Алгоритмдеу және программалау. Алгоритм және оның қасиеттері

Тақырыбы: І бөлім. Алгоритмдеу және программалау.   Алгоритм және оның қасиеттері

Мақсаты:    Алгоритмдер мен оларды орындаушылар туралы түсініктерді кеңейту; оқушыларға алгоритм ұғымының фундаментальдығын және алгоритмдерді қолдану ауқымының кеңдңгңн көрсету; оқушыларды алгоритмдердің қасиеттерімен мысалдар арқылы таныстыру; алгоритнің формальды орындалу мүмкіндігін оқушыларға түсіндіру; алгоритмдер типтерінің құрылымдары бойынша кластарға бөлінуін бееру.

а) білімділік;

Оқушылар алгоритмнің не екенін, алгоритмдердің маңыздылығын және олардың қолданылу ауқымының кеңдңгңн түсінуі; алгоритм командасы, алгоритмді орындаушы, орындаушының командалар жүйесі ұғымдарын білуі қарапайым алгоритмдерді, олардың ие болуы тиіс қасиеттерін ескеріп, тұжырымдап, алгоритмдер мысалдарын келтіре алуы керек

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға алгоритдеу және программалау туралы мәлімет қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Кітап

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. ЕТК қауіпсіздік ережесі
  2. Көзге жаттығу жасау

 

ІІІ Жаңа сабақ

  1. алгоритмдер алуан түрлі мәселелерді шешуде пайдаланылады;
  2. алгоритм ұйғаратын жекелеген әрекеттер салыстырмалы түрде оңай және орындаушыға жеңіл болады;
  3. алоритмдер мәселелерді (есептерді) шешуді елеулі түрде жеңілдетеді, өйткені орындаушыдан алгоритмді құрушыға қарағанда әлдеқайда аз білім талап етіледі;
  4. алгоритм нақтылы орындаушыға есептеліп құрылады;
  5. алгоритмді орындау мәселенің мәнісімен байланысты пайымдауларды талап етпейді және формальды түрде жүзеге асырылады.

 

ІV Жаңа сабақты бекіту

  1. Ойлаған санды табу алгоритмі.
  2. Жай сандарды «електеу» алгоритмі

 

V Сабақты қорытындылау

VI  Үйге тапсырма: 1.1-тақырып. 1-5,7 жаттығулар