Айнымалы ұғымы . Негізгі сипаттамалары: аты,типі,мәні

Сабақ тақырыбы:  Айнымалы ұғымы . Негізгі сипаттамалары: аты,типі,мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды берілгендер типі және айнымалылар ұғымымен  таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:  Практикум элементі бар, көрсете түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру. Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын қадағалап өту.

  1. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
  2. Алгоритм деп? / берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз /
  3. Алгоритмнің қасиеттері? / айқын, дәл өрнектелу қасиеті, дискреттік (үзіктілік) қасиеті, нәтижелілік қасиеті, жалпылық немесе ортақтық қасиеті./
  4. Алгоритмді жазу тәсілдері? / Табиғи тілде, қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану, Блок-схема түрінде, Программалау тілінде жазу./
  5. Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз? / Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын./
  6. Алгоритм атқарушысы бұл? / алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін./

Ш. Жаңа сабақты түсіндіру.

      Тіл деп – информацияны символдық жүйеде ұсынуды айтады. Кез келген программалау тілдің өінің символдық жүйесі, алфавиті болады. Алфавит ол – тәртібі анықталған, шектеулі белгілерден, әріптерден, арнайы символдардан тұратын жиын. Стандартты Паскаль тілінің алфавитіне мына символдар жатады:

1) латын алфавитінің 26 бас және кіші әрптері;

2) араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

3) арнайы символдар: + – * / ; , : . < > = ‘’ ( ) [ ] { } $ _ # ^ @

Сонымен қатар Паскаль тілінде арнайы символдардың

комбинацияларынан құрылған мына символдар да қолданылады:

: = меншіктеу <= кіші немесе тең

<> тең емес >= үлкен немесе тең

.. мәндердің диапазоны (..) альтернативасы []

(* *) альтернативасы {}

       Паскальдағы сөздер. Паскаль тілінде қолданылатын сөздер жиынын үш топқа бөлуге

болады: резервтелген сөздер, стандартты атаулар (идентификаторлар), пайдаланушының атулары.  Резервтелген деп – бір арнайы мәні бар, жазу үлгісі бекітілген сөздерді айтады.

Мысалы: Program – программаның басы, Procedure– процедураның басы, Function –функцияның басы, Begin – бастау, End-бітіру, Var – айнымалылар, Const – тұрақты т.б.

      Идентификатор. Программаны, айнымалыларды, тұрақтыларды, әр түрлі процедураларды және функцияларды т.б. объектілерді белгілеу үшін идентификаторлар (атаулар) қолданылады. Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерiн, функцияларды, бағдарламаларды т.б. обьектiлердi белгiлеу үшiн қолданылады. Бұл сөз латынның identifico – ұқсатамын сөзінен шыққан. Идентификатор кез-келген ұзындықта бола алады, ал оның негізгі мәні ретінде алғашқы 63 символ алынады.

Тілдің деректер типтерін, тұрақтыларын, процедураларын және функцияларын белгілеуге стандартты атаулар қолданылады. Мысалы: integer, Sin, Cos, Ln, Sqr, Sqrt, Read, Readln, Write, Writeln.

      Тұрақтылар және айнымалылар. Паскаль тілінің негізгі берілім элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады. Тұрақтылар – программа орындау процессінде өзінің мәнін өзгертпейді. Сандық тұрақты – программада тікелей сан түрінде жазылады: 4, -59, 3.14, 0.625.

Символдық тұрақты – апострофтың ішіне алынған символдар тізбегі:‘S=’, ‘3.14’, ‘Summa’, ‘введи два числа’

       Айнымалылар – программа орындалу процессінде мәні өзгеріп отыратын шама немесе жады ұяшығы.

       Берілім типтері. Паскаль тілінің ерекшелігі, әр түрлі типті берілімдерді қолдану мүмкіндігі мол. Берілім типтері (data type) – амалдардың белгіленген мүмкіншілік жинақтарымен біріккен шамалар жиыны. Мәлiмет типтерi қарапайым скалярлық және құрылымды структуралық шамалар болып екiге бөлiнедi.

