Зертханалық жұмыс CorelDRAW-та арнайы эффектілерді қолдану

Зертханалық жұмыс CorelDRAW-та арнайы эффектілерді қолдану

Мақсаты: теориялық білімдерін объектілерде жұмыс істеу арқылы  пысықтау

Қолдануы: интерактивті құралдарды қолдана білу,эффектілерге әртүрлі жарықтандыру орната алу.

 

 

Жұлдызшаларға әртүрлі эффектілерді қолдану.

Жеңіл, бірақ әдемі графикалық эффектілерлер жасау үшін, бірдей объектіге көшірмесі  арқылы әр қадам жасап, әртүрлі өлшемдермен бір-біріне қиюластырып қою  арқылы қол жеткізуге болады.Төмендегі жаттығулар арқылы топтарға жылжыту үшін мына амалдарды қолданамыз.

1.Жұлдыздар инструментің таңдаңыз да , қасиеттер панелінің ашылған тізімінен 8-цифрлы жұлдыз бар үлгіні таңдаңыз.

Оған сұр түс таңдап 70 пайыздық интенсивтікпен құямыз.

  1. Жаңағы жұлдыздың кіші өлшемін алып, ортасына орналастырамыз .
  2. Кіші өлшемді жұлдызды ақ түске боямыз. Суреттегідей түр аламыз.

4.Нұсқағыштың көмегімен екі жұлдыздың да  контурлық сызығын алып тастаймыз, ол үшін қалам абрисындағы  « нет» деген қасиетті таңдаймыз.

  1. Ерекшеленгенін кетірмей кіші жұлдыздан үлкен жұлдызға Интерактивтік жылжыту қолданамыз. Қасиеттер панелінде 15 санын таңдаймыз. Бізге суреттегідей объект шығады.
  2. Осы суреттің көшірмесін аламыз да оны қасиеттер панелінен жылжытуды 70 градусқа апарамыз. Сол кезде суреттегідей үлгі аламыз.

Объектілер тобына  бұрылу және майысу жылжыту жасау.

Объектілер тобына  бұрылу және майысу жылжыту жасау әртүрлі де қызықты эффектілер жасауға болады.Келесі жаттығулар жасау арқылы объектілерді айналдыру тобын жасауға болады.Ол үшін осы нұсқаулықты пайдаланамыз.

1.Жаңа бетте екі шеңбер жасаймыз да бір –бірінен 10 см арақашықтықта орналастырамыз.

2.объектіге радиальды градиетті  құю пайдаланамыз.Ол үшін жасыл түстен ашық жасыл түске айналуын пайдаланамыз.

  1. Екі объектігі интерактивті жылжыту қолданамы. қадам ға 20 санын кіргіземіз.
  2. Бұру бұрышын 90 қоямыз да  суреттегідей бұруды пайдаланамыз сонда суретіміз мына түрге келеді.
  3. Екі шеңбердң де ерекшелейміз де контурдың түрін алып тастаймыз.

6.Жасалған объектіміздің  көшірмесін аламыз ол үшін CTRL+D басамыз.

  1. көшірмені беттің төмен жағына орналастырамыз да оған бұру бұрышын 180 градус береміз, сонда мынандай сурет аламыз.

8.Тағы да осы суреттің көшірмесін аламыз да оған бұру бұрышын 360 градус береміз сонда мынандай бұрылған объекті аламыз.

 

 

Бұл  сабақ  «Информатика негіздері» журналының  № 5 саны 2011 жылғы жарияланған.