Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың өтілу әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, СТО.
Сабақ жоспары:
І. Қызығушылықты ояту.
- «Иммундық жүйе мүшелері» топтастыру.
- «Жылдам және дұрыс» сұрақ-жауап.
ІІ. Мағынаны тану.
- Жаңа сабақ схемасы.
- «Түсті шаршылар» топтық жұмысы.
- Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ. Ой толғаныс.
- Сұрақтар.
- Суреттермен жұмыс.
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
- Топтастыру.
Алдымен топтық жұмыс ретінде оқушылар қағазда орындайды, соңынан тақтаға шығып қателерін тексереді.
- «Жылдам және дұрыс»
1 топ сұрақтары.
- ішкі ортаға не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
- қанның мөлшері қанша: 4,5-5 л
- қан пластинкасы қалай аталады: тромбоцит
- гемоглобин не: қанның қызыл пигменті
- эритроциттің диаметрі: 7,5 мкм
- плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: 3
- оксигемоглабин деген не: оттекті гемоглобин
- фагозитоз қандай процесс: бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту
- лейкоцит қызметін ашқан ғалым: Мечников
- протромбин не: фибриногеннің фибринге айналуы
- лимфа латынша: таза су, ылғал
- ұлпа сұйықтығы мөлшері: 14-20л
- лимфоциттер не: лимфадағы лейкоцит
- қан сарысуы деген не: қан ұйығының сұйықтығы
- кемік май қайда түзіледі: қабырға, омыртқа, сүйек ұштарында
- ЖИТС жіктелуі:
- зиянды микробтардан шығатын улы зат: қарсыген
18.иммунитет деген не: ағзаның бөгде затқа қарсы тұру қабілеті
- донор: қан беруші
- қан топтары: 1,2,3,4 топ
2 топ:
- АИВ: адам иммунитет тапшылығы вирусы
- қанның түссіз жасушалары: лейкоцит
- қанды қабылдайтын адам: реципиент
- егу арқылы қабылданатын иммунитет: жасанды
- қан ұйымайтын ауру: гемофилия
- қан ұю ұзақтығы: 4-5 мин
- қанның қызыл пигемнті: гемоглобин
- қан ұюына қатысатын жасуша: тромбоцит
- бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: фагоцитоз
- тұқымқуалайтын иммунитет: табиғи
- газды тасымалдайтын қан жасушасы: эритроцит
- фагоцитозды ашқан ғалым: Мечников
- қан жасушаларының пайыздық мөлшері: 45
- қан құрамы: қан жасушасы, қан плазмасы
- тромбоцит: қан пластинкасы
- 100 мл қанда гемоглобин мөлшері: 15г
- қанды қанша уақыт сақтайды: 30 күн
- қан ұюына қандай элемент қатысады: кальций тұзы
- лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі: лимфоцит
- лимфаның тәулікте түзілуі: 1-3 л
3 топ:
- адам лимфа түйіндерінің саны: 460
- қарсыдене деген не: қарсыгенге қарсы зат
- қан глюкозасы қызметі: жасушаның энергия көзі
- ядросыз қан жасушасы: эритроцит
- плазма нәруызы қанша топ: 3
- тромбоцит қызметі: қан ұю
- рентген сәулесінен лимфоциттер: жойылады
- плазма нәруыздарын ата: альбумин глобулин фибриноген
- тромбоциттің тіршілік ұзақтығы: 7-10 күн
- лимфа түйіндерінің түсі: қызғылт-сұр
- иммунитет қаншаға бөлінеді: 2
- реципиент: қан қабылдаушы
- резус-фактор қанда болмаса: резус фактор теріс
- ЖИТС қоздырушысмы: АИВ
- қан жасушасын түзетін, уақытша сақтайтын мүше: көкбауыр
- лимфоциттер қызметіне қарай қаншаға бөлінеді: 2-Т,В
- құрамында нәуызы мол сұйықтық: қан
- лимфадағы су мөлшері: 95
- табиғи иммунитет: ағзаның өзінде түзіледі
- лейкоциттің қызметі: фагоцитоз
4 топ:
- ағзаның қорғану реакциясы: иммунитет
- лейкоцит тіршілігі: 2-5 тәулік
- қан плазмасының мөлшері: 55
- мөлдір сұйықтық: лимфа
- Гемофилия қандай ауру: қан ұйымауы
- ішкі ортаға не жатады: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы
- эритроциттің тіршілік ұзақтығы: 120 күн
- лимфа диаметрі: 5-6.5 мкм
- кемік май түрлері: 1. түтікті 2. жалпақ, қысқа сүйектер
- 1 қантоп реципиенті: барлық топтар
11.гемоглобин қай қан жасушасында болады: эритроцит
- иммунитет латынша: құтылу, босау
- көкбауыр қызметі: қан жасушасын түзіп, сақтау
- ұлпа сұйықтығы түсі: сарғылт
- лимфада болатын лейкоцит: лимфацит
- айырша без қызметі: иммунитетті жоғарылататын тимозин гормоны
- қан қызметі: мүшелердегі жасушаға оттегі, қор зат тасымалы
- резус*фактор қанда болса: резус-фактор оң
- қан плазмасының басқаша атауы: қан сарысуы
- тромб деген не: ұйыған қан
Сұрақ-жауапты қорытындылау.
ІІ. Мағынаны тану.
- деңгейлік тапсырмалар:
«-» деңгейлі тапсырма «+» деңгейлі тапсырма
Жауабы: 1. қан құрамы: қан плазмасы, қан жасушалары
« » деңгейлі тапсырма
Жауабы:
1-қолқа доғасы.
2-жарты ай тәрізді қақпақшалар
3-сол жақ жұрекше
4-сол жақ қарынша
5-жүректің емізік тәрізді бұлшықеті
6-қалың бұлшықет қабаты
7-оң жақ қарынша
8-жақтаулы қақпақшалар
9-төменгі қуысты вена тамыры
10-оң жақ жүрекше
11-жоғары қуысты вена тамыры
Қорытындылау. Бағалау.
Үй тапсырмасы: 33, 34, 35 — оқу.