WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс жасау

Сабақтың  тақырыбы: WORDPAD  мәтіндік  редакторында  жұмыс жасау.  

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. WORDPAD  мәтіндік  редакторы  тақырыбы бойынша  оқушылардың  білімдерін тексеру, редактормен  жұмыс жасау  ережелерін  практикалық сабақта  бекіту,  тақырыпты  қорытындылау.  Тақырып бойынша алған білімдерін  тапсырмаларды  орындау барысында  пайдала білу,  қойған мақсатына жете білуге  дағдылану,  пәнге деген  қызығушылығын арттыру.
  2. Дамытушылық. . Оқушылардың процессорда жұмыс істеудің қосымша әдістері мен

режимдерін, мәтіннің үзіндісін көшіру мен жылжыту кезінде алмасу буферін қолдана білу қабілеттерін дамыту.

  1. Тәрбиелік. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың барысы:  І.   Ұйымдастыру сәті.

ІІ. Теориялық білімдерін тексеру.

Өткен сабақты  еске  түсіру   үшін   ұлттық  ойындарының бірі  «Аңшылар»  ойынын ойнайық.  Ойынның тәртібі:  екі оқушының аңшы етіп сайлаймыз, олар тақтаға шығады.  Ал, қалған балалар үйрек болады.  Енді  аңшы үйректі  ату үшін,  үйрек  аңшыға  сұрақ қояды. Егер сұраққа  дұрыс жауап  берсе, онда аңшы  үйректі атып алады. Үйректі көп атып алған  аңшыға  сыйлық  беріледі.

а)   WordPad  мәтіндік  редакторын  іске қосу  үшін  қандай әрекеттер орындаймыз.

(Іске қосу           Бағдарламалар            Стандартты          WordPad)

ә)   WordPad    мәтіндік  редакторының терезесінің  элементтерін атаңыз

(Тақырып жолы,  меню жолы,  құрал – саймандар  тақтасы,  пішімдеу тақтасы,  сызғыш,  жұмыс аймағы)

б)   WordPad    мәтіндік  редакторының  батырмаларының  атқаратын қызметтері  туралы не білесің?

— Құжат құру ( жаңа құжат құрады)

 — Маркерлер  (ағымдағы  үнсіз келісім  бойынша  бюллетень – тізімді құрады)

   — Ашу ( бар құжатты  немесе үлгіні ашады)

— жартылай  қалың  (белгіленген мәтінді  жартылай  қалың  қаріппен жазады)

— Құжатты сақтау ( активті құжатты  немесе үлгіні  сақтайды)

 — Баспа  ( активті құжатты  ағымдағы  үнсіз  келісімді  пайдаланыып  басып  шығарады)

 — Болдырмау ( соңғы әрекетті  алып тастайды)

Т.б.

в)   Қаріпті, өлшемді және  әлпетті  қатар  өзгерту үшін  қандай әрекеттер  орындау қажет?

(Формат           Шрифт)    (Пішім           Қаріп)

г)   WordPad    мәтіндік  редакторының қандай қосымша  мүмкіндіктері бар?

(WordPad    мәтіндік  редакторында  мәтіннің үзінділерін  тышқанның  көмегімен  апару және көшіру  әдістерімен  немесе  меню командалары  арқылы  көшіруге және  жылжытуға   болады. )

д)   WordPad    мәтіндік  редакторынан қалай шығамыз?

(Файл            Выход)

 

ІІІ.   Жұмыс дәптерімен  жұмыс.

Жұмыс дәптері 2 деңгейден  тұрады,  бірінші  деңгейімізде   теориялық  сұрақтар берілген,  ал екінші деңгейімізде   «Стандартты»  саймандар  тақтасының  батырмалары берілген, осы  батырмалардың  атқаратын  қызметін   жазасыздар.

 

ІV.  Компьютермен  жұмыс.

Сабағымызды бекіту үшін  таратпа  карточкаларды  пайдаланып  практикалық жұмысты орындаймыз.

  1. Жаңа құжат құрып оны сақтаңыз.
  2. Раint программасын пайдаланып   сурет енгізіңіз.
  3. Суретке байланысты өлең немесе  мәтін теріп  жаз.

 

Бұл тапсырмада оқушылар  «Қазақстан   көп ұлтты,   тәуелсіз мемлекет»,  «Қазақ халқының ұлттық киімдері», «Денсаулық – зор  байлық»  тақырыптарына  байланысты  суреттер қойып,  мәтін жазады. Жазған мәтіндерін   пішімдейді.

 

  1. Сергіту сәті. (Теңге алу ойыны)

Бұл ойында  тақтаға бірнеше  теңгелер ілінеді.  Осы теңгелердің артында  терминологиялық  сөздіктер  және сыйлықтар жазылған.  Бір –бірден  тақтаға шығып  теңгелерді алып  терминологиялық  сөздіктердің мағынасын, яғни  атқаратын қызметін  айтып беру  керек.   Егер дұрыс  жауап берсе теңгені  өздері алады.

 

VІ.   Үйге тапсырма. WORDPAD  мәтіндік  редакторы  бөлімі  бойынша тест сұрақтарын құрастырып келу.

VІІ.   Сабаққа  қорытында жасау. Оқушылардың  білімін бағалау.