Ақпарат және информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және информатика

Сабақтың мақсаты:

  • Ақпарат ұғымымен,оның түрлерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру.Арналуы, сиапты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру. Бейнелік және таңбалы ақпарат түрлерін ажырата білуге үйрету. Оқушыларға тақырып бойынша терең білім беру ,ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін  дамыту , шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге , өз денсаулығына көңіл бөлуге дағдыландыру,сыныптасын тыңдап жауаптарын толықтыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пікірлесіп –түсіндіру аукцион сабағы

Оқыту формалары: жеке,топтық, ұжымдық

Пәнаралық байланыс: география,биология, өзін-өзі тану, тарих,математика, орыс тілі,экономика.

Оқыту әдістері: ұлттық педагогика, ақпараттық-коммуникативтік технология, саралап-деңгейлеп оқыту, ойын элементтері.

Жабдықтау:  таратпа материалдар, презентация,

Көкейкестілігі:

А)Негізгі ұғымдар: ақпарат (түрі,қасиеттері т.б.)информатика

Ә)Оқушы қызығушылығын қалыптастырушы: ойын, бизнес

Б)Бақылау формалары: тест,зерттеушілік тапсырма

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
  2. Жаңа тақырыпқа кіріспе сөз
  3. Жаңа тақырыпты баяндау, пікірлесіп –түсіндіру.
  4. Сергіту сәті
  5. Қабылдаған білімдерін тексеру./кері байланыс:Биржа ойыны
  6. Жаңа тақырыпты бекіту. ТЕСТ
  7. «Аукцион» ойыны
  8. Бағалау, үй тапсырмасын беру.

 

Барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу.
  • Психологиялық дайындық /сынып болып қайталау/

Болашақтың ұрпағымыз білімді

                                      Информатикадан алған ілімді

                                      Өмірде пайдаланамыз тиімді.

І. Жаңа тақырыпқа кіріспе сөз: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы –білім» деген екен Әбу-р-Райхан әл Буруни.Ендеше сіздерді бүгінгі сабағымыздың білім – білікке                                              қойылатын талаптармен тансытырып өтейін./Қызығушылықтарын ояту/

Білім – білікке                   Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар:    —    ақпарат ұғымын;

  • ақпарат формаларын;
  • ақпарат көздерін;
  • ақпарат типтері мен қасиеттерін;
  • ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
  • ақпаратты кодтау тәсілдерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіру.

 

ІІ. Миға шабуыл. . Ақпарат деген сөзге сен қандай мағына бересің

Оқушыларға берілген тақырып бойынша өз пікірін дәптерге жазу ұсынылады.

Пікірлесу.

  • Тапсырма. Ақпарат алатын көздерді атап айт.

«Біз ақпаратты қайдан аламыз» деген сұрақты дискуссия барысында талдау. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Тапсырма. Кестеге өзің ақпарат алған мысалдары мен олар алынған ақпарат көздерін жаз.
АқпаратАқпарат көзі
1. Internet бүкіл әлемнен байланысты.Инфоматика сабағы
2. Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың суммасы өзгермейдіМатематика сабағы
3. Амеба бір клеткадан тұрадыБиология оқулығы
4. Токқа қосылған үтікке қол тигізу қауіптіАпаңның ескертуі
5. Тұратын уақыт болдыҚоңырау сағат

 

Жаттығуда біраз көмек берілген. Кестенің қатары толығымен толтырылған. Екіншіден бастап бесіншіні қоса қатарлар жартылай толтырылған. Қалған қатарларды оқушылар өз бетімен толтыруы керек. Жауаптардың айырмашылығы түрлі болуы мүмкін.

 

Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік т.б.

Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтасы, журнал, аууа бөлшектері, слайд, перфокарта, ген т.б. бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім — оқушы) және жанама (су шуылы сарқырамының жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.

Ақпарат қабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайлар да кездеседі.

 

  • Тапсырма. Берілген мысалдарда ақпарат көзін Қабылдаушы мен Ортасын белгілеңдер.
Үй иесі

 

 

  1. Есікке қоңырау соғу.

 

 

Аңшы
  1. Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.

(ақпаратты бір жаққа беру)

 

 

 

  1. Екі достың телефонмен сөйлесуі

(ақпарат алмасу)

 

Ұсынылады:

  • Бірінші үш мысалды бірге талқылау.
  • Ақпарат көзі де, қабылдағышы да бірнеше болуы мүмкін екенін түсіндіріп, тапсырманың басқа пункттерін өз бетімен орындауға мүмкіндік беру.
  • Егер тапсырманы сыныпта орындауға сабақ уақыты жетпесе, онда оны үйге беру.

 

  • Тапсырма. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Тапсырма. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.

Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Тапсырма. Сенің ойыңша берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле.

 

ПроцессБеруСақтауӨңдеу
1. Кітап оқы+
2. Күнделікке баға қою+
3. Математикадан есеп шығару+
4. Есікке қоңырау соғу+
5. Компьютерде ойнау++
6. Диктант жазу++
7. Тақпақ жаттау+
8. Суретке түсу++
9. Балмұздақ сатып алу++

 

Тапсырма тек ақпарат пен үш түрлі: беру, сақтау, өңдеу жұмыс істеуге болатыны жөнінде қорытынды жасалғаннан кейін ғана орындалады. Кесте әр мысалды талқылап толтырылады. Әр процесте ақпаратты беру, сақтау, өңдеу әр түрлі мөлшерде болатыны анықталады. Мұның ішінде жұмыстың басым түрін белгілеу ұсынылады. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін

Биржа ойыны

Оқушыларға сұрақтар беріледі, берілген әрбір сұрақтың бағасы бар. Дұрыс жауап айтқан оқушыға ақша беріледі. Оқушылар өзінің қорына ақша жинап,сабақтың соңында жиналған қаражаты бойынша білімдері бағаланады.

 

  • ДАНАЛЫҚ АҒАШЫ

Тақтада ілініп тұрған алма ағашында (қызыл-1000 тенге, жасыл-500 тенге, сары-200 тенге) алмалар ілініп тұр. Әр алмада берілген сұрақтарға жауап беру керек. /Саралап –деңгейлеп оқыту техн/

 

  • «АСЫҚ ИІРУ» ойыны

Асықты иірген оқушыға асықтың түскен жағында № белгіленген сол № бойынша сұрақтар оқылады. /Бағасы-200тенге/

 

  • «АЛТЫН САНДЫҚ»-бұл сандықтың ішіндегіні тапқан оқушыға -1000 тенге беріледі.

 

  • «ТЕҢГЕ АЛУ»-ұжыммен жұмыс ойыны ,Әр қатарға 10 сұрақтан беріледі. Сұрақтар информатикамен байланысы бар жалпы пәндер бойынша білімдерін бақылау./200 тенге/

 

  • Жаңа тақырыпты бекіту . ТЕСТ-/200 тг/

 

  • Жиналған қорларындағы ақшамен оқушы білімін бағалаймын. 3000 тенгеден жоғары- «5», 2000-1000 тенге-«4», 1000 -500 арасы-«3» баға.

 

  • Сабақты қорытындылау:

СЫЙЛЫҚТАР АУКЦИОНЫ

Аукционға сыйлықтар ұсынылады. Жинаған ақша қоры бойынша  жасырынған жұмбақтың жауабын айтып  сыйлыққа ие боласыздар.

Бастапқы баға -1000 тенге. Кім жоғары баға ұсынады?

 

  • Үй тапсрымасын беру.