Редактордың қосымша мүмкіндіктерін пайдалану

Тақырыбы: Практикалық жұмыс№14 «Редактордың қосымша мүмкіндіктерін пайдалану»

Мақсаты:    Редактордың қосымша мүмкіндіктерін пайдалану

а) білімділік;

Оқушыларға Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктерін  үйрету.

ә) тәрбиелік;

Мәтінді ұқыпты жаза білуге тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін қолдана білуге

Сабақтың көрнекілігі: Word Pad

Сабақтың әдісі:  Практикалық сабақ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

ІІІ Жаңа сабақты бекіту

ІV Сабақты қорытындылау

V Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Жаңа сабақ

Мақсаты: Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері: мәтін үзінділерімен жұмыс жасау

тәсілдерін меңгерту

176 беттегі 1-тапсырманы орындау.

  1. Мәтін қандай түрде көрсетілсе, сондай түрде тер

Интернет дегеніміз не?

Айталық, бөлмеде көп өрмекші бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық, өрмекшілер өрмек арқылы еш қиындықсыз бөлменің кез келген нүктесіне бара алады. Бүкіл Жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы-Интернетті де осылай сипаттауға болады. Телефон арқылы үйде отырып Жер шарының кез келген қаласындағы телефонмен сөйлескен сияқты, интернет арқылы да планетаның кез келген нүктесіндегі компьютермен және оны пайдаланушылармен байланыс жасауға болады.

Интернетті ақпараттық аса кеңарна деп атайды.

Желілер бір-бірімен Интернетті жасаушылар дайындаған бірыңғай қарым-қатынас жасай алады. Бір-бірімен байланысқан қанша компьютерлік желі бар? Жуық есеппен алғанда олардың саны 30 000-нан артық.

IІІ Жаңа сабақты бекіту

  1. Күн мен уақытты кірістіру
  2. Мәтінді іздеу, мәтінді ауыстыру

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу