Компоненттерің негізгі қасиеттері

Компоненттерің негізгі қасиеттері

Мақсаты – компоненттердің қасиеттері мен оқиғаларын басқаруды үйрену.

Қарапайым программаларды құру

 

І. Әртүрлі жылдамдықпен жұмыс істейтін сағат жасау

  1. Delphi программалау ортасын ашыңыз.
  2. Form1 формасына Label (Standard парағы) және Timer (System парағы) компоненттерін орналастырыңыз.
  3. Объектілердің келесі қасиеттерін орнатыңыз:
ОбъектСвойствоЗначение
 Form1

Label1

Label1

Label1

Label1

Name

Caption

Color

Font.Size

Font.Color

Clock

00:00:00 clYellow

24

Красный

  1. TClock.Timer1Timer процедурасы үшін уақыттың жаңару кодын жазыңыз:

Label1.Caption:=TimeToStr(Time);

  1. Формаға GroupBox және RadioButton компоненттерін орналастырып, келесі қасиеттерді көрсетіңіз:

GroupBox1              Caption               Скорость

RadioButton1         Caption               Медленно

RadioButton2         Caption               Умеренно

RadioButton3         Caption               Быстро

  1. RadioButton3Click процедурасына келесі кодты жазыңыз:

Timer1.Interval := 1000;

  1. Келесі процедуралар үшін де кодтарды жазыңыз:

TForm1.RadioButton1Click (3000)    және  TForm1.RadioButton2Click (2000)

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

  1. Мәтінді форма бойынша сол жақтан оң жаққа үздіксіз жылжытыңыз.
  2. Мәтінді формада төмендегі траектория бойынша үздіксіз жылжытыңыз.

Программа

  1. Формаға  Label және Button компоненттерін суреттегідей орналастырыңыз.
  2. Button2 объектісінің қасиетін өзгертіңіз:

DragMode:  dmAutomatic

  1. Button2 объектісіне MouseMove оқиғасын өңдейтін код жазыңыз:

procedure TForm1.Button2MouseMove(Sender: TObject; Shift: TShiftState; X,Y: Integer);

begin

Button2.Left := Button2.Left+10;

Button2.Top  := Button2.Top+10;

end;

 

  1. Button1 обектісіне Click оқиғасын өңдеуге арналған код жазыңыз:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Label1.Caption := ‘Мы были в этом уверены!’

end;

  1. Программаны орындаңыз.
  2. Программаны өзгертіңіз: тінтуір меңзерін Button2 обектісіне жылжытқанда ол көрінбейтін болуы керек. Меңзерді алып тастағанда ол қайта көрінуі керек.

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

  1. Батырма курсордан кез келген бағытта қашып жүретіндей етіп программаны өзгертіңіз. Бірақ форма шекарасынан шықпауы керек.

ІІ. Мультипликациясы, бейнеклипі және гиперсілтемесі бар программа

  1. Формаға 268х163 өлшемді панельді орналастырыңыз.
  2. Панельдің үстінде IMAGE1 компонентін орналастырыңыз. Оның өлшемі 072х163 болуы керек. IMAGE1 компонентіне Дракон.jpg файлын орналастырыңыз.
  3. Формада интервалы 250 болатын таймер компонентін орналастырып, OnTimer оқиғасына келесі кодты жазыңыз:

With  Image1  do

Begin

Left:=Left-Width div 4;

If Left=-Width Then Left:=0;

End;

  1. Программаны орындап, сақтаңыз.
  2. Формаға жаңа панель және MediaPlayer1 компоненттерін орналастырыңыз.
  3. Форма құру процедурасына avi бейнеклипін ойнату кодын жазыңыз:

MediaPlayer1.Filename:=’Cool.avi’;

MediaPlayer1.Open;

MediaPlayer1.Display:=Panel2;

MediaPlayer1.Play;

  1. Программаны орындаңыз және программа дұрыс жұмыс істесе сатаңыз.
  2. Формада гиперсілтеме мәтіні бар тексті орналастырыңыз. Мәтін қаріпінің (шрифт) түсі көк және асты сызылған болуы керек. Мәтінге курсорды әкелгенде «Сайт преподавателя» көмекші мәтін шығуы және курсордың түрі қаламға өзгеруі керек. Программаның USES бөліміне ShellAPI модулін қосыңыз. Гиперсілтемені басу оқиғасы үшін келесі кодты жазыңыз:

ShellExecute(0,’Open’, ‘http://www.gor.h1.ru’,»,»,SW_SHOW);

БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

  1. Гиперсілтемені өзгертіңіз: тінтуірді үстіне әкелгенде ғана оның түсі көкке және асты сызылған болып өзгеруі керек.