжиегін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жатық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру; шығармашылық жұмысқа үйрету.

3.Ел бірлігін ту еткен Абылай ерлігін үлгі ете отырып,ынтымақтыққа, елін сүюге, парасатты болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесіОй толығады;Өткен тарихтан сабақ алады; Қазақ халқының қазақ болып қалыптасу жолындағы еңбектерін түсінеді;өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.
Негізгі идеяларЕл болам десең-бесігіңді түзе.

Ел тыныштығын сақтау-азамат парызы.

ТапсырмаларОй қозғау: «Көшпенділер» филмінен үзінді.

1-тапсырма:

Абылайдың 1-түсінің сыры

Әр топ Абылай түсінің сырын өз пікірлерімен ашу

2-тапсырма:

1.Абылай хан туралы тарихи деректер не дейді?

2.Абылай хан туралы аңыз-әңгімелер не дейді?

3.Абылай хан туралы сырлы суреттер не дейді?

2-тапсырма: Абылайдың 2-түсі (Абылай түсін әр топ өз зерттеулерімен ашып беру)

1.Тарихшылар

2.Әдебиетшілер

3.Суретшілер

 

 

Міндеттері1.      Әрбір бала өзінің Отан алдындағы парызын түсіну

2.      Абылай ерлігінен үлгі-өнеге алу.

3.      Оқушы бойына күш-жігер, сенімділік орнату.

4.      Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

5.      Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.

6.      Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.

БағалауФормативті және өзін-өзі бағалау
Кейінгі тапсырмаларАбылай хан туралы аңыз-әңгімелер, тарихи деректер жинақтау,оқу.