Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс

Білім көрсету сабағы. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:                                  Білімділік.

                                                                       Оқушылардың танымдық белсенділік іс-әрекетін

қалыптастыру, жан-жақты меңгерту.

Дамытушылық. Компьютерде жұмыс істеу

қабілеттерін дамыта отырып, құжаттады өңдеуді,

диаграмма құру жұмыстарын орындай отырып,

олрдың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

мақсатында оқушылардың алған білімдерін

пысықтау, нақтылау.

Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, өз

бетінше жұмыс істеуге тәрбиелей отырып,

компьютерлік сауаттылықпен компьютерлік

мәдениеттілікке баулу.

 

Сабақтың көрнекілігі:                              компьютер, экрандық тақта, жайма, буклет, кеспе

қағаздары, стратегиялар.

Сабақтың  өту әдісі:                                  СТО бағдарламасы, сұрақ-жауап, практикалық сабақ

Сабақтың түрі:                                          аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. (сәлемдесу, түгелдеу, зейінін сабаққа аудару, оқушыларды топқа бөліп /нөмірленген көгершіндер беру арқылы/ отырғызу, топ басшыны сайлау).

Кіріспе сөз. (сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысы және рейтингілік бағалау жүйесімен, СТО бағдарламасы бойынша өту).

Мұғалім сөзі. Кәні оқушылар тақтаға диаграмма құрып тұра қалайық. Бір-бірімізге тілек айтып орнымызға отырайық.

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

  1. а) сұрақ қою арқылы
  • Microsoft Excel дегеніміз не?
  • Excel-дің қандай мүмкіндіктері бар?
  • Excel-дегі бағана және қатар қалай белгіленеді?
  • Жаңа парақ қосу үшін қандай команда орындалады?
  • Парақ санын нешеге дейін көбейтуге болады?
  • Excel жұмыс парағы негізінен неше парақтан тұрады?
  • Диаграмма дегеніміз не?
  • Диаграмманың қандай түрлері бар?
  • Excel-де формула жазу ережесі
  • Excel-де бағана мен қатар саны неше?

ә) тест арқылы (көрші – көршіні тексеру)

  1. Excel программасын іске қосу үшін қандай жолдарда орындалады?

А) программалар – Іске қосу    Ә) Іске қосу – стандартты – Excel

Б) Іске қосу – программалар – Excel   В) Іске қосу – программалар – Office — Excel

  1. Бағана мен қатарлар қиылысу нүктесі не деп аталады?

А) ұяшық   Ә) стандартты  ұяшық    Б) қатарлар  В) бағаналар

  1. Бағана саны мен жолдар санын көрсетіңіз.

А) 256, 16385   Ә) 256, 65536   Б) 25, 65535    В) 25, 65536

  1. Егер В1 ұяшығына туған жылыңды, С1 ұяшығына биылғы жылыңды, D1 ұяшығына

=C1-B1 формуласын енгізсек, ол нені санап шығарады?

А) туған күніңді    Ә) жасыңды   Б) қосындыны  В) максимум мәнді.

  1. Excel электрондық кестесі не үшін керек?

А) мәтіндерді енгізу  Ә) сандарды енгізу

Б) есептеулерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін

В) эксперимент жүргізу үшін

  1. Диаграмма құру неше қадамнан тұрады?

А) 3    Ә) 4   Б) 5   В)2

  1. Мәтін деген не?

А) тақырып бойынша әңгіме   Ә) алфавит әріптерінің жиыны

Б) компьютерлік символдар мен сандар жиынтығы

В) компьютерлік алфавит символдарының тізбегі

  1. Жаңа құжатты қай батырманың көмегімен құрамыз?

А)     Б)       В)       Г)

  1. Қандай батырманы пайдаланып құжатты ашуға болады?

А)     Б)       В)        Г)

  1. MS Word мәтіндік редакторы не үшін керек:

А) мәтінді құруға, өңдеуге  Ә) мәтінге сурет қою үшін  Б) диаграмма құру үшін

В) есептеу үшін

 

ІІІ. Негізгі бөлім.

Практикалық жұмыс. (компьютерде орындау). Оқушыларға деңгейлік тапсырма бойынша кеспе қағаздары таратылып беріледі, тапсырманы орындап, сақтау қажет.

Сергіту сәті. «Сөз жұмбақ»

СӨЗЖҰМБАҚ

АҚПАРАТ
БАЙТ
СЕГІЗДІК
PAINT
ҚАРІП
ПРОЦЕССОР

 

КОМПЬЮТЕР
ФАЙЛ
ИНТЕРНЕТ
  1. Латынның «information» сөзі нені білдіреді?
  2. Ақпарат өлшем бірлігі.
  3. Санау жүйесі.
  4. Графикалық редактор.
  5. Пішімдеу (форматтау) әрекеттерінің түрі.
  6. Компьютердің ең басты бөлігі («миы»).
  7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы.
  8. Мәліметтер жинағы.
  9. Дүниежүзілік желі.

 

  1. IV. Сабақты пысықтау. Венн диаграммасы.
  1. V. Қорытынды. Insert кестесі бойына.

 

Мен үшін түсініктіМен үшін түсініксізЖаңа ақпаратМаған жұмбақ
  

 

  
  1. Үйге тапсырма: қайталау (Microsoft Excel)

 

VII. Бағалау (Рейтингілік)

 

VIII. Пайдаланылған әдебиет: 1. Информатика 8 класс

Ж. Қараев, Н.Стифутина

  1. Информатика 7-9
  2. Информатика негіздері журналы.