Қарапайым типтер реттелген және нақты болып екiге бөлiнедi. Реттелген тип – мәндер аймағы реттелген санылымды жиынды айтады. Бұған төмендегі типтер жатады: Integer (бүтін) — бүтін сандар жиынын белгілеуге арналған. Бүтiн оң және терiс сандардың жазылуы да қарапайым: 6, -40, 1999, 0, т.с.с. Бүтiн сандар –32768-бен +32767 аралығында ғана және жадыда алатын көлемі 2 байт бола алады.

       Char (символ) – символдар жиыны құрайды. Char типтегi шамаларды арифметикалық өрнектерде қолдануға болмайды. Символдық типтің константасы апострофқа алынған рұқсат етілген символ болып табылады. Жадыда алатын көлемі 1 символ — 1 байт. Мысалы: ‘7’, ‘+’, ‘F’, ‘’’’, ‘j’, ‘?’.

       Boolean – бульдік немесе логикалық тип. Бұл типтегi шама екi мәннiң бiреуiн ғана қабылдай алады: TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған). Логикалық амалдың келесі түрлері бар: NOT (логикалық “емес”), AND (логикалық “және”), OR (логикалық “немесе”), Xor (ерекше логикалық “немесе”) . Бульдік типті мәндерді салыстыру операциялары орындалуы мүмкін, мұнда false < true (жалған < ақиқат) деп есептеледі.Бульдік типті мәндер жадының 1 байт көлемін алады. Бұл амалдардың мәндерi төмендегi қатынастар бойынша анықталады.

        Саналатын тип – ол қабылдай алатын мәндерді санап шығумен беріледі. Әрбір мән кейбір идентификатормен аталады, мысалы: Type colors = (red, white, blue, black);

        Тип-диапазон – кез келген реттелген тип ретінде өзінің базалық типтегі ішкі жиыны.

<минималды мән>..<максималды мән> Тип-диапазонды анықтау үшін келесі ережелерге сүйену керек: — «..» бір символ ретінде қарастырылады, сондықтан екі нүкте арасына пробел қойылмайды; — сол жақ шекара оң жақ шекарадан аспауы керек. Мысалы: Type month = 1..12;

lat = ’a’..’z’;

        Real — нақты шамалармен есептеулерді қажет дәлдікпен жүргізу үшін пайдаланамыз. Нақты тип кәдiмгi табиғи аралас сандар тәрiздi санның бүтiнi мен бөлшегi нүкте арқылы ажырытылып жазылады. Жадыда алатын көлемі 6 байт Мысалы: 3.023, -1.264, 5.0, -23.94 Ал өте үлкен немесе кiшi нақты сандар көрсеткiшi бар экспоненциал сандар түрiнде жазылады: Мысалы: -2.65Е-06, 3.9Е+04, .61Е-02. Мұндағы Е әрпi “10-ның дәрежесi” деген мағынаны бiлдiредi. Санның бүтiн бөлiгi нөлге тең болса, ол жазылмайды, ал санның таңбасы оң болса, + белгiсi қойылмайды. Нақты сандар 2.9Е-39-ден 1.7Е+38-ге дейiнгi аралықта бола алады. Мәндерi бұл аралықтан шығатын сандар үшiн арнайы тәсiлдер қолданылады.

 

ТипДиапазонЖадыда алатын көлем
Integer (Бүтін)-32 768..+32 7672 байт
Real (Нақты)2.9Е-39..1.7Е+386 байт

 

STRING жолдық тип, 0… 255 символ

Логикалық тип: 1 байт BOOLEAN (False, True) AND, OR, XOR Стандартты атаулар өзгертілмейді.

 

  1. Жаңа тақырыпты бекіту:
  2. Паскаль тілінің алфавитіне не жатады?
  3. 2. Идентификатор дегеніміз не?
  4. 3. Идентификаторды орыс әріптерімен жазуға бола ма?
  5. 4. Мәліметтердің қандай типтері бар және айырмашылығы неде?
  6. 5. Паскаль тілінде қандай математикалық функциялар қолданылады? Олардың атап шығыңыз?
  7. 6. Паскаль тілінде санның бүтін бөлігін және қалдығын бөліп алу үшін, қандай резервтелген сөздер қолданылады?

 

  1. Үйге тапсырма. Өтілген жаңа тақырып бойынша оқып келу.