ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютердің ішкі құрылғылаы. Компьютердің сыртқы құрылғылары. Ақпараттарды енгізу және шығау құрылғылары. Компьютердің сыртқы жады

Тақырыбы:  ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютердің ішкі құрылғылаы. Компьютердің сыртқы құрылғылары. Ақпараттарды енгізу және шығау құрылғылары. Компьютердің сыртқы жады

Мақсаты:     Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларменжәне олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру. Енгізу-шығару құрылғыларына жалпы шолу. ДК-нің негізгі шығару құрылғысы-монитормен таныстыру.

а) білімділік;

Оқушыларға аппараттық құрылғылардың негізгі жиынына не кіретінін, компьютердің құрылғыларының міндетін, бағдарламалық жабдықтаманың не үшін керек екенін, ДК көмегімен жасалатын жұмыстарды үйрету

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

ДК. Компьютердің құрылғылары

Сабақтың көрнекілігі: ЖБ түрлері плакат. Сыртқы құрылғылар

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. ЕТ-ның буындарын атаңыз.
  2. ЭЕМ-нің рөлі

ІІІ Жаңа сабақ

Жоспар

  1. Компьютердің құрылымы
  2. ЖБ.Процессор, жедел жад
  3. Сыртқы құылғылар. Енгізу-шығару құрылғылары.

Компьютердің негізгі жинағының басты элементі-ЖБ. ЖБ-компьютердің негізгі топтары орналасқан тік төртбұышты қорапша, онда: микропроцессор мен жедел жады т.б. бар аналық тақша, адаптерлер , қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

Монитор-мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған, теледидарға ұқсас құрылғы. Пернетақта-ақпараттар мен ДК-ні басқару командаларын енгізу қызметін атқарады.

Енгізу құрылғыларына: пернетақта, манипулято, микрофон, модем жатады.

Шығару құрылғылары: монитор, құлаққалқа, принтер, модем, колонка.

ЖБ-тың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп атайды. Сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы деп атайды.

Ішкі құрылғыларына:

Аналық тақша-ДК-нің негізгі тақшасы

Оған

Жедел жад (ЖЖҚ)-компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

Процессор-көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

ТЖҚ-деректерді ұзақ уақыт сақтайтын құрылғы.

Микропроцессорлық комплект (чипсет)-компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар.

Шмналар-компьютердің ішкі құрылғыларының арсында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

ДК сыртқы құрылғылары оның интерфейстеріне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған.

Сыртқы жад-бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад. Компьютер жады ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы жадқа магнитті таспалар, магнитті дискілер, лазерлік дискілер. Магнитті дискілер қатқыл және иілгіш болып бөлінеді.

ІV Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма 2.2.3.Құрылғылардың ЖБ орналасу сәйкестігін белгіле.

2.2.11. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр.

V  Сабақты қорытындылау

  1. Ең кең тараған процессордың түрі?
  2. Неге экранның алдында ұзақ отыруға болмайды?

VI Үйге тапсырма: 2.2. тақырып.