Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу
Тақырыбы: Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу
Мақсаты: Pascal программалау тіліндегі қарапайым программа туралы ұғымды орындаушы-компьютер үшін алгоритмдерді жазу құралы ретінде енгізу; өрнектердің Pascal-да жазылу ережелері жайлы мағлұматтар беру
а) білімділік;
Оқушылар алгоритмдік тіл мен Pascal программалау тілі арасындағы негізгі айырмашылықтарды, программаның жалпы түрін және Pascal-да арифметикалық өрнектердің жазылу ережелерін білуі тиіс.
ә) тәрбиелік;
Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;
б) дамытушылық;
Pascal программалау тілінде жұмыс жасау жолдарын меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Сабақты қорытындылау
VI Үйге тапсырма
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ Үй тапсырмасы:
- Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
- Қызметші сөздер дегеніміз не?
- Меншіктек командасы дегеніміз не? Меншіктеу белгісі қалай жазылады?
ІІІ Жаңа сабақ
- Pascal тілінің алфавиті. Латын әріптермен берілген.
- Pascal программалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символдары
Pascal программалау тілінде жазылған программа program, сөзінен басталады және осы тілдің ретпен жазылған операторларының тізбегінен тұрады. Операторлар нүктелі үтірмен «;» аяқталады және олар қызметші begin (басы), және end (соңы) сөзімен аяқталады.
ІV Жаңа сабақты бекіту
Жаттығулар орындау
а) 7*5+23+13/2; Жауабы: 7*5+2*2*2+13/2
б) 3,27-0,712/4,03+2,33 Жауабы: (3,27-0,71*0,71)(4,03+2,3*2,3*2,3)
в) 2,15х+2/3а Жауабы: 2,15*х+2/3*а
г) а0+а1х+а2х2 Жауабы: а0+а1*х+а2*х*х
д) а/b2+1+ab/a2+1 Жауабы: а/(b*b+1)+(a*b)/(a*a+1)
- e) 2ах2-3b/a2+5b Жауабы: (2*а*х*х-3*b)/(a*a+5*b)
V Сабақты қорытындылау
Арифметикалық өрнектерді Pascal тіліне аудару ережелерін тұжырымдау және жазу:
-айнымалылардың аттарын латын алфавитінің әріптерімен жазу;
-арифметикалық операциялар белгілерінің бәрін көрсету;
-бөлшек өрнектер бір жолға жазылуы тиіс, ал алымы мен бөлімі дөңгелек жақшаларға алынуы керек
Үйге тапсырма: Оқулықтан 1.4 тақырып