IF…Then құрылымы
Тақырыбы: IF…Then құрылымы.
Мақсаты: Тармақталу командасы түсінігін, команданың жазылу түрін білу керек
а) білімділік;
Оқушыларға тармақталу командасының мәнін, комнаданың жазылу түрін үйрету
ә) тәрбиелік;
логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту
б) дамытушылық;
Visual Basic бағдарламасында жұмыс жасау
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Жаңа сабақты бекіту
V Сабақты қорытындылау
VI Үйге тапсырма
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ Үй тапсырмасы
- DriveListBox, DirListBox, FileListBox базалық элементерінің қызметі
- Қасиеті, оқиғасы
ІІІ Жаңа сабақ
If құрылымы операторлар тобы белгілі бір шарттарды сақтаған кезде орындалатын жағдайда қолданылады.
Басқару If операторларының екі түрі болады:
If…Then операторы белгілі бір әрекеттің бірнеше шарттарға тәуелді болған кезінде қолданылады.
If…Then…Else операторы шартқа байланысты әр түрлі әрекеттердің орындалуы барысында орындалады. Блоктың синтаксисі:
If шарт Then
Операторлар 1
[Else If шарт Then операторлар 2]
Else
Операторлар 3
End if
Басқару құрылымында шешім қабылдауға негіз болатын шартты өрнектер болып табылады, сондықтан алдын ала осы өрнектер және олармен жұмыс жасау туралы кішкене айтып кету керек.
Шартты өрнектер-бұл екі мәннің True (ақиқат) немесе False (жалған) бірін ғана қайтаратын өрнек. Шартты өрнектерде салыстыру операторлары қолданылады.
IV Жаңа сабақты бекіту
- IF…Then құрылымы
- Шартты өрнектер дегеніміз не? Шартты өрнектер үшін логикалық математика әрекеттерін айтыңыз.
V Сабақты қорытындылау
VI Үйге тапсырма: 2.6 тақырып.