Программаларды компьютерде орындау

Тақырыбы: Программаларды компьютерде орындау

Мақсаты:     Pascal программасында жұмыс істеуді игеру. Компьютерде өрнектерді жазғанда және есептегенде стандарт функцияларды қалай пайдалану керек екенін көрсету. Pascal тіліндегі программа туралы түсініктерді кеңейту. Сызықты программаларды құру және орындау дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру

а) білімділік;

Оқушылар Pascal программасы терезелерінің құрамы мен арналу міндеттерін, негізгі меню позицияларының арналу міндеттерін, программа мәтіндерін редакциялау үшін негізгі пернелерді Pascal тілінде стандарт функцияларды кескіндеуді білуі тиіс.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программасында жұмыс істеу, программаларды жазу жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Pascal тілінің алфавиті.
  2. Pascal программалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символдары

 

ІІІ Жаңа сабақ

Программаны орындау процесі екі бөліктен тұрады:

  1. программаның мәтінін машинаның жадына Turbo Pascal мәтіндік редакторы арқылы енгізу;
  2. программаны орындау үшін іске қосу.

File-New командасын орындау арқылы жаңа бетті ашып аламыз.

Бас менюдің позициялары:

Fileб Edit, Search, Run, Compile, Debug, Tools, Options, Windows, Help

Программаны іске қосу немесе басынан бастап қайта жүргізу үшін F10-Run-Run командасын орындаймыз немесе Ctrl+F9 пернелер комбинациясын орындаймыз.

ІV Жаңа сабақты бекіту

  1. Нәтижені пішімдеп шығаруды пайдаланып, компьютерде келесі өрнектердің мәндерін есептеу керек:

а) √15,2-сos25o /sin2+tg3

begin

writeln((sqrt(15.2)-cos(25*pi/180)))/(sin(2)+(sin(3)/cos(3))):8:5);

end.

Жауабы: 3.90271

V Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма: 1.5 тақырып. 3,4,5 есептер.